беріледі.
Егер нарық субъектісі өтінішхат берілген кезге қарай қызметін екі жылдан аз уақыт
жүзеге асырған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісі қызметінің жүзеге
асырылуы басталғаннан бергі уақыт үшін беріледі.
8. Егер монополияға қарсы органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Кодекспен
қорғалатын құқықтарын елеулі түрде қозғауы мүмкін болса, олар
экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға құқылы.
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауға қатысуға үшінші
тұлғаларды тарту мәселесін монополияға қарсы орган шешеді,
бұл туралы өтінішхат берген
тұлға хабардар етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: