Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген шағымдар
міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Шағымдарды қабылдаудан бас
тартуға тыйым салынады.
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) кәсіпкерлік субъектісі
берген шағымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және
мерзімдерде қарауға міндетті.