1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органдардан
және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпаратты
сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды
адамдарының кідіріссіз қабылдауына;
3) инвесторлардың өтініштері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және
ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын тыңдауға;
4) инвестициялық омбудсменге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де
құқықтары бар.
2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз
ету жөніндегі шараларды қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде
лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың, өзге де
ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне қатысты инвесторлардың
өтініштерін қарауға, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
3) өтініштерді қарау кезінде объективті және бейтарап болуға;
4) өзін қорғау үшін жүгінген инвестордың құқықтарын жүзеге асыруға кедергі
келтіретін қандай да бір әрекеттерді жасамауға міндетті.