1. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының
заңдарында және (немесе) шартта көзделген мынадай нысандарда:
1) төрелікте;
2) медиация қолдану арқылы;
3) партисипативтік рәсім тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік
субъектілерінің құқықтарын қорғаудың басқа да соттан тыс нысандары белгіленуі мүмкін.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын
қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын
келіспеушіліктерді реттеу мақсатында кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан
кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге, омбудсменге жүгінуге құқылы.