Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Кедендік баждар салудан босату



Pdf көрінісі
бет256/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      287-бап. Кедендік баждар салудан босату
 
      1. Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын 
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның 
жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың 
импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.
 
       Технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде 
пайдалануға арналған тауарлар түсініледі. 
 
      Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын 
құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиiстi тiзбесiне енгiзiлген 
құрамдас бөлiктер түсініледі.
 
      Шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, жинақтауыш, бөлшек 
немесе бұл шикізаттың және (немесе) материалдың Қазақстан Республикасының аумағында 
өндірісі болмаған жағдайда инвестициялық жобаның технологиялық процесі арқылы дайын өнім 
алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.
 
      2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезiнде кедендік 
баждар салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ 
инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
 
      3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде бес жылға дейiнгi 
мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге салынатын инвестициялардың 
көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым 
қызмет түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды 
тұлғаларына берiледi.
 
      Шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендік баждар салудан 
босату жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтер пайдалану берілген күннен бастап 
бес жыл мерзімге ұсынылады.
 
      Кедендік баждар салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, 
бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тiркелген активтер пайдалануға енгiзілген күннен бастап 
бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
 
      Жұмыс бағдарламасы өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске 
асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндiрiс пайдалануға 
берiлгеннен кейiн жобаның негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерiн айқындайтын, инвестициялық 
келiсiмшартқа қосымшаны білдіреді.
 
       Егер жұмыс бағдарламасында екi және одан көп тiркелген активтердi пайдалануға 
енгiзу көзделетiн жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiн, шикiзатты және 
(немесе) материалдарды әкелуге кеден бажын төлеуден босату мерзiмiн есептеу жұмыс 
бағдарламасы бойынша бiрiншi тiркелген актив пайдалануға енгiзiлген күннен бастап 
жүргiзiледi. 
 
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны 
инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде кеден органына жiбередi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет