Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялық дауларды шешу



Pdf көрінісі
бет265/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      296-бап. Инвестициялық дауларды шешу
 
      1. Инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі 
инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау 
инвестициялық дау болып табылады.
 
      2. Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы не дауларды шешудiң тараптармен бұрын 
келiсілген рәсiмiне сәйкес шешіледі.
 
      3. Инвестициялық дауларды осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес шешу мүмкiн 
болмаған кезде дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен 
заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың 
келiсiмімен айқындалатын төрелiктерде жүргiзiледi.
 
      4. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес шешiледi.
 
      
Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 
№ 489-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет