Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы



Pdf көрінісі
бет268/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      299-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
 
               шараларын қолдану қағидаттары
 
      Арнайы қорғау шарасы, егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық 
экономикалық одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты мүше мемлекеттердің 
экономика саласына елеулі нұқсан келтіретіндей немесе осындай нұқсан келтіру қатерін 
төндіретіндей өскен мөлшерлерде (мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес 
тауарды өндірудің жалпы көлеміне абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштерде) және 
жағдайларда жүзеге асырылып жатқаны анықталған болса, тауарға қолданылуы мүмкін.
 
      Демпингке қарсы шара, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-
тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай 
тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық нұқсан 
келтіретіндігі, осындай нұқсанды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің 
экономика саласын құруды едәуір баяулататыны анықталған болса, демпингтік импорттың 
нысанасы болып табылатын тауарға қолданылады.
 
      Өтемақы шарасы өндіру, егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген тергеп-
тексеру нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай 
тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық нұқсан келтіретіні
осындай нұқсанды келтіру қатерін төндіретіні немесе мүше мемлекеттердің экономика 
саласын құруды едәуір баяулататыны анықталған болса, экспорттау немесе тасымалдау 
кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған импортталатын тауарға 
қолданылуы мүмкін.
 
      Мүше мемлекеттер деп Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және Еуразиялық 
экономикалық одақ туралы шарттың Тараптары болып табылатын мемлекеттер түсініледі.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет