Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау



Pdf көрінісі
бет275/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
308-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау
 
               жөніндегі уәкіл қызметінің негіздері
 
      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі:
 
      1) заңдылыққа;
 
      2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығына;
 
      3) объективтілікке;
 
       4) жариялылыққа негізделеді. 
 
      
309-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау
 
               жөніндегі уәкілдің функциялары 
 
      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәсіпкерлік 
субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және 
қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау мақсатында:
 
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, 
сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің 
құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қамтамасыз етеді, қорғайды;
 
      2) кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды;
 
      3) мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі 
ұсыныстар, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тоқтата тұру жөніндегі 
ұсынымдар енгізеді;
 
      4) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін әрекеттерімен 
(әрекетсіздігімен) бұзған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған 
құқықтарды қалпына келтіру үшін шараларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің 
құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тартуға 
қатысты ұсынымдар жібереді;
 
      5) мемлекеттік органдардың пікірімен келіспеген жағдайда кәсіпкерлердің бұзылған 
құқықтарын одан әрі қалпына келтіру мақсатында прокуратура органдарына өтінішхат 
жібереді;
 
      6) кәсіпкерлер құқықтарының жүйелі түрде бұзылу фактілері туындаған және оларды 
мемлекеттік органдар деңгейінде шешу мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы 
Президентінің қарауына өтініш енгізеді;
 
      7) мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны 
құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды адамдардан) 
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттарды 
және материалдарды сұратады;
 
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен 
(арызбен) жүгінеді;
 
      9) кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына 
келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.
 


      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет