Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың



бет27/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   160
қозғайтын халықаралық шарттар жасасудың
ерекшеліктерi
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеу мен жасасу кезінде осы Кодекстің 65 – 68-баптарында көзделген тәртіп қолданылады.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
70-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мынадай белгілерге сәйкес келетін, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны болып табылады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес қатынастарын құру;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді мерзімі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай үштен отыз жылға дейін);
3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру.
71-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері
Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері болып табылады.
72-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері
Жобалануы, салынуы, жасалуы, реконструкциялануы, жаңғыртылуы және пайдаланылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік, мүліктік кешендер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері болып табылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілеріне жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында ендірілуге жататын инновациялар да жатады.
73-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет