Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде
концессиялық жобаны іске асыру кезінде құрылған, кеңейтілген және жаңартылған
өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен
жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.
Инвестициялық басым жоба деп тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен
қызметтiң белгiлi бiр басым түрлерi бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға iске асыратын
және республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар
беруге өтiнiм берiлген күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi
миллион еселенген мөлшерiнде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтiн инвестициялық жоба
түсініледі.
Инвестициялық стратегиялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын
тiзбеге кіретiн және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал
етуге қабiлеттi инвестициялық жобаны білдіреді.