5. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметке
кіріскеннен кейін белгіленген тәртіппен бір ай ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі
ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі
коммерциялық ұйымдардың үлестерін, акцияларын (акциясын), жарғылық капиталға қатысу
үлестерін және пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті өз лауазымын атқару
уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын
қорғау жөніндегі уәкіл өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай
қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады, сондай-ақ сенімгерлік
басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар және тұрғын үйді мүліктік жалға
беруге құқылы.
6. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл оқытушылық, ғылыми
немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды
атқара алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: