«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ»


КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ



бет2/10
Дата08.04.2020
өлшемі0,7 Mb.
#61898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар 2020


3. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

Конституциялық құқық құқықтық ғылымнын бір саласы ретінде оқытылады. Ғылым ретінде конституциялык, құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге озіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық кұқықты кұқыктық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастыратындыктаң ол салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялыкқұқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқыктың құқыктық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарың Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялык құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осымдай жүмыстарды жүзеге асырудын нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туады, езгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялык-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардын басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық-қүкыктық нормалар әрекетінің тиімділігін


зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін үсыныстар жасайды.

Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардын қызметін зерттсйді. Сөйтіп, бүл мемлекеттік органдар, әрине, оқшауланған күйде емес, олардын өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мүнда, сондай-ақ. Конституциялык құқық ғылымы қүқыктык, нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен

бірге коғамдық қатынастардын құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді. Былайша конституииялық-құқықтық нормалармен реітелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай да емес. Нәтижесінде конституциялық-құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтық басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кен көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе, керісінше, айталық, өзінің әлеуметтік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар конституциялық-құқықтық нормалардын назарынан тыс қалдырылуы мүмкін. Ғылым мүндай мәселслердін жауабын іздеп, табуы тиіс.

Конституциялық құқық ғылымы халық екілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық белініс нысандары сияқты кешенді проблемалардын тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті езін-озі баскару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар кезі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың үйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық принциптері зсрттеу жатады.

Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтын құқы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқұының халықаралық құкық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған объектілерді зерітейді. Ол оларды әлеуметтік, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми ме-тодологиялық принциптерге сүйене отырып зерттейді. Конституциялық заңдылықты оқып-үйрену, оның әлеуметтік табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, түжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережслер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге зандылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды. Конституциялық құқық ғылымы тұтас кұбылыс болғандықтан оның тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды, сондай-ак, біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлісу, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктін сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардын қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ыкпал етеді.

Ғылым "конституциялық құқық" деп аталғандыктан, оның негізгі бастауы - Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялык ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жай заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметгің каулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар кездері болып табылады. Бұл — конституциялық құқық ғылымының нормативтік құқықтық қайнарлары. Конституциялық құқық гылымының басқа бір бастауы - конституциялық - құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық-кұқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді. Конституциялық-кұқыктық нормаларды нақ осылай кешенді зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар, идеялар туғызудың негізі болып табылады. Конституциялық құқық ғылымының келесі бір кайнар кезі — отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық, құрылыстын философиялық, заңдық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.

Қазақстанда қазіргі заманғы конституциялық құқық ғылымы тақыр жерде калыптасып отырған жоқ. Біріншіден, кеңестік кезеңде ол Қазақстанда шартты түрде кен дамыды. Алайда, Қазак КСР-ы КСРО-ның құрамында болғандықтан Қазақстанның дербес конституциялық құқық ғылымы болған жоқ. Ол Кеңестер елі конституциялық құқық ғылымынын құрамдас бір белігі болды. Екіншіден, дербес, егеменді Қазакстан Республикасы құрылғаннан кейін мүнда өзінін конституциялық. құқық ғылымы қалыптаса бастады. Қазақстанда аталған ғылымның теориялық бастаулары дербес конституциялық даму мәселелерін қазірдің езінде зерттейтін республика ғалымдарының еңбектері болып табылады. Әрине, Казақстанның конституционал-ғалымдары "кереметтср жасау" туралы ойдан мүлдем аулақ. Қазақстан әлемдік өркениет жетістіктеріне,соның, ішінде конституциялық құқық саласында да игілікке қол жеткізе бастады.
Пысықтау сұрақтары:

1.ҚР ның Конституциялық құқығы құқық жүйесіндегі алатын ролі мен маңызы

2.ҚР Ның Конституциялық құқығы –ғылым саласы ретінде орны мен әдістері

Дәріс -2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ

Мақсаты: ҚР ның Конституциясына жалпылай түсініктеме беру арқылы оның тарихи кезендері,оның күші,құру жолдары және басқа заңдармен қатынасы туралы білімді қалыптастыруды міндет етеді

1.Конституцияның мәні

2.Конституцияның қолданылу мәселесі.

3.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы



1.Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің балық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяи-құқықтық күші бойы жинақталған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциперін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мелекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізгі ретінде бүкіл халықтың конституциялық құқытың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқытың барлық салаларында да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқытық актілерде кеуздеспейтін сипаттар тән.

Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Констицияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген? Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептеледі. Осыған орай халық еңбекшілерден – жұмиысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллегенциясынан тұратындығы атап көрсетіледі. Халыты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллегенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы «еңбекші» термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтыладжы. Қазақстан республикасы Конституциясында халық тұрғындардың бүкіләлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік – саяси құбылыс ртінде ұғынылады. Осыған орай, «халық» ұғым қазақстан Конституциясына сәйкес, бірнешеден, ол байлыұ жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады.

Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұла мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінші, олардың әлеуметтік жағдайларына арай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. Қазақстан республикасынң Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға блмей, олардың құқытарын шектемей конституциялық- құқытық қатынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлық ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік баалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше; құқытық, саяси, іәлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін блдіреді.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына жатпайды, тек мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттық нысаны бойынша ұлттықв болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.

Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік ипатын білдіреді. Ондықтан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: «Біз, Қазақстан халқы .. осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сздермен басталады. Қазақ халқы Конституциьяны референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толытылулар республикалық референдум арылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халы Контситуцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толдықтылулар да енгізе алады. Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтылулар енгізу жобасын Президент Парламенттің арауына бере алады. Алайда, мұндай жағдай да халық сырт қалмайды? Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтылуларды халықтың атынан қабылдайды.

2. Қазақстан халқы конституцияны қабылдайтын бірден-бір субъект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондақтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-эономикалық құрылыс негідерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енізе алады. Сонымен бірге Контитуцияда а мемлекеттің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, бірттастық принциптері нығайтылған. Ол - емлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.

Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейліше ерекше орнын, парламент, президент, Үкімет үшін, лауаымды адамдар, сот органдары үшін, азаматтар үшін оның құқытық қағыдаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының құрлтайшылық ипаты оның барлық нормативтік қағидаларының еш шүбәсі танылатындығынан, басқа ешір нормативтік құқытық акт Конституция нормаларын ескерген, өмір шындығына сай келмейтін деп және басқалай тани алмайды. Мұндай ерекше сипат тек Конституцияға ғана тән. Бұл жағдайға назар аударып отырған себебіміз, конституциялық қағидаларға атүсті айтылған сындар кейде жақсылық нышынындай есептеледі, Конституцияның қайсыбір нормаларына, киімді ауыстырған сияқты, өзгерітер енгізу туралы ұсыныстар айтылады. Мұндай акциялар ескіні, кеңістік кезеңнің сарқыны, ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен одақтас республикалардың Жоғарға Кеңестерінің әр сессиясында дерлік Конституцияға өзгерістер мен толықтылулар жеңіл енгізіле беретін-. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясымен де осылай болды, айналып келденде ол ешкімге қажеті жоқ жалаң нұсқаулық құжатқа айналды.

Әрине, бұдан Конституцияның жекелеге нормалары уақыт сынын ұшырауы, скелең қоғамдық қатынас тааптарына сай келмеуі мүмкін емес деген ой тумаса керек. Қоғамдық қатынас келмеуі ылғида қозғалыста, өзгеріте болады, сондықтан конституциялық нормаларды өгерту қажеттігі де туындайды. Мұндай процесс өтпелі үлгідегі қоғам үшін тән құбылыс. Нақ осындай қоғам түбірлі өзгерістер мейлінше тез және жиі жүреді. Бұл процестің Конституцияның жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Осыны ескере отырып, өткеннен де сабақ алу керек. Конституцияның тұрақтылығын, оның беделінің жоғарылығын қамтамасыз ету үшін мұндай қажеттілік туған жадайда Конституцияға өзгерістер мен толықтылуларды конституцияға тіркеуге болатындай етіп, жеке ерекше нормативтік акт ретінде ресімдеу керек. Мұндай көзқарастың бірқатар сәтті жақтары бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылтайшылық сипаты сақталады. Шын мәніде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше ондаған, жүзделген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым және басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық құрыдлымының жаңа негіздерімен және басқалары мен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті құрды. Екіншіден, аталған құрылтайшылық сипатына орай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқытықв мәдениеттің тарии жадын бейнелейді. Ешқашан енді мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тархи өзгерістері аясында туды. Сондықтн ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап етеді. Үшіншіден, ерекше құрылтайшылқ сипаты мен тарихы мәні қасиетті акт ретінде азааттардың қонституцияға деген құрмет сезімнің қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін ұрпақтардың алдына оның беделін трақты көтеру үшін де маңыды. Бұл орайда, әлдеқашан ескерген қағидаоарының аз еместігіне қарамаста, оның басты актілердің негізі болып отырған АҚШ Конституциясының еске алға жөн. көптеген қағидаларының тек тарихи-танымдық қана мәні бар болса да, дінге сенушілер үшін бірнеше мың жылдар боғы діни жазбалар қасиетті сенім сияқты есептеледі.

3. Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан қоғамның нагізгі заңы ретінде қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі борлып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғары билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік оргадардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономиклық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байанысты қоғам, оны құрушыла өз қызметін Конституцияға негіздеу тиіс. Жекелеген заңдардың қайсыбір жекелеген қоғамдық институттарға: саяси партияларға, діни, мәдени бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Масаты мен әрекеті конситуциялық құрылысты кштеп өгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қыыметін тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықытан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғада тікелей Конституцияны басшылыққа алады.

Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей конституцияны басшылыққа алады.

Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негідерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салалрын қамтымайды. Осыған байланысты методологиялық мәні бар маңызды бір мәселеге тоқатла кеткен жөн.

Кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі заң әдебиеттерінде құқытық қатынастар құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде сипатталады. Құқықтанушылар осы теориялық қағиданың дұрыстығына күдік келтірген жоқ. Шамасы, блай болатны соиализм кезінде ешқандай жекелік болмады, ол танылмады. Барлығы да мемлекеттік, қоғамдық еді. Егер тереңдей ой жіберсе, онда социализм кезінде де мемлекеттік қана емес, сондай-ақ қоғамдық қатынастың да болғанын байқаймыз. Дегенмен, құқық қоғамдық қатынастарды реттейді деп саналып келеді. Демек, құқытың кейбір салалрындаа, айталық мемлекеттік және әкімшілік құқыта қатынастардың мемлекеттік және сипаты танылса да мемлекеттік қатынасты қоғамдық қатынас жұтып қойған болып шығады.

Капиталистік қатынасқа көшкен жағдайда, мемлекеттік сектормен бірге жеке мемлекеттің енді бәрін қамтитын рөлі жойылған кезде қатынастарды екі топқа бөліп, бөлшектеу қажет:

1) тараптардың бірі ретінде мемлекет атысатын қатынас, мұның қатарында мемлекеттік- құқыық қатынастарды атауға болады. Бұлар, билікпен және саяси құқыты бағындыру мен жүзеге асыруға қатысты қатынастар болып таблады деп ойлаймыз;

2) таза қоғамдық, мемлекттік институттар қатыспайтын қатынастар. Бұлар құқыпен реттелетін таза қоғамдық негіді белгілейтіндіктен ол бұл қатынастарға тура аралаысады. Қазақстан Республикасының Конституциясының әрбір адамның құқытық субъектілігін танитын 13-бабының 1-тармағы, міне осының мысалы болып табылады. Әр адамның жеке-жеке, азаматтардың ке келген бірлесуі құқытық жағынан тікелей Конституция арқылы қорғалатындығы осының дәлелі. Құқық қорғау органдары, азаматтардың құқығы мен бостадығын қорғай отырып, Конституіияға сүйеніп қана қоймай. Оны басшылыққа алады. Сонымен бірге азаматтардан, олардың бірлестіктеріннен, барлық қоғамдық институттардан Конституцияға құрметпен қарау талап етеді. Конституцияның нормасын бұзу - көпұлтты қазақстан халқының заңды еркіне қол сұғу болып табыладжы.



2.Конституцияның қолданылу мәселесі.

Бұрыңғы КСРО ғылымдары Конституцияның қолданылу мәселесі туралы жазбады десе де болады. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқытағы өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері ғана кездеседі. Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның мемлекет, қоғам, саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген адамдар өмірінде алатын орнын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан өркенитті, домократиялық қоғамда Конституцияға, оның қолданылуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай Конституция, оның мазмұны туралы оны қабылдағанға дейін-ақ мұқият ойластырылады. Тиісіенше, Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу және 2) қолдану кезеңінен тұрады.



Бірінші кезеңде Конституциянығң қағидалары және нормаларымен бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылуы механизмі де терең, мұқият ойластырылады. Бірінші кеекте тұхырымдама әзірленеді және конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек қайсыбір тұжырымдамамен шектелмейді, әсте. Конституцияның өзі көптеген бөліктерден тұратын актілерді білдіреді. Әр бөлік белгілі бір тжырымдама мен шектелмейді, әсцте, Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адама құқылары осындай тұжырымдамалар болып табылады. Өз кезегінде мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы шартты түрдве дербес теориялық бөліктерден: билікті бөлу туеориясынан, мемлекеттік құрылым және басқару нысандары теориясынан, мемлекеттік қызмет теориясынан, мемлкеттің механизмі теориясынан тұрады. Адам құқы тұжырымдамасы адамның, ааматтың құқы және басқаларынан тұрады.

Егер Конституцияның тұжырымдамалары практикалық материалодарды қолдана отырып, мұқият әзірленбесе , онда ол Конституцияға елеулі зиян кецтіреді. Егер әп дегеннен тұжырымдамалық қағидалардың қалыптасуына теріс ықпел етеджі. Мұның мысалы ретінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының негііне алынған меншік ұқы тұжырымдамасы іс жүзінде зиянды болды.

Дегенмен, былай да болуы, тұжырымдама айқын, ал оны толық көлемінде жорамалдауға конституциялық нормалар, қағидалар арасыз болып шығуы мүмкін. Билікті бөлу тұжырымдамасы, шамамен осылай болып шықты. Билік бөлуді тепе-теңдік механизмін жан-жақты әзірлеген жағдайда ғана енгізуге болатындығы түсінікті еді. Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасы нұсқаларының бірінде биліктің әр түрлі тармақтарының арсындағы тепе – теңдік механизмнің шартты түрд толық жүйесі ұсынылады. Алайда, он екінші шақырылған Қазақстан Республикасынң Жоғарғы Кеңесі мұндай механизмді қабылдауға теориялық жағынан да, практикалық жағынан да әзір болмайды, сөйтіп, бұл билікті бөлу тұжырымдамасын алшақвтап кетуге әкеліп ұрындырады. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы биліктің блу туралы қағида өміршең болмай шықыты және көп ұзамай республиканың екі Жоғарғы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында белгілі бір деңгейде орындалады.

Конституцияның тұжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің және басқалардың шығын тобы әзірлемеуі тиіс. Олардың мүдделерін анықтап, конституцияда оны ескеру үшін оны әзірлеуге әр түрлі партялардың, қоғамдық қозғалыстардың, тараптардың, ұлттардың, әлеуметтік топрадың және басалардың өкілдерін тарту керек. Өйткені қоғамдық қатынастардың аталвған субъектілерінің мүдделері объективті факторлармен елеулі түрде белгіленген. Мен бүкіл қоғамның үдемелі дамуының жалпы процесінен туындайтын және оларды ескермеу бүкіл қоғам өміріне кері әсер ететін факторлар туралы айтып отырмын. Айталық, Қазақстанда мемлекеттік сипаты тұжырымдамасын әзірлеген кезде , Қазақстанда мемлекеттік қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады деп атап көрсетілгенмен баст назар бірұлттылыққа аударылды. Іс жүзінд, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы «өзін-өзі таншы қазақ ұлттың мемлекеттілігі туралы» қағиданы оғамдық сана бірауыздан қабылдамады және Қазақстан мемлекеттің құрылуы бүкл халықтың өзін-өзі тануының жемісі екендігі туралы пікір алыптасты. Бұл ағида Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылды. Менің пікіріше, бұл ымырға а келудің нәтижесі емес, халықтың нақты жағдайының орнығуы. Бұл мәнжай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясын баршаның халықтық мемлекеттің негізгі заңы ретінде тануына ықпал етуі тиіс.

Конституцияның тұжырымдамаларында ақылға қонымды мәмле элементтері де көрініс таба алады. Егер мәмле объективті түрде белгіленсе және жалпы мүддеге қфызмет етсе, сөз жоқ, танылып, Конституцияда орнықталыуы тиіс конституцияда мәмледен туындаған нормалардың болуы қоғамдағы елеулі қайшылықтардың дәлелі болып табылады. Мәмлеліқ нормалар бұл қайшылықтарды бейбіт жолмен, қоғамдық келісім негізіде шешуге қызмет етеді. Орыс тіліне көзқарас осының мысалы болып табылады. Қазақстан Республикасының 1989 жылғы Тіл туралы Заңында, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде танылады. Алайды, мұндай қағида орыс тілді тұрғындарды қанағаттандырымады, орыс тілінің мәртебесін көтеру турлы мәселе күн тәртібінен түспей қойды. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясындағы аталған қағиданың тұрғындардың белгілі бір бөлігінің мүддесін бейнелей алмайтындығын, сондықтан Конституцияны тұрғындардың осы бөлігінің тұтастай қолданылмайтындығын көрсетті. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында мемлекеттік оргндарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде орыс тілінің қазақ тілімен бірдей қолданылатындығы жазылады. Орыс тіліне қатысты қол жеткен мәмле мәселесінің толық шешілгенін, қайшылықтың жойылғанын білдірмейыді. Қазақ тілі іс жүзінде мемлекеттік тілге айналғанша мұндай қайшылық созыла береді. Тиісінше, аталған мәмлелік қағиданы жүзеге асыру мемлекеттік органдардың басты назарында болуы, аталған саладағы қайшылық ұлтаралық қайшылыққа айналып кетпеуі тиіс.

Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі принциптеріне қайшы келетін идеялер да тұжырымамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықталмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұқсан келтіретін саналы түрде сезінген немес сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.



Екінші кезең – Конституцияның қолданылуы.

Конституция тікелей қолданылады. Конституцияның құқық саласындағы белгілі маман Ю.А.Тихомиров: «Конституцияның тікелей қолданылуы оның тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық ықпалын, кемшілікпен сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл-күйге игі әсер ету, институттық қайта құрылыларды білдіреді» деп жазады.

Алайда, Конституцияның мұндай тікелей қолданылуын Ю.А.Тихомиров қарастырмайды. Дегенмен, Конституцияның қандай қырымен қолданылатынын ол дұрыс атаған деп ойлаймыз. Тағы бір қағидамен келісуге болады: барлық осы қырларында, олар құқытық қатынастарды тудыратындықтан, Конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.

Конституция нормаларының тікелей қолданылуы көріністерін жеке-жеке қарастырайық.

1. Конституцияның құқық шығармашылық рөлі үш бағытта көрінеді.

А. Кандай заңдар қабылдау керек екендігін конституция тура көрсетеді. Бұл аңдар қабылдау керек екендігін конституция тура көрсетіледі. Бұл заңдар не дәл аталад, не жалпы си патта көрсетіледі. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабында Үкіметтің құыреті, ұйымдық тәртібі мен қызметі конституциялық заңмен бекітілетіні; Конституцияялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі Конституциялық заңмен реттелетіні көрсетілген. Тағы бір мысал – Конституцияның парлементінің заң шығарушылық қызмет саласын атауы: меншік режимі, салық салу туралы, сот құрылымы мен сот ісін жүыргізу және басқалары туралы заңдар шығарады.

Ә. Қаақсатан Республикасының Констиутциясы іс жүзінде құқыққа анықтама береді: ол осы арқылы бүкіл мемлекеттік органдарды нормативтік - құқықтық актілердің: а) заңдардың ә) заңға сәйкес актілердің, б) Қазақстан республикасының хаолыаралық шарттарының белгілі бір түрлерін құқытық шығармашылыққа бағыттайды. Анықтаманың қай-қайсысы да шартты сипатта болады, сондықтан құбылыстың мәнін толық бейнелемейді. Конституциядағы анықтама мүмкіндігі туралы дауласуғ болады. Бұл жағдайда дау басқа жәйт бойынша тууы мүмкін, айталық, құқық пен заңды ұқсастыру мүмкін бе? Құқық ғылымында құқық пен заңды уқсастыруға болмайтындығы баршаға белгілі.

Б. Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары мемлекеттік органдардың норма шығармашылық кілеттігін белгілейді. Парламент – аңдар, Президент – белгілі бір жағдайларда заңдық күші бар нормативтік жарлықтар, Үкімет – норативтік қаулылар, Конституциялық кеңес және Жоғары Сот - нормативтік қаулылар қабылдайды.

2. Конституцитя нормаларының тура қолданылуы барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне қатысты. Конституция нормаларының тікелей қолданылуы нені білдіреді? Ол мемлекеттік органдардың белгілі бцір жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей қолдана алатындығын білдіреді. Олар қандай жағдайларда тікелей қолданылады? Егер: 1) мемлекеттік органдардың қарауына жататын қатынасты реттейтін арнаулы нормативтік акт болмаса; 2) арнаулық нормативтік акт болғанмен, ол конституцияға қайшы келсе; 3) адамның және азаматтың құқығын, бостандығы мен жауапкершілігін анықтайтын нормативтік құқықтық акт қабылдаған жағдайда конституция ы қағидасы оны қолданудың мүмкіндігін көрсете алмаса; 4) Конституцияның қағидасы мән-мазмұны бойынша қосымша регламенттікті қажет етпесе мұндай жағдайларда конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.

Егер конституция нормаларына қашы келсе, егер азаматтардың құқын, бостандығын, жауапкершілігін белгілейтін нормативтік актілер жарияланбаған болса ондай норматвтік құқытық актілерді қолдануға мемлекеттікң органдардың құқы жоқ. Егер сот қолданылатын нормативтік актінің конституция қағидаларына қайшылығын байқаса немесе ондайлардың Конституцияға сәйкестігіне күдіктенсе, онда ол іс жүргізуді тоқтатуға және мұндай актінің конституциялығын анықтау туьралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Конституцияның 78-бабында және Президенттің туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі туралы» Конституциялық заң күші бара Жарлығының 17 және 20-баптарына сәйкес істі қараудың бірінші сатысында сот осындай сұрау салу ал касациялық және қадағалау сатысында сұрау салынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы ьсоты Конституцияны қолдану жөнінде соттарға бірқатар нұсқаулар берді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тұтқындалған адамның к прокурордың қамауға алуға және күзетте ұстауға берген рұқсатына байланысты сотқа шағымдануына құқы туралы қағида қаралмаған, Конституцияда тұтқыныдалған адамға мұндай құқық берілген. Сондықтан соттарға тікелей Конституцияны басшылыққа алу ұсынылады. Қамауға алу және күзетте ұстауға рұқсат берген прокурордың әрекетіне байланысты түскен шағымды соттар мейлінше қасқа мерзімде қарауы тиіс.

3. Конституциялдық нормаларды тікелей азаматтар мен ұйымдардың өздері жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың бірлесцтіктеріне өзін-өзі басаруға және өзін-өзі реттеуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда заң аясында әр түрлі, айталық, жеке кәсіпкерлік қызмет саласында құқытық қатынастарды қолданған азаматтардың іс-әрекетіне мемлекет араласпайды. Әрине,азаматтарға кең көлемде берілген құқық пенбостандық мұндай конституциялық нормаларды баршаның, тұрақты және ұдайы қолданатындығын білдірмейді. Әлеуметтік зерттеу Конституцияға, оның нормаларына адамдардың әр түрлі: нигилистік, конформисті, енжаратқарушылық, белсенді, күшпен-атқарушылық көзқараста қарайтындығын крсетті. Бір маңыды мәселеге: азаматтардың хабарлардығы мен құқытық тәрбиені ерекше назар аударған жөн. Ежелгі принцип бойнша заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Басқшалау қолданылады, дәлірек айтқанда, баршаның құқытық білімі мен білігіне мемлекет қамқоршы болуы тиіс. Бұл орайда, Қазақстан республикасы президентінің 199 жылғы 21 маусымдағы республикада құқықтық білім беру жөніндегі шаралар туралы қаулысының маңызы зор. Тек, мектеп жасына дейінгі мемлкеттерге ұсынылған құқтық білім беру бағдарламасының өзі көп нәрсені аңғартады. Бұл – ғалым – заңгерлер және практиктер үшін әрекет бағдарламасы.

4. Конституция құқықты, бостандықты және заңды мүдделерді қорғауға кең жол ашады. Біріншіден, азаматтардың өздері Конституцияың нормалдарына сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиіс. Конституция негізінде туындайтын сот билігінің барлық істер мен дауларды қамтитындығы Конституцияда тура айтылған. Конституциялық нормалардың тек жеке ьтұлғаларға ғана еме-, сондай –ақ заңды тұлғаларға да қатысты тікелей қолданылатыны осыдыан көцрінеді. Одан әрі, адамдардың конституциялық құқы мрен бостандығына нұқсан келтіретін заңдарды және норматиивтік құқықтық актілерді қолдануға соттардың құқы жоқ. Егер сот қолдануға жататын заңның немесе басқалай құқықтық актінің адамдар мен азаматтардың Конституциямен бекітілген құқығы мен бостандығына нұқсан келтіретінін байқаса, ол іс жүргізуді тоқтатуға және осы актінің конституцияға сәйкес еместігін тану жөніндегі ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жгінге міндетті.

Осыған орай бір мәселе туындайды: егер құзыреті Конституцияда немес конституциялық заңда көзделген органдар өз өкілеттеген орындамас, олар үшін мұның салдары қандай болуы мүмкін? Оыдан да өкініштісі, егер әрекетисіздік негізделмеген теориялық қағидалар тұжырымдамаса, оларға кім, қалай ықпал ете алады? Былайша, парламент және Президент, айталық, оларды орнынан түсіру арқылы Үкіметке ықпал ете алады. Алайда, бұл жеткіліксі деп ойлаймыз. Бұл - Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығындағы шешілмеген проблемалардың бірі.

5. Конституция қоғамдағы өмір салты мен көңіл күйге белседі ықпала ете алады. Бұл орайда, мемлекет органдары қызметінің Конституцияда белгіленген принциптері. Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм, қоғам өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу маңызды рол атқара алады. Бұл ьпринциптердің тек мемлкеттік оргадарға ғана емес, сондай – ақ барлық азаматтарға да қатысты екендігін естен шығармау керек. Шынында, тек мемлекеттік оргадардың күш салуымен қоғамдық келісімге келуге бола ма? Әрине, болмайды. Тұрғынардың барлық топтарының күш қосуымен де саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге болады және өзінің жеке басының үлесі арқылы көп мәселені шешуге болатындығын әр азамат жете сезінуі тиіс. Бір адамның немесе әлеуметтік топтың теріс қылығы бүкіл қоғамға нұқсан келтіруі мүмкін. Осыны ескере отырып, Қазақстанның Конституциясы мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, ұлттық, топты-тектік және рулық алауыздықты өршететін қоғамдық бірлесцтіктер құрып, қызмет жүргізуіне тыйым салады. Осындай конституциялық қағидалардың тікелей қолданылдуының пәрменділігі мол. Бұл ретте прблема да бар. Мысалы, топтық-тектік және рулық алауыздық дегеніміз не? Ғалым - заңгерлердлің бұл мәселеге терең ой жібергендері жөн.

6. Қазастан Республикасының конституциясы институттық қайта құруларды көздейді. Бұл нормалар жүзеге асырыла бастады. Біріншіден, прокуратура, екіншіден, құқық қорғау органдары қайта құрылды, үшіншіден, Конституциялық Кеңес қрылды, төртіншіден, қос палаталы парламент қалыптасып үлгерді және ең басты - Қазастан Республикасында президенттік басқару жүйесі құрылады. Аталған қайта құрулылар – конституциялық нормалардың бір жолғы әрекеті емес, олар тұрақты жүргізілетін және жетілдіретін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет