2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан
Республикасы Президентінің өкімімен төрт жыл мерзімге лауазымға тағайындалады.
3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан
Республикасы Президентінің шешімі бойынша атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын
мынадай
негіздер бойынша босатылуы мүмкін:
1) өз қалауы;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі
келтіретін
денсаулық жағдайы;
3) осы Кодексте белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;
4) лауазымдық өкілеттіктерін бұзуы, атқаратын лауазымда болуымен сыйыспайтын теріс
қылықтар жасауы;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.
4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері
мынадай:
1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қазақстан
Республикасының
азаматтығы тоқтатылған;
2) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді әрекетке
қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не
оған медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қатысты соттың
айыптау үкімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қайтыс болған
немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда
тоқтатылады.
5. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын
қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындала алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: