Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Төрелікте құқықтарды қорғау



Pdf көрінісі
бет272/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      304-бап. Төрелікте құқықтарды қорғау
 
      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтық-
құқықтық қатынастардан туындаған дау төрелік келісім болған кезде Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен төрелікте қаралуы мүмкін.
 
      2. Дауды шешу үшін төреліктер тұрақты жұмыс істейтін төрелік немесе нақты дауды 


шешуге арналған төрелік түрінде құрылуы мүмкін.
 
      3. Тұрақты жұмыс істейтін төреліктерді ұйымдастыру және олардың қызметінің тәртібі 
олардың регламенттерінде және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан 
Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді.
 
      4. Егер нақты дауды шешу үшін құрылатын төрелікті ұйымдастыруға және оның 
қызметінің тәртібіне қойылатын өзге де талаптар Қазақстан Республикасының заңында және 
халықаралық шарттарында белгіленбесе, онда олар тараптардың келісімімен айқындалады.
 
      5. Егер төрелік шешім онда белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, онда ол 
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп 
орындалуға жатады.
 
      
Ескерту. 304-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 
№ 489-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет