Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған



Pdf көрінісі
бет261/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

292-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған
 
               өтiнiмге қойылатын талаптар
 
      1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм:
 
      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
 
       2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) 
куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі; 
 
      3) инвестициялық жобаның инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейтiн 
талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
 
      4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж 


жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) 
материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен 
(ол болған кезде) куәландырылған көшiрмелерi;
 
      5) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк 
заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын 
құжаттар;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      6) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 Кодексімен.
 
      6) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы 
жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны 
бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамалары болған кезде инвестициялар жөніндегі 
уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тiркеледi.
 
      2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық 
субсидия беру көзделген жағдайда, инвестициялық басым жобаны іске асыру кезеңі ішінде 
инвестор жобалауалды және (немесе) жобалау құжаттамасының заңды тұлға басшысының 
қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған сараптамалық қорытындыны 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет