Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



Pdf көрінісі
бет267/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      298-бап. Шаралардың түрлері 
 
      1. Импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала 
арнайы бажды енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 
қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауардың өскен импортын 
шектеу жөніндегі шара арнайы қорғау шарасы болып табылады.
 
      2. Демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу 
немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Еуразиялық 
экономикалық комиссияның шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл 
шарасы демпингке қарсы шара болып табылады.
 
      3. Өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы 
үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді 
мақұлдау арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешiмi бойынша қолданылатын, мүше 
мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының әсер 
етуін бейтараптандыру жөніндегі шара өтемақы шарасы болып табылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет