және (немесе) материалдың импортын қосылған құн салығынан босату;
3) инвестициялық стратегиялық жобалар үшін:
инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен есептелген
корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің
қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған
оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен
мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы
күшін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: