ОӘК 042-14-5-07.01.20.03.03-2012
|
№ 1 баспа
|
беттің -беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК042-14-5-07.01.20.03.03 - 2012
|
«ҚРның Конституциялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1басылым . .09.2012ж.
|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В030100»- құқықтану және «5В030400» кеден ісі мамандықтарына арналған
Семей
2012
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
Глоссарий
Асолюттік монархия-монархиялық басқару нысандарының түрі.Бір адамның монархтың шексіз мемлекеттік билігін жүргізу
Автономия- мемлекет жерінің бір болігінің өзін-өзі басқпру нысандарының түрі. Бір адамның –монарахтың шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды.
Авторитаризм-саяси режим түрлерінің бірі, онда саяси билік белгілі адаммен жүзеге асырылады (тап,партия ерекше топтар т.с.с.)халықтың қатынасы аз болады және оларға қоғамды бюрократтық –пәрменмен басқару әдісі тән сипат алады.
Адам құқығы-құқықтың маңызды принциптерінің бірі,адамның жоғарғы бағаланатындығын мойындау көрсетіледі, оның құқығын бостандығын, заңды мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір –қасиетін бағалап адамдар арасындағы шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету
Азаматтық –адам мемлекет арасындағы тұрақты қатынас ,оны бір-біріне тығыз байланысты құқықтарынан міндеттерінен және жауапкершіліктеріне байқауға болады
Азаматтық қоғам –адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік –экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.
Азамат-ол адам өз Отаның ұлы (немесе қызы) деген ұғым білдіреді.Басқаша мағынасында бұл ұғым адамның кез келген мемлекетпен емес,тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екндігін аңғартады.
Атқарушы билік-қабылданған заңдарды іске асыратын және жедел-шаруашылық қызметтерді орындайтын, тағайындалатын не болмаса сайланған атқарушы –иелік етуші билік органдары
Ауыл-саны кем дегенде елу адамнантұратын халқы саны бар.
Аймақ-республика мүддесін көздеп құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекендерді өзіне қамтитын республика аумағының бір бөлігі
Әкімшілік –атқарушы-әкімші мемлекеттк органдар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.
Әлеуметтік нормалар – қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп жолы
Бүкіл халықтың дауыс беруі (референдум) –ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы
Вето –парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы
Гуманизм-демократиялық құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық.Ол құқықтың іргелі қағидатты ғана емес,сонымен бірге адамға бағытталған мемлекеттік аппараттың құқықтық жүйесі мен оның бүкіл қызметінің басшылыққа алатын бағдары
Дәлелдеу- заңға сай келетін, заңды істің обьективтік шындығын белгілейтін қажетті деректер
Декларация-құқықтық құжат, ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау
Демократиялық режим-мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін есептей отырып көпшілік шешімді қабылдау
Депутаттық сауал – депутаттың мемлекеттік органға неммесе лауазымды адамға өкілді органның сессиясында сол органның немесе лауазымды адамның құзіретіне кіретін мәселелер бойынга негізделген түсіндірме беруді немесе айқындамасын баяндауды ресми түрде жасаған талабы
Жергілікті өкілді органдар –мәслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделері ескере отырып,оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді олардың жүзеге асырылуын бақылайды
Жергілікті өзін өзі басқару –жерлікеті жерлердегі атқарушы билікее ие органдар
Елді мекен- азаматтардың шаруашылық және өзгеде қоғамдық қыметі нәтижесінде қалыптасқан республиканың халық шағын сипатта қоныстаған бір бөлігі
Заң-ерекше жағдайда ,заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін,жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Заңдар-мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі,әрекет жасайтын заңдардың және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі
Заңдылық –қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының жиынтығы.
Заңды мүдде-обьективті кқұқықта көрсетілген ,не оның жалпы мәнінен пайда болатын, белгілі деңгейде кепілдігі бар заңды рұқсат,ол субьектінің белгілі әлеуметтік иглікпен пайдалануға ұмытылғанынан көрінеді,сонымен қатар,оны қорғайтын мемлекеттің құзіретті органдарына,қоғамдық ұйымдарға жүгінуи мүкіндігі
Заңды тұлға-меншігінде мүлкі бар,сол мүліктерін басқару процесінде,өз атынан мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.
Конституция- мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы, оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрлымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым –қатынасының принциптерін бекітеді
Конфедерация- мемлекеттердің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді
Қоғам –тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы,бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы.
Құқық нормасы-жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп жолы.
Құқық саласы-белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін , тәртіпке келтіретін заңды нормалардың жиынтығы
Құқық-жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған заң нормалары, қоғамдық , таптық ерікті көрсетеді қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет пен белгіленеді және қамтамасыз етіледі
Мемлекеттік аппарат- мемлекеттің алдыңдағы негізгі мақсаттарды, қызметтерді іске асыруға қажетті мемлекет органдарының жүйесі
Мемлекет-белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы,мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады.
Мемлекет нысаны-саяси биліктің ұйымдастырлуы жолы ,мемлекеттік нысанды, мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік құрлымды қамтиды және мемлекеттік –құқықтық тәртіп
Монархия-мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік сайланбайды және тағайындалмайды, мұрагерлік жолмен жүзеге асады.
Мораль-адамдардың тәртібін, жақсылық ,әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптері
Мемлекеттік билік –бұл мемлекеттік құқықтық құралдар,әдістер мен тәсілдер жүйесі
Мәжіліс- Парламенттің төменгі палатасы,ол жетпіс жеті депуттан тұрады
Нормативтік келсім-құқықтық –шығармашылық субьектілерінің арасындағы келсім,оның нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болады
Нормативтік акт-құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен қабылданады,ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Саяси режим- тәсілдердің,амалдардың,құралдардың жүйесінің негізінде саяси билік жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.
Сот билігі –сотта іс жүргізудің азаматтық,қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады.
Сенат- әр облыстан,республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан,тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын құралады.
Сессия- мәслихаттың өздері үшін ортақ бір күн тәртібі бар, бірінен кейін бірі болатын бір немесе бірнеше отырыстары
Тәртіп-қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сай болуы
Тұлға-нақты қоғамдық экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшелктердің жиынтығын білдіреді
Президент- ел басшысы,мемлекеттік биліктің лауазымдық қызметтінің атқараушы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Парламент- заңшығарушы қызметті атқарушы мемлекеттік билік органы жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы
Үкімет –атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады,атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Республикалық маңызы бар қала-ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе халық саны бір миллионнан астам адамнан тұратын елді мекен.
Дәрістер
Дәріс-1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ: ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: ҚР-ның Конституциялық құқығының –құқық және ғылым саласы жүйесіндегі алатын орны, ашу, бастауы ретінде қарастырып ұғымды қалыптастыру 1.КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
2. КОНСТИТУЦИЯЛЫК ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
3. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
1. Конституциялық құқық- Қазақстан республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипаталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіредіжәне басқа
құқық жүйесінің номаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатыныстароның пәнің құрайды.Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерешеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатыныстар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттікбиліктін жүзеге асуымен тікілей байланасты жүргізідеді.
Конституциялық құқық пәнінің түсіндірудың теориялық сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінүге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнінің білмейінше оның номаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес.Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нрмасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудін нысаны болып табылатын қоғамдық қатыныстар сипатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатыныстар аясы мейлінше кең.Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көрінестері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдығы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық тұтас алғанда, құқықттың реттеу әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатыныстарды реттейді. Конституциялық- құқықтық қатыныстарды реттеу үшін төмендегідей:1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі 3). рұқсат ету әдісі 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі; мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституцияның 18- бабында: « Мемлекеттік органдар қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституцияның 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: « Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты.Тиысыншы, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялык құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азамат-тарға катысты шектеулі жағдайларда ғана колданылады. Қазакстан Республикасы Конституциясынын, 39-бабының 3-тарма-ғында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардык құқыктары мен бостандыктарын кандай да бір түрде іиектеуге жол берілмейді». Конституиия занда каралмаған әскерилендірілген күрамалар кұруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рүқсат ету әдісін де кең колданады.
Мүндай әдіс қол жағдайда адамның жоне азамаітың мәртебесін белгілеу үшін колданіылады. Мысал ретінде әркімнін,заңмен белгіленгеннен баска ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рүқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір аукым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардын, өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталык, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге зан шығару екілеттігін беруге хакылы.
Қазақстан Республикасының конституциялык күкығы, меніңше, қүқықтық реттеудің тағы бір әдісін - тану (таны-мау) әдісін де колданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық женіндегі әдебиеттерде мүндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бүл әдіс объективті фактордан-адамдардың табиғи құкығын заң түрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рүксат етеді емес, дәлірек айтканда,таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам кұқықтары мен бостандыктары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен езге де нормативтік құқықтық актілердің мазмүны мен қолданылуы осыған карай анықталалды". Құкыктық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.
2. КОНСТИТУЦИЯЛЫК ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
Кұқық ғылымында кұқыктың заңдык, бастаулары үғымы қалыптасқан. Бүл орайда кұкыктың бастаулары ретінде кұкык нормалары көрініс беретін нысандар үғынылады. Кұқықтык,нормалар нормативтік құкықтык, актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында қүкық бастауларын анықтауға катысты біркдтар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік қүкықтық актілердін, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің сондай-ак, Республика Конституциялык Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік каулыларының нормалары болып табылады" (Казақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).
Көрсетілген конституциялық кағида құқык бастауларын жалпылай сипаттайды, Конституцияда көрсетілген нормативтік құкықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негізгі кайнар кезі, тұтас алганда, Конституция болып табылады. Мүндай жәйтті боліп айтуымның себебі, ұлттық кұкыкты калыптастырудын қайнар көзі ретінде тек Конституциянын құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның баска да элементтері: принциптері, жалаң кағидалары, міндеттері мен мақсаттары да кызмет етеді. Тарихи фактіні бүлайша сипаттаудын мемлекеттің тек көп үлттық қана емес халыктық сипатын үғынуда да айрыкша мәні бар. Ал бүл идея мемлекеттің барлық көп үлттымемлекеттіңатыпан қызмстетуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идсялардын бәрі тиісті зандардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялык. идеяның бастаулық мәні қызметін атқарады. Бүл кағида Республика аза-маттарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар көзі болуы тиіс, Қазакстан Республнкасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінін принциптері: коғамдык келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халыктың кажетіне орай экономикалык даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше манызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу казақстандық құқыктын. қайнар көзі қызметін аткарады.
Мемлекет және оның органдары қызметінін негізіне алын-бастан бүрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқыктық актілермен бекітілуі тиіс.
Конституцияның кұкыктық нормалары сала ретінде конституциялык, құқыктың тура және тікелей кайнар көзі болып табылады. Қазакстан Республикасы Конституциясының күкықтық нормалары калайша күқықтын кайыар көзі ретінде сипатталады?
1.Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болыпта болатын құқыктық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтканда, Конституцияның құкықтык нормалары конституциялык-кұкыктық катынастарды реттейтін барлық нормативтік кұкыктық актілерді калып-тастыру мен дамытудың негізі болып табылады.
2. Казакстан Республикасы Конституциясының құқыктық нормалары мемлекет пен коғам өмірінің барлык, салаларын: саяси, экономикалык, әлеуметтік, мәдени салаларділ қамтиды. Әрине Конституцияның құқықтык нормалары аталған салалардағы коғамдык қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек коғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құкықтық нормалары кұқықтың баска салаларының құқыктык нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялык кұкыктың басқа бастауларымеи салыстырғанда Қазақстан Республикасы Конституциясынын жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядаң бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп таиылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның қағидаларынын жоғары занлык күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4. Қазакстан Республикасы Конституциясының тек конституциялык құқықтың ғана емес, сондай-ақ құкықтык баска да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтын мемлекеітік еркі, олардың құкықтық демократиялык мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастықка оның тең құқылы мүшесі ретінде косылу жоніндегі табандылығы тікелей корініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларындай, сондай-ақ тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Баска нормативтік құқықтық актілер коғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, Қазақстан Республикасы Конституииясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл коғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін-өзі баскару органдарын, және баскаларын) қамтиды.
6. Сондай-ақ Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын камтамасыз ету кажеттігімен туындайтын мәнімен сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінін қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік (республикалық) мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. "Конституциялық заңдар" атауы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.
Жай заңдар да конституциялық кұқықтын қайнар көзі болып табылады. Жай заңдарды Қазақстан Республикасыиык Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Конституциясында каралған жағдайда жай заңдарды Президент те кабылдай алады. Казақстаннын конституциялық қүқының кайиар көзіне азаматтықтуралы, кеші-қон туралы жоне баска жай заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатынын. Регламенті, Парламентінін Регламенті, Парламент Пала-талары күрған үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының кайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттін нормативтік жарлыктары үш топқа:І) конституциялык, заң күші бар жарлықтарға, 2) жай заң күші бар жарлыктарға, 3) занға сәйкес нормативтік жарлықтарғабөлінеді. Әрине,тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін занға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке берген жағдайда ол зандық күші бар жарлықтар қабылдауға қүқылы. Заңдық күші бар жарлықтардың заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңдардың заңдык, күшімен тең.
Республикада заң шығаратын орган жүмыс істемеген кезеңде Президент конституциялық-құкықтык нормалардан тұратын конституциялық және жай заңдық күші бар біркатар жарлықтар қабылдады. Олар әлі де күшінде және Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көздері болып табылады. Олардың қатарына Президенттің Парламент және депутаттар туралы, референдум туралы, Президент туралы, Үкімет туралы, Конституциялық Кеңес туралы және баска жарлықтары жатады.
Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық кұкықтың қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқыктық актілері конституциялық құқыктың, конституциялық - құқыктық нормалардан тұратын сала ретіндегі қайнар көзі болып табылады.
Қазак КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның конституциялық қүқыктың қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған декларация Кеңестер Одағы кезінде кабылданғанымен, ол кейін егемендіктің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда жәнс басқа конституциялық актілерде бекітілген принциптерін жариялады.
Казақстан Республикасы таныған халықаралық-құқыктық актілердін нормалары да конституциялық құқыктың қайнар көзіне жатады. Ол адам кұқы, қоғамдық күрылымдар және бас-калар туралы конституциялык мәні бар құқықтық нормалардан тұруы мүмкін.
Саланың кайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардын, сондай-ак конституциялық-құқыктык, нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті сипатта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |