1. Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың
шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын
болса, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы
мүмкін.
2. Шағым құзыретiне оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау кiретiн мемлекеттік
органға беріледі. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, лауазымды адамға шағым беру даулы
құқықтарды, бостандықтарды және (немесе) заңды мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге
кедергі келтірмейді.