281-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты
1. Экономиканы дамыту үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және қазіргі заманғы
технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту
мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны
қорғауға инвестицияларды ынталандыру инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты болып
табылады.
2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып
табылады.