Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау



Pdf көрінісі
бет278/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
312-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау
 
               жөніндегі уәкілді лауазымға тағайындау және
 
               лауазымынан босату 
 
      1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына 
тағайындалатын адам мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
 
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын иеленуге;
 
      2) жоғары білімі болуға;
 
      3) кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында кемінде бес жыл 
жұмыс өтілі болуға тиіс.
 


      2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан 
Республикасы Президентінің өкімімен төрт жыл мерзімге лауазымға тағайындалады.
 
      3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан 
Республикасы Президентінің шешімі бойынша атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын мынадай 
негіздер бойынша босатылуы мүмкін:
 
      1) өз қалауы;
 
      2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі 
келтіретін денсаулық жағдайы;
 
      3) осы Кодексте белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;
 
      4) лауазымдық өкілеттіктерін бұзуы, атқаратын лауазымда болуымен сыйыспайтын теріс 
қылықтар жасауы;
 
      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.
 
      4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері 
мынадай:
 
      1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қазақстан 
Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
 
      2) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді әрекетке 
қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы 
мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
 
      3) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қатысты соттың 
айыптау үкімі заңды күшіне енген;
 
      4) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қайтыс болған 
немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда 
тоқтатылады.
 
      5. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын 
қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындала алмайды.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет