Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары



Pdf көрінісі
бет264/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

295-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
 
      1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың 
қолданылу мерзiмi өткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай 
мерзiм өткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
 
      2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
 
      1) тараптардың келiсуi бойынша;
 


      2) бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
 
      3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не 
тиісінше орындамаған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторға 
инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске 
асырылу мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
 
      Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған 
жағдайда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден 
бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен 
мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
 
       Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық 
келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке 
төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді. 
 
      4. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының 
бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын 
тоқтатылған кезде аталған заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген 
инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар 
сомаларын төлейдi.
 
      5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсуi бойынша мерзiмiнен бұрын 
тоқтатылған кезде инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды 
тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар 
нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
 
      6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық 
келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай 
грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес 
оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
 
      7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды инвестициялық келiсiмшарт жасасқан 
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның 
инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмі қабылданғаннан кейiн 
күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет