Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық омбудсменнің функциялары



Pdf көрінісі
бет280/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      315-бап. Инвестициялық омбудсменнің функциялары
 
      1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау 
мақсатында инвестициялық омбудсмен:
 
      1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында 
туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, 
оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
 
      2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде 
инвесторларға жәрдем көрсетеді;
 
      3) инвестициялық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын 
жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне 
енгізеді.
 
       2. Инвестициялық омбудсменнің ұсынымдары хаттар және инвестициялық омбудсмен 


өткізген кеңестердің хаттамалары түрінде ресімделеді. 
 
      3. Инвестициялық омбудсмен инвесторлардың соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен 
туындайтын мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен 
консультациялар және хаттамалық кездесулер өткізеді.
 
      4. Егер инвесторлардың мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
шешілмейтін жағдайда, инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасын 
жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне 
енгізеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет