1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы
Кодекстің 286-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген инвестициялық стратегиялық
жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық
заңнамасы;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік
жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен
мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына
кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.