Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері



Pdf көрінісі
бет252/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

283-бап. Инвестициялық преференциялар ұғымы және түрлері
 
      1. Инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар 
инвестициялық преференциялар болып табылады.
 
       Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында 
белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған 
заңды тұлға. 
 
      2. Инвестициялық жоба (оның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық 
преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:
 
      1) кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;
 
      2) мемлекеттiк заттай гранттар.
 
      3. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың (бұдан әрi – 
инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар) мынадай түрлерi берiледi:
 
      1) салықтар бойынша преференциялар;
 
      2) инвестициялық субсидия.
 
      4. Инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық жөніндегі преференциялар (бұдан 
әрі – инвестициялық стратегиялық жобаға арналған инвестициялық преференциялар) беріледі.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет