301-бап. Қорғаудың соттағы нысаны
Кәсіпкерлік субъектілері бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе
заңды мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде
белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
302-бап. Тараптары кәсіпкерлік субъектілері болып
табылатын дауларды сотқа дейін реттеу
1. Құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кәсіпкерлік субъектілері осы құқықтарды
бұзушымен дауды тікелей реттеу мақсатында оған Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген тәртiппен жазбаша кінәрат қоюын білдіреді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дауды реттеудің
сотқа дейінгі тәртібін сақтау міндетті емес болғанда, кәсіпкерлік субъектісі өзінің
бұзылған құқығын қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы.
3. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгiленген тәртiппен сотқа
жүгiнуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |