3.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясында «қолданыстағы құқық» ұғымына жалпы түсінік берілген және ол осы тектес актілерде өте сирек кедеседі. Оның айқын сипатталмауына байланысты «қолданыстағы құақық» ұғымына конституциялық тсініктеме беруге тура келеді. Қазастан Республикасының Конституциялық Кеңесі төмендегенше түсміндіреді: «Қазастан Республикасы Конституциясыны 4-бабының 1-тармағының мән-мазмұны бойынша «қолданыстағы құқық»деп Конституцияның нақты кезеңге күші жойылмаған, ал халықаралықа міндеттемелері бұзылыма ған нормалары және осы бапта аталған басқа да нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Республиканың халықаралық міндеттемелері түсінілуі тиіс. Бұрын қабылданған актілерге өзгерістер мен толықтылулар енгізілген, сондай –ақ жаңа актілер қабылданған жағдайда осы актілердің нормалары қолданыстағы құқықтың құрамына қосылады, ал күші жойылды деп танылғандары – одан алып тасталады. Жаңадана қабылданған нормалар Конституцияның 77-бабының 3- тармағының 5) тармақшасында орнықтырылған заңның кері күші туралы қағиданы сақтай отырып күшіне енеді».
Конституциялық Кеңестің берген түіндірмесі Қазастан Республикасының Конституциясындағы «қолданыстағы құқық» ұғымын мәніне сай бейнеей алмайды. Қазастан Республикасының Конституциясыда: «қолданыстағы құқық Қазастан Республикасы оның (Конституциясы-Ғ.С.) заңдарына сәйкес келетін Конституция нормалары болып табылады» деп жазылған. Осы Конституциялық ұғымс мәнінің тереңдігі мынада, «қолданыстағы құқық» ұғымын тек Конституция нормалары ғана емес, заңдар және басқа да нормативтыік актілер сәйкес келуі тиіс бүкіл Конституция білдіреді. Кейінгі баяндауларда көрінетіндей, Қазастан Республикасының Конституциясы тек құқық нормаларынан ғана емес, сондай-ақ тиісті субъектілер үстем қағидалар ретіндек басшылыққа алуы тиіс құқықтық идеялардан, принциптерден де тұрады.
Осыған орай Конституция тура белгілейді немес оның идеяларынан, қағидаларынан, прнциптері мен нормаларынан тек өзіне ғана тән мынадай санаттар туындайды. Меніңше, мұның қатарына төмендегідей санаттар жатады.
1. Конституциялық кеңістік. Мұндай ұғым арнаулы әдебиеттерде қолданылмайды. Алайда, оны айдаланудың айтарлықтай іс жүзіндегі және заңдық негізі бар. Констьитуция - мемлекеттің негізгі заңы, сондықтан оның барлық аумағында қолданылады. Құрлықтағы, судағы, әуе кеңістігіндегі, жер қойнауындағы аумақтық шекарасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қолдану кеңістігі болып табылды. Қазақстан Республикасы Конституциясының «Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы» туралы қағида, демек, құрылықтағы, атмосферадағы, сулардағы және жер астындағы осы аумақтың конституциялық кеңістік екендігін білдіреді. Осы кеңістікте Қазақстан Республикасы Конституциясы өктемдік етеді.
2. Конституциялық заңдылық. Бүкіл констивтуциялық кеңістікке Конституция пәрменін жүргізу онда конституциялық заңдвлықтың орныққандығын білдіреді. Конституциялық заңдылық Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді мемлекеттің, оның органдарының ұйымдарының, лауазымды адамдардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің орындауынан көрінеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында пар ламент: «Республикасы Конституциялық Кеңесінің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынға жолдауын таңдайды» делінген. Қазақстан республикасының онституциясында конституциялық заңдлықпен бірге «заңдылық» термині қолданылды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында, прокуратураның «заңдылықтың кез – келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданылғандығы» айтылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы конституциялық заңдылықты қамтьамасыз етудің қажетті дңгейінде ұйымдық-ұқытық кепілдігін белгілейді. Конституциялық Кеңес заңдардың, халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін қарайды. Адамдар мен азаматтардың Конституциямен бекітілген құқы мен бостандығына нұқсан келтіретін заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға соттардың құқы жоқ. Прокуратура Конституцияға қайшы келетін заңдарға және басқа құқықтық актілерге шағым түсіруі тиіс. Бұл арада анықтап алатын бір жәйіт бар: Конституцияға қайшы келетін заңдарға шағымыды рокуратура қандай органға түсіруге құқылы. Шамасы, мұндай қағидаға Конституциялық Кеңес түсінік беруі тиіс.
3. Конституциялық тәртіп. Конституциялық заңдылық негізінде конституциялық тәртіп, режим белгіленеді. Оған мемлекеттік органдарды, қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастьыру мен олардың қызмет тәртібі жатады. Сөйтіп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Конституциялық режим қоғамдық бірлестіктер ісіне, мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік ісіне қаңсы араласуына, қоғамдық біорлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол бермеуден көрінеді.
4. Конституциялық бастама. Қазақстан Республикасы Конституциясы оны өзгерту мен толықтыру тәртібін қарастырады. Конституциялық бастама - Конституцияны өгертетін және толықтыратын құқытық идеялардың сипатталуын білдіруші субъектілердің белсенді әрекеті. Оны халыққа не парламентке үндеу жолдау арқылы жүзеге асыра алатын Қазақстан Республикасының Президенті ғана бірден-бір конституциялық бастама субъектісі болы табылады.
5. Конституциялық мәртебе Қазақстан Республикасы Конституциясы халықтың, Президенттің, депутаттрадың, өкілетті органдардың, азаматтардың, судъялардың шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін белгілейді.
6. Конституциялық органдар. Мемлекет күрделі тетіктен тұрады. Тек осы тетікті негізгі құраушылар ғана конституцияда көрсетіліп, бекітіледі. Сөйтіп конституциялық органдарды ажратудың басты негізгі мемлекеттік билікті тармақтарға блу принципі бролып табылады. Конституциялық органдар конституциялық құзцретті иеленеді.
7. Конституциялық іс-жүргізу - Қазақстан Республикасы Конституциясында «конституциялық іс-жүргізу» ұғымы өзінің міндеттерін – импичменттін жүзеге асыруға президент қабілетсіз болған жағдайда оның қызметінен мезгілінен бұрын басталуына қолданылады.
8. Конституциялқ өкілеттік. Республикасы Конституциясы жоғары және жергілікті мемлекттік органдарға белгілі бір өкілеттерді бөледі. Осы өкілеттіктер Конституциялда бекітілетіндіктен, Конституцияның өзінде осылайша аталмасада, олар конституциялық өкілеттер болып табылады.
Конституция Президенттің, парламенттің, парлементтің Мәжілісінің, Сенатының, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Прокуратураның, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдардың конституциялдық өкілеттігін белгілейді.
9. Конституциялық шектеу. Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған шектеу: 1) азаматтарға; 2) шетел ааматтарына; 3) республика азаматтары бірлеситіктеріне; 4) шетел азаматтарының бірлестіктеріне; 5) мемлекеттік органдарға; 6) мемлекеттік длауазымды адамдарға қатысты.
10. Конституциялық жауапкершілік – құқықтық жауапкершіліктің күрделі саяси-құқықтық сипаттағы ерекше түрі, конституциялық құқық бұзушылыққа қарсы в күреседі, убъект үшін мейлінше зардапты жат пиғылдағы конституциялық құқық бұзушылықтан көрінеді.
11. Конситуциялық-құқықтық реттеу объектісі болып табылатын, қоғамдық қатынастардың мазмұнын айқындайтын негіз барлық бастауы Конституцияда көзделген конституциялық принциптер. Конституциялық принциптер Конституциягның және оны дамыту бағытында соның негізінде жарияланатын нормативтік- құқықтық актілердің мазмұнын белгілейді.
12. Конституциялық құрылыс – республика конституциясымен және басқа конституциялық құқықтық актілермен белгіленетін және қорғалатаын саяси, экономикалдық және әлеуметтік қатынастар жүйесі.
13. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандытары. Адам мен азаматтың Конституциямен бекітілген ұқытары мен бостандықтары негізгісі болып табылады және біртұтастғымен сипатталады. Ол құқық пен бостанықты қоғамдқ өмірдің барлық саласына жан-жақты реттеудің базасы ретінде қызмет етеді.
14. Адамның және азаматтың конституциялық міндеттері – Қазақстан азаматтарының, шет ел азаматтарының, республика аумағында азаматтыығы жоқ адамдардың тәртібі Конституциямен көзделген мелекет талабы. Кейбір констивтуциялы міндет тек Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған.
Конституция заң актілеріне қарағада Конституциялық заңды шектійді. Ең бастысы, Конституциялы заңдар Конституция нормаларымен теңестірілмеуі тиіс.
Пысықтау сұрақтары:
1.Конституцияның ұғымы
2.Конституцияның қолданылу
3.Қазақстан Республикасының Конституциясының заңдық күші
Дәріс 3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мақсаты: Конституциялық құқық жүйесінің нормалары ұғымын, түрлер мен ерекшеліктері, Конституицялық құқық институт ұғымы құрлымы,негізгі принциптері туралы білім қалыптастыру
1.КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҮҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТТАР
3.КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
1.Оны: 1) баска құқықтық нормалармен ұксастығы қандай; 2)құқықтың басқа салаларының құқыктық нормаларынан конституциялық құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырған жөн.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлык белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар кабылдайды. Олар қөғамдық қатынастарды ретке келтіретін қүрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты,екі реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру жене оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұскасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бүзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолы-мен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар көп емес. Конституциялық құқық корғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудін айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқыкты жағымды мазмүнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар - азаматтардың саяси, экономикалык, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Қүкық беруші нормаларға Казакстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады. Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар үйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында: "Мақсаты неме се іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, онын тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер қүруға және олардың қызметіне, сондай-ак заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады " делінген.
Міндеттеуші конституциялық нормала адамдардын, қоғамдык бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бір қатар жауап-кершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сактаған жөн.
Конституциялық-құқыктық нормалардың, оларды күкык саласының басқа кұкыктык, нормаларынан ажырататын ерекшеліктер бар.
1. Конституциялық-құқыктық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқыктық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін ныгайтумен, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты катынастарды реттеуді көздейді.
2. Конституциялық-құқыктық нормалардың үлкен зандық күші бар. Басқа құкыктық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция кағидаларына қайшы келетін құкықтық актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялық нормаларды қорғау құқы Конституциялық Кеңеске және Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар өзіндік қырымен ерекшеленеді. Қылмыстық азаматтық, әкімшілік құқыктан айырмашылығы конституциялық құқыктың конституциялық нормаларды жүзеге асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылган іс жүргізуші саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жок деген сөз емес. Конституииялық құқықтық нормалармен рсттелетін коғамдық қатынастар тобының қай-қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Айталық, Парламенттің заңдар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент импичментінің, Парламентке депутаттар сай-лауын өткізу, референдум өткізу тәртібі және басқалары конституциялық, нормалармен белгіленеді.
2.ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТТАР
Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік-қүқықтық институтқа ие. Құқықтық норма — құкықтық әлемнің тіні. Ал құқықтық институт құқықтық жалпылықты, яғни, өздерінің заңдық мазмүнының жакындығы бойынша топтасқан құқықтык нормалар жиынтығын білдірсді. Құқықтық нормалар конституциялық құқық саласын сырттай емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Конституциялық құқықтың конституциялық институттары конституциялық-құқықтық нормалардың ыкпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық құқық саласының дербес құқықтык, нормалар тобын білдіреді. Құқыктық институттың шартты түрдегі дербестігі құқықтык реттеудің тұйықталмаған тетігімен, конституциялық құқықтың басқа да құқықтық институттарымен байланыста және тәуелділікте екендігімен көрінеді және олардың бәрі өзара байланыста конституциялық қатынастарды реттеуді қамтамаыз етеді.
Конституциялық құқықтын құқықтық институттары коғамдық қатынастардың ірі немесе шағын тобын реттей алады. Алайда, бұған қарап, олардың мәнділігін жоғары немесе төмен деп бағалауға боямайды. Әр құқықтық институт өз учаскесіндс құқықтық қатынастарды тиімді реттеуі тиіс. Бұл үшін құқықтық институт реттелетін қатынастардың барлық қырын қамтитын кұкыктык нормалар кешенін толык меңгеруі кажет, Әрине, ол бірақ рет қайталанатын іс емес. Реттеу пәні— қоғамдық қатынас жанды, серпінді құбылыс. Осыған орай, оның жағдайы назардан шығармай, тиісінше құқықтық институтты жетілдіріп отыру керек.
Әр конституциялық-ққұқықтық институт тек қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскесін ғана реттемейді. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар, терминдер, қағидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институтының. мазмұны "азамат", "азаматтық", "азаматтық алу, "азаматтықты жоғалту», "азаматтыктан шығу", "азаматтың кұкы, бостандығы және жауапкершілігі" тағы баска осындай үғымдардан көрінеді.
Конституциялық-құқықтық институттың, кез келгсн басқа құқықтық институттың сияқты, өз құрылымы бар. Бүл құрылымды кұрайтындар әр қилы заңдық мазмұнымен сипаттлады. Мүндай әр қилылық қоғамдык катынастардың тиісті бөлігін реттеуді қамтамасыз етеді. Бүкіл әр қилылығына қарамастан құқықтық институттың нормалары ортақ құқықтык. приниип-термен, идеялармен бірлестірілген. Айталық, қабылдау негіздеріне қарамастан азаматтық институты азаматтардық бірлігі мен тендігі принципімен бірлестіріледі, құқық институты кей кездері жекелеген нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Арнаулы заң қабылданған сол азаматтық институтын-ақ алалық. Бұл азаматгық қатынастарды реттейтін барлык құқықтық, нормалар осы заңдык ішінде деген сөз емес. Азаматтық туралы негіз боларлық нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған.
3.КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Құқықтық принциптер — тәртіптін нақты ережелерін бойына жинақтамаған, бірақ мемлекеттін, оның органдарының азаматтардын, олардың бірлестіктерінің лауазымды адамдардың қызметін ұйымдастырудың белгілі бір бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар. Конституциялық принциптер - Конституцияда бекітілген және конституциялық кұрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын аныктайтын құқықтық нормативтік идеялар. Сондықтан олардың мемлекет үшім, азаматтар үшін айрықша маңызы зор. Конституциялық принциптер қандай болса, конституциялық кұрылыс та сондай немесе керісіпше.
Конституциялық принциптер, түптеп келгенде, Конституция қабылдандар кезеңде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Сырткы факторларды: әлем таныған халықаралық құкық нормаларында назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика Конституциясында Қазақстан халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі атап айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын талдау көрсеткендей, конституциялық принциптерді айтылу нысандарына қарай екі топқа: 1) Конституцияда айкындалған; 2) айкындалмаған конституциялық кағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға республика қызметіне иегіз болатындай принциптер (1-баптың 2-тармағы), мемлекеттік билікті заң шығару, атқару, және соттармақтарына болу принципі (77-бап-тын 3-тармағы) жатады.
Бұл принциптердіңнақ Қазақстан Республикасы Конституциясында көрінуінің себебі бар ма? Бұл сүраққа осы принциптсрдің қолданылу аясы белгілі бір деңгейде түсінік береді. Республика қызметі негіз боларлык, принциптер бүкіл мемлекетке, оның бүкіл тетігіне, түтастай алғанда коғамға, азаматтардың бірлестіктеріне ықпал етуі тиіс. Басқаша айтқанда, аталған барлык субъектілер өз қызметіне нақ осы принциптерді негіз етіп алулары керек. Аталған принциптердің азамат, қоғам жәнс мемлекет үшін өмірлік маңызы бар. Сондықтан олардың Конституцияда айкып көрсетілуі ролі мен беделінің. көтерілуіме игі ықпал ете алады.
Конституция Қазақстан Республикасының қызметіне негіз боларлык принциптерді орнықтырады. Принциптерді қарастырмастан бүрын, "республика" ұғымықын аталған тіркесте нені білдіретінін анықтап алу керек. Конституцияның кіріспесінде айтылғандай, Конституция мемлексттің де, қоғамның да ең негізгі заңы болып табылады. Көптеген конституциялық нормалардын мазмұны мен_мәні де олардың қоғам өмірінің аса маңызды кырлары мен салаларын реттеуге арналғандығын көрсетеді. Нақ осы себептерге орай "Қазақстан Республикасы" аталған жағдайда мемлекет, оның органдары сияқты коғам, оның институттары ұғымын да білдіреді. Тиісінше, Қазақстан Республикасы қызметіне негіз боларлык принциптер туралы конституциялык, ереже Қазақстан мемлекетіне, оның органдарына және Қазақстан коғамына, оның қоғамдық -саяси институттарына арналады.
Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Мұндай принципті нығайтудын қажеттігі мынада, әр түрлі объективтік және субъективтік факторларға байланысты коғам әр түрлі қабаттарға, топтарға, таптарга, ұлттарға, тектерге, конфессияларға және басқаларына бөліпеді. Мұндай бөліну әр түрлі әлеуметтік топтардың біріне-бірі сәйкес келмейтін әр түрлі дүние танымдары, көзқарастары, идеялары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерекшелік көзқарас қайшылығына, текетіреске, өзара күрес себептеріне түрткі болмауы тиіс. Басқа топтың, тектің, ұлттын, діннін, нәсілдің екілдеріне төзбеушілік тек көзқарас қайшылығын ғана емес, сондай-ақ ушығушылықты, текетіресті, ашық қарсы тұрушылықты тудырады. Мұндай жағдай ушыққан жактарға ғана емес, бүкіл қоғам үшін де кауіпті, оның қалыпты жүмысына, әр адамнын. тыныш өмір сүруіне кесел келтіреді. Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің манызы айрыкша. Оған коғамның, оның органдарының перманенттік қызметі арқылы қол жеткізіледі.
Әлеуметтік, ұлттык, иәсілдік, діни, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан баршанын тен, құқылығын ныгайтуда, мемлекеттің аталған норма шығармашылық қызметінің маңызы айрықша. Мемлекеттік органдардың құқық корғаушылық қызметінің де коғамдық келісімді нығайтуға косар үлесі зор. Мемлекет коғамдық-саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімді бүзуга бағьпталған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдық-саяси бірлестіктердің жарғылары, ережелері тек өз жак,тастарыпың идеяларын, көзқарастарын насихаттайтындай, бір топтың азаматтарын екінші топтың азаматтарына қарсы қоятындай мазмұнда болмауы тиіс. Жарғыларына мұндай ережелер енгізілген қоғамдық-саяси бірлестіктер тіркелмейді. Егер қоғамдық-саяси бірлестіктер өзінің қызмет барысында коғамдық келісімді бүзуға бағытгалған акциялар өткізсе, онда тиісті құқық корғау органдары арқылы мұндай әрекеттердің жолы кесілуі тиіс. "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасынын 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңында: "Діни бірлестіктер заң талаптарын жәнс құқық тәртібін сактауға міндетті. Мемлекет дін ұстанатың және оны ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әр түрлі діни бірлестіктер арасында өзара тиімділік пен қүрмет қатынастарын орнықтыруға жәрдемдеседі" деп жазылган. Мұндай қағидалар "Саяси партиялар туралы", "Қоғамдык бірлестіктер туралы" Зандарға да енгізілген.
Қоғамдык, келісімді қолдау - мемлекеттің, оның органдарының ғана емес, сондай-ак қоғамдык-саяси институттардың, түтастай қоғамның да міндеті. Бұл орайда Қазақстан Республикасында жағдай қанағаттанарлықтай. Азаматтардың олардың коғамдық бірлестіктері мен үйымдарының сан мындаған үсыныс тілектерін ескере отырып, жалпы ұлттық келісім,қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды жалпы ұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін қүрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы" Жарлық шығарды. Жалпы ұлттық келісім жылын еткізуде саяси партиялар, ұлттық мәдени орталықтар, қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рол атқарды. Олар қоғамдық келісімді, қоғамдык-саяси тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол қойды.
Республика қызметіне негіз болатын маңызды принциптердің бірі - елде саяси турақтылықты орнату. Қоғамдық келісім сияқты, саяси тұрақтылықта мемлекеттін, қоғамның, олардың институттарының үздіксіз, ойластырып жүргізген жүмысының нәтижесіиде жүзеге асырылады. Саяси тұрақтылық коғамда саяси, құқықтық мұраттар жәнс әлеуметтік-саяси қүндылықтар бірлігі нәтижесінде белгіленеді. Қазақстан Республикасынын Конституциясы коғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және саяси тұрақтылық үшін берік негіз қалайтын саяси-құқықтықмұраттарды, әлеуметтік-мәдени қүндылыктарды қалыптастырады. Алайда, мұндай факторлар саяси тұрақтылықты жеке өздері қамтамасыз ете алмайды. Саяси даму - идиллиялық емес, стихиялық процесс. Саяси жанжалды тудыратын себептер аз емес.
Саяси жанжалда әлеуметтік факторлар жетекші орын алады. Ол - топтардын, әлеуметтік қабаттардың арасындағы экономикалық мәртебенің алшақтығы. Мұндай текетірестік қалып бастауларын жанжалдасушы тараптардың қажетін, мүддесін қанағаттандыра алатындай экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру жолымен жоюға болады.
Адамдардың әр түрлі әлеуметтік топтарының саяси мұраттарындағы алшактық саяси жанжалдың тағы бір бастауларының бірі. Мұндай жанжалдар мемлекеттілікті реформалау, мемлекеттік құрылым жолдары туралы әр түрлі пікірлердің қақтығысуы ңәтижесінде туады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы назарды мемлекеттіліктің ұлттық сипатына көбірек аударып,саяси жанжалдың тууына жол ашты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым саласында және мемлекеттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасады. Сондықтан Конституция осы процесте саяси жанжалдын тууына тосқауыл қойды.
Саяси жанжалды тудыратын себептердің енді бірі - гүпкі рухани құндылықтардағы, мәдени дамудың тарихи және көкейкесті мәселелерін бағалаудағы алшақтыктар. Мұның айқын керінісінің бірі - Республикада тіл мәртебесі мәселесі бойынша ұзаққа созылған айтыс және текетірес. Конституция және тіл туралы жаңа заң саяси жанжалды тудырғаң себептерді жойды. Алайда, оны тек тиісті мемлекеттік органдардың білікті ұйымдастырушылык, және құқық қолданушылық қызметі ғана толық жоя алады. Қазақстанда құрылған және тұрақты жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтар бүл іске игі ықпалын тигізуде.
Қазақстан Республикасының қызметі экономикалық дамуға бағытталуы тиіс. Экономиканың коғамның гүлденуіндегі шешуші мәніие орай бүл негізгі принцип болып табылады. Осы принципті орнықтыра отырып, Конституция, біріншіден, мемлекеттің коғамның экономикасын дамытуда алатын орны мен жауапкершілігін атап көрсетеді. Мемлекет экономикалық процестерден сырттап, қоғамды нарықтық қатынастың бейберекет толқынында қалдыра алмайды. Мемлекеттің жеке экономикалық қатынастар саласындағы қатал, байыпты да батыл реттеушілік қызметінсіз, сондай-ақ экономиканың мемлекеітік секторларын жанжақты реттеп, қатал басқармайынша эконо-миканы дамыту мұмкің емес. Екіншіден, Конституция экономикалық қатынастарды жолға қойып, экономиканы дамытуда азаматтык, қоғамның өзінің де алатын орнын мойындайды. Бұл конституциялық меншіктің екі нысанын: мемлекеттік және жеке меншікті Қазақстан экономикасының негізі ретінде мойындау туралы қағидасынан туындайды. Экономиканың жеке
Секторы оның субъектілері аркылы тек жеке мүддені ғана көздеп қоймай, сонымен бірге қоғамның экономикасын дамытуға да жауап беруі тиіс. Бұл - игі ниет емес, конституциялық талап. Жұмысқа қабілетті әр адам өзінің жеке басы үшін ғана емес, ел экономикасының дамуы үшін де жауапты екендігін сезінуі қажет.
Конституция қазақстандақ патриотизм принципін негізгі принциптердің бірі ретінде есептейді. Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін білдіретін, оның өмірдің барлық салаларында — саяси, экономикалық, мәдени салаларда табысқа жетуіне оның қуатынық қорғаныс қабілетінің артуына, халықаралық аренада беделінің нығаюына ықпал ететін идеясы, сезімі мен әрекеті. Қазақстандық патриотизм — ол Қазақстанда сандаған жылдардан бері тұратын әр ұлттың адамдарының мүдде бірлігің сезіну, бұл елдің тарихи өткеніне құрмстпен қарау, жаңа мемлекет құрып, азаматтык коғамды қалыптастырудағы белсенді қызмет. Қазақстандык патриотизм ұлттык тарихқа, ұлттық әдет, дәстүрлерге селқос қарайтын ұлттық тоғышарлықпен келіспейді.
Қазақстандык патриотизм жалған патриотизмге, өз ұлтын бұрмалап кәрсетушілікке, оны басқа ұлттарға қарсы коюшылыққа төзбейді. Өйткені аталган принцип барлық ұлттардың және әлеуметтік топтардың өкілдерін бірлестіруге қызмет етеді, келісімпаздықпен (сепаратистікпен) сыйыспайды. Үлтшылдықты, ұлттық өктемшілдікті, келісімпаздықты насихаттайтын күштер тарихи дамуға, мемлекеттегі барлық ұлттардың, топтардың және басқа әлеуметтік топтардың бірлесе қалыптасуы мен өркендеуінс қарсы күреседі. Қазақстандық патриотизм Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принциптерінің бірі ретінде бекітілетіндіктен мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, коғамдық бірлестіктер мен азаматтар оны басшылыққа алулары тиіс.
Мемлекет оміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу- Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принципі. Конституция мемлекет емірі мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін қарастырған. Ол - мемлекет еміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді халыктық өзінің республикалық референдум арқылы шешуі. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 карашадағы Республикалық референдум туралы Жарлығында бүкіл халықтық, дауыс беруге шығарылуы мүмкін мәселелер тізімі келтірілген. Бұл мәселелер Республика Конституциясында, конституциялық заңдарда, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңдарда қабылданған. Референдумға мемлекет өміріндегі шешілуге тиісті басқа да маңызды мәселелер шығарылады. Республикалық Референдум өткізу: 1) референдумға ерікті түрде қатысу және азаматтардың өз қалауын еркін айту; 2) жабық сайлау кезінде референдумға азаматтардың жалпыға ортақ тең және тікелей қатысу құқы; 3) жариялылык принциптеріне негізделеді.
Парламентің қізметі демократиялық әдістер негізінде жүзеге асырылады. Онын Палаталарының кұзыретіне жататын барлық мәселелер, тұтас алғанда, ашық қарау, талқылау, дауыс беру жолымен шешіледі. Конституция мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді шешудің басқа жағдайларды да көздейді. Конституциялык, Кенес, Үкімет, орталық аткарушы органдар өз қызметтерінде демократиялық әдістерді кең қолданады.
Билік бөлу принципінің маңызды болатын себебі, ол мемлекеттің, ұйымдастырылуың, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл принципті тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін ескеруді, құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Билік бөлу принципі конституциялық құрылыс негіздерінін бірі ретінде Конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін, олардың өзара екілеттік шегін бекіткен көптеген кағидаларында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Конституциясында республикада мемлекеттік билік біртүтас, оның заң шығарушылық атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөліну және тепетендік жүйесін пайдалану аркылы өзара байланыс жасау принципіне сәйкес Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылатындығы атап кәрсетілген. Бұл биліктің әр тармағының өз кұ зыреті бар екендігін және оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді. Сонымен бірге ол билікті шоғырландыруды, бөлуді, монополиясыздан-дыруды да білдіреді. Билікті бөлу, олардын бірде біреуі өзгелерінің өкілеттігін шектемей, екіншісін езіне бағындырмай және әркайсысы езара түсіністікпен, өзара ынтымақ пен қызмет істеуі тиіс болған жағдайда Конституиияға сәйкес оның үш тармағын әзара тендестіруді де білдіреді. Мемлскеттік биліктін жоғарғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз ету үшін Казақстан Республикасының Конституциясы бөлу принципі
билік тармақтары арасында іс жүргізуді шектеу прииципімен ұштастыруды коздейді. Қазақстан Республикасы Конституциясына тән сипат, онда іс жүргізудің түпкі билігі Парламентке бекітілген. Баскаша айтканда, Парламент, оның Палаталары -Сенат және Мәжіліс - өз қызметін тек Конституцияда көрсетілген өкілеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал Үкіметтің өкілеттігіне келсек, Конституция бойынша оған олардың кейбір суіғана берілген. Оның Президенттің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген. Парламент өкілеттігінің жабық тізімінің конституциялық тұрғында бекітілуін немен түсіндіруге болады? Біріншіден, ол жоғары екілетті органның кеңестік конституциялармен және белгілі бір деңгейде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен бекітілген бүкіл билікті иелену құқынан бас тартуды білдіреді. Екіншіден, тәуелсіз, егемен Қазақстанның ерекшіліктерін ескере отырып, биліктің боліну принципін барынша нығайту қажеттігінен туып отыр. Үшіншіден, Парламент әр түрлі саяси күштер, әлеуметтік топтар ықпал ететін жоғары әкілетті орган болып табылады. Ал бұл Парламент қызметінің саясиландырылуына, билік тармақтарынын арасында қарама-карсылықтудыруға мүмкіндік жасауы мүмкін. Қазақстан Республикасы Парламентінің аз жылғы тәжірибесі, оның Палаталарынын таза заң шығару қызметімен айналысатындығын көрсетті. Депутаттардың сөздерінен айқын саясаттандырылған сарын байқалмайды. Олардың кейбір мұндай пікірлері қолдау таппауда. Бұл жақсы ма, жаман ба, оны уақыт көрсетеді. Кейбірлеулер мұндай жағдай Парламент өкілеттігінің шектелгендігінен деп түсіндіруге тырысады. Алайда, бүл басқа мәселе.
Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі билік бөлу "принципінен тыс қалған сияқты көрінеді. Конституция нормаларын талдау билік бөлу жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды. Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қосылуы мұмкін емес; екіншіден, оның биліктің барлық үш тармағының кызметіне бірдей араласуына мұмкіндік беретіндей құқы бар; үшіншіден, оның өкілеттігі мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ете алады.
Қазақстанның конституциялық құрылысының қаз тұруының қазіргі өзіндік ерекше жағдайында билік бөлу принципін бекітіп, жүзеге асырудың маңызы айрықша. Ол биліктің бір тармағының екінші бір тармағынан жоғары тұруын, коғамда бедел үстемдігін болдырмауға арналған. Тепе-теңдік жүйесі мұмкін қателіктерден, тіпті билік тармақтары арасындағы карама-қарсылықтан барынша арылуды көздейді. Бүл принципті жүзеге асыру үшін мемлекеттің барлық құрылымдарының қызметің тиімді және қолайлы ету, мемлекеттік баскару тетігі жұмысының тиімділігін күшейту қажет.
Әрине, билік белу принципін барлық билік тармақтарынын тәжірибесін байыту есебінен жетілдіруге болады. Судьялардың жұмысы принциптерін арнайы атау ол билік тармақтарының бірі болғандығы үшін ғана емес, сондай-ак құқықтык мемлекстте азамагтардын құқын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауда айрықша мәнге ие болатындығымен де маңызды.
Конституция нормаларын талдау онда көрсетілген, бірак. принцип ретінде бейнеленбеген құқықтық. идеялардын ерекше тобын даралауға негіз жасайды. Сөз жоқ, олардың да маңызы зор. Тікелей атап көрсетілмсгендіктен оларды екінші кезекке қоюдың жөні бола қояр ма екен. Конституцияны талдау негізінде қалыптасатын осы принциптердің өзі осыган куә емес пе.
Оған Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі принципі жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Коиституцияның үстемдігі принципі Ресей Федерациясы Конституциясындағы сияқты (4-баптын 2-тармағы) тікелей дараланбаған. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның үстемдік принципі әр қилы әсер етеді. Ең алдымен ол Қазақстанда конституциялық құрылысты орнықтырудан, қүқықтык мемлекет кұруға үмтылудан керінеді. Конституцияның үстемдігін тану мемлекеттің Конституцияға, заңға бағыну идеясын білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясында республика "өзің қүқытық мемлекет ретінде бекітеді" деп жазылған. Мұндай жинақы үғым Қазақстан Республикасының әлі де құкыктық мемлекет емес екендігін, соған ұмтылатын дыгын, солай болуды алдына мақсат етіп койғандығын білдіреді. Ал бүған Конституцияның үстемдігі принципінің салтанат құруымен қол жеткізуге болады.
Конституцияның үстемдігі, сондай-ақ оның басқа да принциптерімен, нормаларымен бүкіл мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың және азаматтардың коғам өмірінің барлык салаларындағы қызметі сәйкестендірілуі тиістігін білдіреді. Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі принципінде мемлекеттік құры-лымның біртүтас нысандары бейнеленеді. Біртүтас Қазақстан мемлекеті Конституциясының үстемдігі Республикалык барлық аумағына бірдей жүреді. Аумақтык, тұтастык, оның бөлінбейтіндігі туралы кағида Қазакстан Республикасы Конституциясының нақ осы үстемдігі принципіне негізделген. Сондықтан түрғындардың жекелеген топтарының, жеке түлғалардын. аумақтық тутастыққа қарсы әрекет ету мұмкіндігі Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі принципін бүзу принципі ретінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдык, куші және нормаларының тікелей қолданыу принципінің мазмұны оның үстемдігі принципі мен салыстырғанда басқашалау. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші, Қазақстан Республикасында қабылданатың заңдар және басқа да қүқықтық актілердің Қазакстан Конституциясына қайшы келмеуім, жоғарыдан төменге дейінгі мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-озі басқару органдары, сондай-ак, азаматтар, олардың, бірлестіктері Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясында онша дәл шешілмеген бір мәселені түсіндіре кетуге тура келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясын талдау заңдардың түрлері:1)Конституцияның өзі; 2) конституциялык заңдар; 3) жай заңдар туралы айтуға негіз қалайды. Сонымен бірге онда Конституцияға езгерістер мен толықтыруларды тікелей енгізуі мұмкін нормативтік акт туралы айтылады. Конституцияда осы актінің нысаны туралы тура айтылмайды. Конституцияның 91-бабында Қазақстан Республикасы Конституциясына езгерістер мен толықтырулар Республикалық референдум арқылы енгізілуі мұмкін екендігі айтылады. Бұл мәселе бойынша Парламент шешім қабылдай алады. Шешім — нысан емес, нормативтік актілердің туыстық атауы. Конституцияның 62-бабы бұл мәселеге түсінік бермейді. Онда Парламенттің заңдар түрінде заң актілерін қабылдайтыны, әр Палатадан депутаттардың жалпы санынын кем дегенде үштен екісі дауыс бергенде қабылданатын конституциялық заң туралы айтылады. Әр Палатадан депутаттардың жалпы санының кем дегенде төрттен үші 25 дауыс бергенде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Демек, конституциялық заңдар қабылдау жолымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды. Ендеше, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін актіні қалай атаймыз? Президенттің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Жарлығы да бүл мәселені айкын ашып бермейді. Жарлыктың "Қазақстан Республикасы Парламентінің актілері" атты ІЗ-бабында Парламенттің заң актілерін, оның ішінде конституциялық актілерді де, заңдар түрінде қабылдайтыны жазылған. Демек, конституциялық заң —ол заңдардың бір түрі. Аталған кағидаларды талдау арқылы озінің заңдық күші бойынша конституциялық заңның бірінші орында түруы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Конституциялық зан арқылы Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізуге болмайтындықтан, актінің басқа нысанын табу керек. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар "түзету" қабылдау жолымен енгізілуі мүмкін. Мұндай нысан республикалық референдум үшін де сай келеді. Сондықтан Конституцияның 91-бабы шамамен төмендегідей мазмұнда өнделгені жөн. "Қазакстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар түзету түрінде Республикалық референдум мсн енгізілуі мүмкін", әрі карай мәтін бойынша жалғасып кетеді.
Конституцияның тікелей қолданылуы оның жоғары заңдык күші принципінің манызды бөлігі болып табылады. Конституцияның тікелей қолданылуы оның: I) құқық шығармашылығына; 2) институттық қайта кұрылуға; 3) азаматтардың олардың бірлестіктерінің өз құқықтары мен бостандықтарын тікелей жүзеге асыруына; 4) адамдардың моралдық-құкықтық емір салтына ықпал етуін білдіреді.
Конституция іс жүзінде құқық үғымын береді. Ол қандай заңдардың қабылдануы мүмкін екендігін көрсетеді. Ол бірқатар жоғары мемлекеттік органдардың нысандары керсетілген норма шығармашылық өкілеттігін белгілейді. Мемлекеттік органдардың құрылу тәсілдерін бекіте отырып, Конституция түрақты институттық жанарудың негізін жасайды. Азаматтар Конституцияға сүйеніп, өздерінің құқықтары мен бостандыктарын корғай алады. Азамаітардың конституциялық нормалары әр түрлі кабылданылып, әр түрлі жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші шарт — ол Конституцияны білу. Бұл орайда жүмыс әлі басталған жок деуіе болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылпы сәуірдегі Конституцияны кең таныстыру туралы Өкімі — тұргындардың құқықтык білімін көтеруге жасалған алғашқы қадам.
Конституцияда тура айтылмаған мен, конституциялық заңдылық принципі оның алтын аркауы іспеттес. Конституциялық заңдылық іліміне айтарлықтай мән беріліп жүрген жоқ. Конституциялық заңдылық — ол барлық мемлекеітік органдардың лауазымды адамдардың азаматтардың және олардың бірлестіктерінің Қазақстан аумағында конституциялық нормалар мен қағидаларды мүлтіксіз сактап, біркелкі қолдану. Конституциялық заңдылык идеясы Конституцияның барлық тарауларының арқауы деуге болады, ал мемлекеттік органдардың үйымдастыру төсілдері, өкілеттіктері, коғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру туралы, азаматтардың құкықтары мен бостандықтары туралы айтылатын жерлерде ол мейлінше айкын көрінеді. Айталық, Парламент әз өкілеттігі шеңберінде қызмет жүргізуі тиіс. Бұ Үкіметке де қатысты. Мұндай принцип тек Конституция нормаларын сақтау талабынан ғана көрініп қоймайды. Конституция конституциялық заңдылықтың жүзеге асырылуын камтамасыз ететін құралдар мен органдарды да қарастырады. Мысалы, Президент өзінің тыйым салу құқығын пайдаланып, Конституиияға кайшы келетін заңды Парламентке кері қайтара алады. Парламент қабылдайтын Заңдардың Қазақстан Конституциясына сәйкестігім Президент қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңес қарайды. Бұл арада проблема бар сияқты. Не Конституцияда, не Президенттің Конституциялық Кеңес туралы конституциялық заң күші бар Жарлығында Конституциялық Кеңес Парламент қабылдайтын барлық заңдарды қарауы тиіс пе деген сүрақка жауап берілмеген. Егер Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасың ежіктей талдасақ, Парламент кабылдайтын барлық заңдар алдын ала Конституциялық Кеңесте қаралуы тиіс. Алайда, бұл проблемаға шынайы көзкарас түрғысынан келген жөн. Біріншіден, 72-баптың 2)-тармағының 2-тармақшасын сөзбе-сөз қабылдасақ, онда конституциялық норманың бұзылғанын байқаймыз. Конституциялық Кеңестің карауынан өткізбей-ақ Парламент бірнеше заң кабылдады, оған Президент қол қойды. Екіншіден, құрамында жеті мүшесі бар Конституциялық Кеңес заңның кай-кайсысының болсын Конституцияға сәйкестігін қарай алмайды.
Сенат қабылдаған жоба заңға айналады және ои күннен кешіктірілмей Президенттің кол қоюына үсынылуы тиіс. Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес күннің ішінде кол кояды. Демек, Президенттің заңды карауына, шын мәнінде, он бесақ күн берілген. Заңның конституциялығы туралы мәселені қарау үшін Конституциялық Кеңеске бір айга дейінгі мерзім белгіленеді. Айтылғандардан, Парламент қабылдайтын барлық заңдарды Президент қол койғанға дейін қарауға Конституциялық Кенестің күші жетпейді. Демек, Президент қол койғанға дейін Конституциялық Кеңестің. Заңдардың Конституцияға сәйкестігін дау туған жағдайда ғана қарайтындығын пысыктаған дұрыс.
Бұл арада тағы бір мәселе туындайды. Егер Парламент Президенттін тыйым салуына төтеп берсе, Президент жеті күннің ішінде заңға кол қоюы тиіс. Ал егер Парламент Конституцияға қайшы заң қабылдаған болып шықса Президент не істей алады? Президенттің Конституциялық заң күші бар Пре-зидент туралы Жарлығында оның өкілеттігінің толық тізімі берілген. Онда занның Конституцияға сәйкессіздігі туралы мәселе жөнінде Конституциялық Кеңеске жүгінуге Президенттің құқы жоқ. Президент Конституцияға сәйкес келмейтін заңга қол қоюы тиіс. Бұл ақылға сыймайтын жәйт. Президент туралы Жарлыққа, егер Президент Парламент екінші рет қабылдаған заңда Конституцияға сәйкес келмейтін қағидалар бар деп есептесе, оның Конституциялық Кеңеске жүгіну құқы туралы толықтыру енгізу керек.
Одан әрі, Конституциялық Кеңес Конституцияны корғайды, бекітілгенше халыкаралық келісім-шарттарды, сондай-ак. соттардың нормативтік актілердің Конституцияға қайшылығы жөніндегі жүгінулерін карайды. Соңғы жағдайда әңгіме азаматтардың конституциялық кұқықтары мен бостандықтарын қорғауы туралы болыт отыр.
Айқындалмағандар қатарына демократиялық централизм принципі де жатады. Әңгіме — атқарушы биліктің иерархиялық кұрылуы мен қызметі жәнінде. Айталык, жергілікті аткарушы органдар Республиканың атқарушы органдарының бір түтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатты тиісті аумактағы даму мүддесі мен тұтыну қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді. Централизм Президенттің облыстардың, қалалардың әкімдерін тағайындауларынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |