Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ



Pdf көрінісі
бет213/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
   24-тарау. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
 
   1-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет
 
      242-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет ұғымы және оның
 
               мазмұны
 
      1. Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және экономиканың басым секторларының дамуын 
ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктің қамтамасыз етiлуiн 
ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға не отандық өңделген 
тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және (немесе) сыртқы нарықтарға 
ілгерілетуге байланысты жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі индустриялық-инновациялық 
қызмет болып табылады.
 
       Экономиканың басым секторлары деп мемлекеттiң экономикалық даму серпiнi мен 
сапасына ықпал етуге қабiлеттi ұлттық экономиканың секторлары түсініледі. 
 
      2. Технологиялар трансфертiне, жаңа немесе жетiлдiрiлген, жұмыс істеп тұрған 
өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жасауға 
бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешенi 
индустриялық-инновациялық жоба болып табылады.
 
      Қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімді (тауарды немесе 
көрсетілетін қызметті) немесе процесті, іскерлік практикада, жұмыс орындарын немесе 
сыртқы байланыстарды ұйымдастыруда маркетингтің жаңа әдісін немесе жаңа ұйымдастыру 
әдісін тұтынуға енгізу инновация болып табылады.
 
      Пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін 
қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс 
және (немесе) жабдықтар кешені технология деп түсініледі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет