1. Лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға
құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет
үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық
жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын
мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып
табылады.
2. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке
және заңды тұлғалар түсініледі.
3. Жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу
не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде
концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi құру немесе
ұлғайту жөнiндегi қызметi инвестициялық қызмет деп танылады.
4. Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің кемінде
екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға
түсініледі.