қатынастары саласындағы әлеуметтік жауапкершілігі 1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарын қорғау негізінде құрылады және әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек жағдайларын регламенттеуде кәсіпкерлік субъектісі мен оның жұмыскерлері арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталуға тиіс.
2. Жұмыс орындарын сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау нормаларын сақтау, сондай-ақ ішкі саясатты бекіту кәсіпкерліктің жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласындағы негізгі бағыттары болып табылады.
3. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар саясатын іске асыруға қатысады.
77-бап. Кәсіпкерліктің экология саласындағы әлеуметтік жауапкершілігі 1. Кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаға ұқыпты және ұтымды қарым-қатынасты қамтамасыз етуге тиіс.
2. Кәсіпкерліктің экология саласындағы әлеуметтік жауапкершілігі мынадай міндеттерді:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруды және көшелерді, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындарды абаттандыруды;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі саясатты бекітуді;
3) қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өзге де мәселелерді шешуді ерікті түрде орындау арқылы іске асырылады.
78-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылықты жүзеге