Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ



Pdf көрінісі
бет243/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
   25-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
 
   1-параграф. Инвестициялардың құқықтық режімі
 
      273-бап. Инвестициялық қатынастар 
 
      1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттеу және 
инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау, Қазақстан 
Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға 
кепілдік беру, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын айқындау, инвесторлардың 
қатысуымен болатын дауларды шешу тәртібі осы Кодексте жүзеге асырылады.
 
      2. Осы Кодекспен:
 
       мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға; 
 


       коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе 
дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастар реттелмейдi. 
 
       3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын және Қазақстан Республикасының 
өзге заңдарының қолданылу аясына жататын қатынастарға осы тараудың ережелері осындай 
заңдарға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. 
 
      4. Инвестордың жасалған инвестициялық келiсiмшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін 
тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту 
туралы заңнамасымен реттеледi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет