1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі
уәкiлеттi органға қарауға берiледi, ол осы Кодекстің 285 және 286-баптарында белгiленген
талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдайды және өтiнiм
тiркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап
жiбередi.
2. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және
қарау тәртiбiн инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.