1. Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді
көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт инвестициялық келiсiмшарт
болып табылады.
2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру
туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде үлгілiк келiсiмшарттың
ережелерiн ескере отырып, инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды.
Үлгілiк келiсiмшарт деп Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және
инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгiлік келiсiмшарт
түсініледі.
3. Инвестициялық келiсiмшартты инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган қол қойған
күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тiркейдi және тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Инвестициялық келісімшартты инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тіркеген күн
оның жасалған күні болып табылады.
4. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың
қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi
инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталуынан кемiнде тоғыз ай бұрын
аяқталуға тиiс.