Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет146/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   160
ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ
297-бап. Ішкі нарықты қорғау шараларын енгізу туралы
жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерден шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты ішкі нарықты қорғау шаралары арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары түрінде енгізілуі мүмкін.
Үшінші елдер деп Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестіктері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына енгізілген аумақтар түсініледі.
2. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу және қолдану, қайта қарау немесе олардың күшін жою не тиісті шараны қолданбау туралы шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайды.
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруді жүргізу «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
298-бап. Шаралардың түрлері
1. Импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара арнайы қорғау шарасы болып табылады.
2. Демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы демпингке қарсы шара болып табылады.
3. Өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешiмi бойынша қолданылатын, мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының әсер етуін бейтараптандыру жөніндегі шара өтемақы шарасы болып табылады.
299-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет