Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Құқықтарды партисипативтік рәсім тәртібімен



Pdf көрінісі
бет274/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
306-бап. Құқықтарды партисипативтік рәсім тәртібімен
 
               қорғау
 
      1. Кәсіпкерлік субъектілері партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы 
келісім жасасуға құқылы.
 
      2. Партисипативтік рәсім екі тарап адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесумен 
тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
 
      3. Партисипативтік рәсімді өткізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан 
Республикасының Азаматтық процестік кодексімен реттеледі.
 
   28-тарау. ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ.
 
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОМБУДСМЕН
 
   1-параграф. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің 
құқықтық мәртебесі
 
      307-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау
 
               жөніндегі уәкіл ұғымы 
 
      1. Мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды 
мүдделеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты 
кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 
өкімімен лауазымға тағайындалатын адам Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау 
жөніндегі уәкіл болып табылады.
 
      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан 
Республикасының Президентіне есеп береді.
 
       2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге осы Кодексте 
көзделмеген функцияларды жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан кәсіпкерлерінің 
құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол 
берілмейді. 
 
      3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін 
жүзеге асыру кезеңінде саяси партиялардағы және өзге де қоғамдық бірлестіктердегі өзінің 
мүшелігін тоқтата тұрады.
 
      4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл саяси қызметпен 
айналысуға құқылы емес.
 


      5. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметке 
кіріскеннен кейін белгіленген тәртіппен бір ай ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі 
ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі 
коммерциялық ұйымдардың үлестерін, акцияларын (акциясын), жарғылық капиталға қатысу 
үлестерін және пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті өз лауазымын атқару 
уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын 
қорғау жөніндегі уәкіл өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай 
қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады, сондай-ақ сенімгерлік 
басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар және тұрғын үйді мүліктік жалға 
беруге құқылы.
 
      6. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл оқытушылық, ғылыми 
немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды 
атқара алмайды.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет