Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган



Pdf көрінісі
бет251/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      282-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган 
 
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi 
орган инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды инвестициялық келісімшарттарды жасасу және 
олардың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырады.
 
      2. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде және өзiне 
жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген 
тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және 
заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар.
 
       3. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган инвесторлар үшiн «бiр терезе» құру 
және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы инвесторлармен өзара iс-қимыл жасайды. 
 
      Инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен 
дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тiкелей 
байланысын шектеудi көздейтiн, инвесторларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi 
ұсынуда инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган тарапынан жәрдемдесудiң 
орталықтандырылған нысаны түсініледі.
 
      4. Инвесторлар үшін «бір терезе» құру және оның жұмыс істеуі үшін инвестициялар 
жөніндегі уәкілетті орган инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне мемлекеттік 
қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауға және олардың нәтижелерін беруге, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы 
электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған арнайы бөлінген орын 
ұйымдастырады.
 
      Бұдан басқа, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторларға немесе олардың 
өкілдеріне қатысты:
 
      1) қазіргі бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қабылдауды 
және консультация беруді;
 
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға және 
ресімдеуге көмек көрсетуді;
 
      3) электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық өтініштерді және басқа да 
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетуді;
 
      4) осы бапта айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу 
кезінде инвесторларды орталық және жергілікті атқарушы органдарда сүйемелдеуді жүзеге 
асырады.
 
      5. Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді және онда:
 
      1) инвестордарды немесе олардың заңды өкілдерін қабылдауды және консультация 
беруді жүзеге асыру;
 
      2) инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге 
өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін беру;
 


      3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар арасындағы 
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
 
      4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвесторды мемлекеттік органда 
сүйемелдеу;
 
      5) инвестор үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингтеу тәртібі 
көзделуге тиіс.
 
      Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты 
мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету 
және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның инвесторды мемлекеттік органдарда 
сүйемелдеуі шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.
 
      6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторлар үшін «бір терезе» 
шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға инвесторлардың өтініштерін қарау 
туралы өтінішхат жасауға және инвесторлардың құжаттарын мемлекеттік органдарға енгізуге 
құқылы.
 
      7. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті 
болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге 
асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган 
айқындайтын тәртіппен өтінішхат береді.
 
       8. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мүдделi заңды тұлғалар тарапынан 
кепiлдік берілген тапсырысты қамтамасыз етуде инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган 
мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвесторларға жәрдем 
көрсетеді. 
 
      9. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның қызметi Қазақстан Республикасының 
Yкiметi бекiтетiн ережемен реттеледi. 
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет