1.Сот билігі ұғымы
2.Қазақстан Республикасының соттары
3.Сот жүесінің негізгі буыны
4.Жоғарғы Соттың органдары
5.Судьялар мәртебесі
1.Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа Конституциясының 3-бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы ,атқарушы және сот билігі тармақтарына болінуі,сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып,олардың өзара іс-қимыл жасуын бекітіп берді.Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан,судьялар мен соттардың материалдық қамтамасыз етілуін арттырудан,сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден,сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды.Әсіресе азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын шектеу қауіпі бар жағдайларда,қылмыстарды іздестіру және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізделген бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда
Сот билігі деп соттар жүзеге асыратын адамдардыңмінез –құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды,Республика Конституциясының, заңдарының,өзге де нормативтік –құқықтық актілерінің,халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету.Ол осыладың негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің,үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар,оларды орындамау,сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілкке әкеліп соғады. Сот билігінің Қазақстандағы иелері құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар болып саналады.
Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алды. Оны соттардың мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып және заңда белгіленген тәртіп пен рәсімді сақтай отырып,қылмыстық, азаматтық және өзге де істер қарау шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну керек
2.Қазақстан Республикасының соттары
Өздерінің құзіретіне және алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына сәйкес орналасқан соттар жиынтығы сот жүйесін құрады.Қазақстан Республикасы Конституциясы75 бабының 3 және 4 тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы 1995жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлықтың 2 бабына сәйкес,республикадағы сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілкті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға жататындар:
1)облыстық және соған теңестірілген сотар (Астана және республикалық мәні бар қалалардың соттары, әскерлердің Әсери соты)
2)аудандық (қалалық) сотар,біріккен күштердің (гарнизондардың ,құрамалардың ,армияладың) әскепи соттары.
Ешқандай орган ,лауазым немесе өзге адам сот міндеттерінмойына алуға хақысы жоқ.Қандай да бір атаумен арнаулы төтенше сотттарды құруға жол берілмейді.
Республикада соттардың мамандандырылуы және осы мақсатпен;шаруашылық,салықтық,әкімшілік, отбасылқ және өзге де мамандандырылған соттардың құрылуы мүмкін .Олар аудандық (қалалық) соттардың мәртебесіне ие болады.
Сот жүйесін мынандай тұтастық сипаттайды:
Сот төрелігінің конституциялық принциптері,
Заңдарда бекітілген сот існ жүргізу нысандарында сот билігін жүзеге асыру
Соттардың бірыңғай заңдар қолдану
Соттарды құрудың тәртібі
Заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика аумағында орындалу жүйесі
Барлық соттарды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру
Сот жүйесін шартты түрде үш буынға болуге болады.
1)негізгі (аудандық ,қалалық соттар, гарнизондардың ,құрамалардың,армиялардың әскер соттары)
2)орта ( облыстық соттар ,астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары, әскерлердің әскери соттары)
3)жоғарғы (қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты)
Сот буыны ұғымынан айыра қаруды қажет ететін сот инстанциясы ұғымы да бар. Сот жүйесінің буындары ұйымдық құрлым принциптерін сыйпаттайды, ал сот инстанциялары (бағыныштылық сатылары) шешілетін міндеттердің өзіндік ерекшелігін, өкілетілік аумағы мен сыйпатын,сондай-ақ сот ісін жүргізудің соған тән ерекшеліктерін даралайды.Сот инстанциясы деген ұғымды сот істерін шешумен байланысты (істің мәні бойынша шешім қабылдау немесе осы шешімнің заңдылығы мен негізделген тексеру) қандай да бір сот функциясын атқаратын сот деп түсінген жөн.
Бірінші инсианциялы соты деп,істі қарайтын және сол іс бойынша нақты шешім қабылдайтын сотты айтады.Ондай сот аудандық ,облыстық немесе Жоғарғы сот болуы мүмкін.
Екінші инстанция соты деп бірінші инстанция соты қабылдаған сот актілерінің заңдылығы мен негізділгін тексеретін сотты айтады.Екінші инстанция сотының апелляциялық және кассациялық сияқты нысандарын айыру қалыптасқан.
Апелляциялық инстанция деп,бірінші инстанция сотының заңды күшіне енген үкімдеріне ,шешімдеріне және қаулыларына апелляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанция сотын айтады
Кассациялық инстанция деп,бірінші инстанция сотының заңды күшіне енбеген үкімдеріне,шешімдерніне және қаулыларына және апелляциялық сот үкімдеріне,шешімлеріне және қаулыларына және апелляциялық сот үкімдеріне ,қаулыларына кассциялық шағымдар мен нарзылықтар бойынша істер қарайтын екінші инстанциялы сотын айтады.
Бұлардан ббасқа қадағалау инстанциясы бар-ол алдыңдағы сот инстанцияларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдар немесе прокурорлық наразылықтар бойынша қадағалау реінде іс қарайтын сот
3.Сот жүйесінің негізгі буыны
Сот жүйесінде сот төрелігін атқаруда негізгі салмақ негізгі буынға –аудандық (қалалық) және әскери соттарға түседі.Олар азаматтық және қылмыстық істердің көпшілігін,әкімшілік құқық бұзушылық материалдарын және басқалаларын қарайды.
Мәселен,олар заң бойынша жоғарғы тұрған соттардың қарауына жатқызылған істерді қоспағанда,бірінші инстанция бойынша қаралатын істердің бәрін қарайды.
Негізгі буынның соттары істерді жеке өзі қарайды.
Ауданда,қалада (ауданның бағынысындағы қаларды қоспағанда ),қалалық ауданда (қалалық) сотты Әділет министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады және таратады.Әділет министрлінің ұсынымы бойынша Президент бірнеше аудандарға және қалаларға бір сот құра алады. Әділет министрі әділет басқармасы бастығының және облыстық және соған теңестрілген сот төрағасының бірлескен ұсынымы бойынша сот жанынан сот учаскілерін құра алады және тарата алады.
Аудандық (қалалық) сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады.Егер штат бойынша (қалаға)бір ғана судья тиісті болса,ол сонымен қатар төрағаның (бірқұрамды сот)өкілеттігін қоса атқарады.Судьялардың жалпы санын Президент Әділет министрінің ұсынымы бойынша белгілейді.Сот учаскесінде судьялардың жұмысына аға судья басшылық етеді .
Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судьяның және сот буыны басшысының міндеттерін қоса атқарады.
Аудандық соттың төрағасы уақытша қызметте болмаған жағдайда,әділет басқармасы оның міндетін басқа аудандық соттың судьясына жүктеуі мүмкін.
Судьялардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін әділет органдары сот аппаратының құрлымы мен штаттарын белгілейді,оған кеңсе меңгерушісі, сот хатшылары ,кеңесшілер, бухалтерлер , машинисткалар,архиваристар кіреді.Олардың бәрін сот төрағасы жұмысқа алады және жұмыстан шығарады.Бұлардың басқа әділет органдары тағаындайтын сот отырыстарының хатшылары ,сот мәжілістерінің хатшылары,сот орындаушылары,сот приставтары сот қызметкерлері болып саналады.
Жүйенің орта буын соттары
Облыстық сотар және оларға теңестірілген астананың және республикалық маңызы бар қалалардың соттары,Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты орта буын соттары болып есептеледі.Олар бірінші, апелляциялық,кассациялық және қадағалау инстанцияларының соттары ретінде әрекет етеді,сонымен бірге, олар заңмен белгіленгенжағдайларда, жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша қылмыстық істерді қарайды.
Бірінші инстанция соты ретінде олар, мәселен, аса ауыр жағдайда кісі өлтіру,геноцид,мемлекетке опасыздық жасау,террорлық,баскесерлік,жаппай тәртіпсіздік туралы қылмыстық істерді,сондай-ақ өз қалаулары бойынша неғұрлым күрделі және маңызды азаматтық істерді қарайды.
Мұымен қоса,орта буындағы сотар заңды тұлғалар арасындағы даулы мәселелерге байланысты шаруашылық істерін қарайды.
Орта буын соттары апелляциялық және кассациялық тәртіп пен қылмыстық және азаматтық істер бойынша шағымдар мен наразылықтарға байланысты негізгі буын соттары қараған істерді қарайды.
Бұл соттар қадағалау инстанциясы ретінде заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы мен негізделген тексереді,жаңа ашылған жағдаяттар боынша істерді қайта қарайды.
Мұнымен қоса, орта буын соттары сот стастикасын жүргізеді және талдайды, сот практикасын зерттейді, қортындылайды,өзіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орта буын соттарын Әділет министрлігінің ұсынымы бойынша Республика Президенті құрады және таратады.Соттардың сандық құрамын тиісті соттың сот жұмыстарының ауқымы мен сыйпатын ,халықтың санын және сол сияқтыларды ескере отырып жасаған ұсынымы бойынша Әділет министрі белгілейді.
Орта буын соттары төрағадан,сот алқасы төрағаларынан және тұрақты судьялардан құралады. Сот президумы,қылмыстық,азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот алқалары осы соттардың органдары болып саналады(әскерлердің әскери сотында шаруашылық істері бойынша сот алқалары болмайды)
Сот алқалары бірінші инстанция бойынша апелляциялық,кассациялық және жаңа ашылған істерді қарайды.
Сот мүшелерінің жалпы санының көпшілік және жасырын даусымен жыл сайын сайланатын орта буынның сот президумы сот төрағасынан және тұрақты төрт судьядан тұрады.
Сот президиумы шағымдар мен наразылықтар ,сондай-ақ жаңа ашылған жағдайлар бойынша қадағалау тәртібімен істер қарайды.
Орта буының сот төрағасы судья болып есептеледі және соттың жұмысын ұйымдастырады.
Орта буынның соттарының аппараттары негізгі буын соттарының аппараттарына ұқсас...
Жоғарғы сот төрағадан ,сот алқалары төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
4.Жоғарғы Соттың органдары
Пленум
Президум
Қылмыстық ,азаматтық ,шаруашылық істер бойынша сот алқалары,әскери сот алқасы.
Жоғарғы Соттың пленумы Төраға ,сот алқаларының төрағалары,Жоғарғы сот судьялары құрамында қызмет етеді.
Ол;
1.соттардың заңдарды және басқа да нормативтік –құқықтық актілерді қолдану практикасын зерттеу мен жинақтау материалдрын қарайды және сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін нормативтік қаулылар қабылдайды.
2.сот статистикасы сараптамасының материалдарын қарайды
3.конституцияға сәйкес мемлекетке опасыздық жасағаны туралы Президентке тағылған айыптың негізділігі жөнініде тұжырым береді
4.Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша Жоғарғы Сот пленумының хатшыларын ,ғылыми –консультативтік кеңестің құрамын сайлайды.
5.Жоғарғы Сот тәртіптік алқасының мүшелерін сайлайды
6.Жоғарғы Сот президумының мүшелерін сайлайды
7.Жоғарғы Сот төралқасының үкімдеріне кассациялық немесе қадағалау шағымдарын қараған кезде қабылданған президум қаулыларына қаулыларына қадағалау шағымы және наразылығы бойынша қылмыстық істер қарайды,
8.өзіне заңмен берілген өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
Жоғарғы Соттың президумы төрағадан және тұрақты сегіз судьялардан тұрады, оларды жыл сайын Жоғарғы Сот Плениумының мүшелері жасырын дауыс беру арқылы жалпы мүшелердің көпшілік дауысы мен сайланады. Мәжіліс кемінде айына бір рет өткізіледі
Жоғарғы Соттың сот алқалары Жоғарғы Соттың судьяларынан тұрады. Олардың құрамын Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді.Алқа төрағаларын Республика Жоғарғы Соты Кеңесінің кепілдемесі негізінде Президент ұсынымы бойынша Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың соталқалары бірінші инстанция соты ретінде азаматтық ,шарушылық және басқа да аса маңызды немесе өз қалаулары бойынша БасПРокурордың бастамасы бойынша қолға алынған ерекше күрделі істерді қарайды және шешеді:Сонымен қоса,олар мемлекеттің жоғарғы лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істерді қарайды.
Жоғарғы Соттың сот алқалары бірінші инстанция шығарылыған облыстық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне еенбеген үкімдері мен шешімдеріне кассациялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істерді қарайды.
Оларды қадағалау ретінде облысмтық оған тенестрілген соттардың бірінш і инстанциясы бойынша және апелляция ретінде қаралған істері бойынша қабылданған әр заңды күшіне енген актілеріне шағымдары мен наразылықтар бойынша ,сондай-ақ облыстық және оған теңестрілген соттар президумдарының қаулыларына қадағалау шағымдары мен наразылықтары бойынша істер қарайды.
Жоғарғы Соттың жанына ғылыми –консультативтік кеңес құрылады, ол сот практикасының , Жоғарғы Сот Пленумы нормативтік қаулылары жобасын және өзге құжаттардың практикасын зерттеу мен жинақтауға байланысты материалдарды қамтамасыз нтуге арналған кеңсші орган болып есептеледі
Жоғарғы Соттың өз аппараты бар ,ол консультаттарды, инспекторларды, сот алқаларының хатшыларын қамтитын болімдерден тұрады.
5.Судьялар мәртебесі
Судьялар Қазақстан Республикасында сот билігін жүзеге асырушылар болып табылады.Оларға конституциялық тәртіппен сот төрелегін атқару жөніндегі кең өкілеттіктер берілген.
Судьялардың қызметі билік өкілеттіктерін іске асыру мен байланысты болғандықтан,ол лауазым кандидаттарына жоғары талаптар қойылады.Мәселен,заң бойынша аудандық
қалалық) сотқа тек мыналар ғана судья бола алады.
Қазақстан Республикасының азаматтары;
Атына кір келтірмеген,беделді азаматтар25 жасқа толғандар;
Заңгерлік жоғары білімі барлар;
Заңгерлік мамандығы бойынша кемінде 2 жылдық стажы барлар
Біліктілік емтиханның ойдағыдай тапсырғандар және әділет біліктілік алқасының ұсынымын алғандар.
Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар,оның екі жылын,әдеттегідей,әділет,прокуратура, анықтау және тергеу органдарында судья болып істеген заңгер
Біліктілік емтиханын тапсырған және Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынымын алғандар
әскери сотың судьясы ,сонымен қатар , әскери қызметкер болуға тиіс
жас мөлшері Констититуцияға сәйкес белгінеді және 60 жастан аспауы керек.Ерекше жағдайларда бұл мерзім 5 жылдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін
Жоғарғы Соттың,сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы Сот судьяларын және Жоғарғы Кеңесінің кепілдемесі бойынша республика Президенті қызметке тағайындайды.Сот учаскелерінің және басқа соттардың төрағаларын,аға судьялары мен судьяларын әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген әділет министрлінің ұсынуы бойынша республика Президенті қызметке тағайындайды .Барлық соттардың және сот алқалрының төрағалары 5 жылға сайланады және тағайындалады.
Заң судьялар үшін белгілі бір шектеулер белгілейді .Мәселен,олардың мыналарға құқығы жоқ;
-депутат болуға
-ғылыми –оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметтерді есептемегенде,басқа ақылы қызмет атқаруға
-кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
-коммерциялық ұйымдардың басшы органның немесе бақылау кеңесінің құрамына енуге
-партия ,кәсіптік одақтар мүшесі болуға
-қандай да бр саяси партияны қолдауға немесе оған қарсы шығуға
«Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың өкілеттігітоқатыла тұрады:
қылмыс жасаған жерінде қолға түскен немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстылық жауапқа тартылған жағдайда ,судьяны күзетпен ұстауға немесе оны қылмыстық жауапқа тартуға немесе тұтқынға алуға келісім берілгенде
суья соттың шешімі бойынша медициналық сыйпатттағы мәжбүрлеу шараларын ұйғарылған әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылғанда
судья сот шешімі бойынша үшті –күйлі жоғалды деп танылғанда
судья депутаттыққа кандидат болып тіркелгенде
судья қызметіне босатылады (Жарлықтың 47 –бабы)
1.өз қалауы бойынша
2.денсаулығына байланысты
3.қызметте болудың ақтық жасына жетуіне байланысты
4. қайтыс болуына байланысты
5.атқаратын қызметіне сәйкес келмеуіне немесе Жоғарғы Сот Кеңесінің немесе Әділет біліктілік алқасының ұйғарымы бойынша судья қызметімен сыйыспайтын кәсіппен айналысқан деп танылғанда
6.егер сотың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда
7.Қазақстан Республикасының азаматтығынанайырлған жағдайда
8.Конституция мен заңдарды бұлжытпай орындау талаптарын және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын бостандықтары мен заңды мүдделрін қорғауды қамтамасыз етпеген жағдайда
9.шешім бойынша әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе қайтыс болды деп танылғанда
10.басқа судьялық қызметке тағайындалған,сайланған немесе мемлекеттік органдардың басқа қызметіне ауыстырылған жағдайда
Судьялар өз қызметінде есеп бермейді және бақылауға алынбайды,алайда заңда белгіленген жағдайларда олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады
Республика Жоғарғы Со кеңесі сот жүйесінің құрамына кірмейтін тәуелсіз,автономды орган болып табылады.Ол Президент құрған консультативтік –кеңесті орган болып есептеледі.Оның құрамына мемлекеттік биліктің барлық үш тармағы да кіреді.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы;Жоғарғы соттың Төрағасы;Бас прокурор; Әділет министрі; Сенаттың екі депутат;Жоғарғы Соттың Пленумында сайланған алты судья (екеуі Жоғарғы Сотан,екеуі Облыстық соттардан,екеуі аудандық,қалалық соттардан);Президент тағайындаған екі мүше.
Жоғарғы Сот Кеңесі мыналар өкілетті:
1.Жоғарғы Соттың ,облыстық және соған теңестрілген соттардың құрамына кіретін судьялар қызметіне судьялар қызметіне іріктеуге
2.осы судьяларды қызметтен босату туралы ұсыным жасауға
3.Әділіет Біліктілік алқасының шешімдеріне жасалған шағымдарды қарауға
4.судьялардың тәуелсіздігін және қол сұқпаушылығын қамтамасыз етуге
Әділет Біліктілік алқасы автономды ,тәуелсіз мекеме бола тұра ,сот жүйесінің құрамына кірмейді .Оның құрамына Әділет министрінің орынбасары,Мәжілістің екі депутаты,алты судья, Бас прокурородың орынбасары адвокаттар,нотариустар,заңгерлер қауымдастықтарының өкілдері
Әділет біліктілік алқасы судьяларға кандидаттарды іріктейді емтихан қабылдайды, сондай-ақ оларды қызметтен босатуды және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Оның шешімдеріне 10 күн ішінде Жоғарғы Сот Кеңесіне шағым берілуі мүмкін.
Пысықтау сұрақтары
1.Сот және сөрелігі ұғымы
2.Сот органдарынң қызметі
3.Сот органдарын құру
4Сот жүйесі
5.Сот органдарына қызметке алу тәртібі
Дәріс -15.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқарудың конституциялық негіздері
Мақсаты : ҚР ның жерглікіт өзін өзі басқару қызметі түсініг ,жерглікіт жерлердеге мәслихат қызметі оларды құру тәртібі., жерглікіт өзін өзі басқарудың мемлекеттік билік жүйеснідегі орны мен ролі ашу
1.Жалпы ережелер
2.Жергілікті өкілді органдар –мәслихаттар
3.Әкімдер және әкімшліктерді құру, құзіреті қызметнің ұйыдастырылуы
1.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады.Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызметпринциптерін басшылыққа алады.Демек, жергілкті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы.Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді.Қзақстан Республикасындағы жергліктімемлекенттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады. Және белгілі бір дербестікке ие болады.
Қазақстан Республикасының 1995 ж.Конституциясы жергілікті мемлекет органдарының аталған үлгісін қабыл алды.Конституциясының осы органдарға арналған бөлімі «жергілікті мемлекеттікбасқару және өзін өзі басқару» деп аталады.Бұл бөлімде жергілікті мемлекеттік бас органдары туралы жалпы айтылады.2001ж.23 қаңтардағы «Қзақстан Республикасыдағы жерглікті мемлекеттік басқару туралы» Заң жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,қызметнің ұйымдастырылуын, тәртібін сондай ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.Бұл заңда Қзақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген.Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу ,оны аталған заң мен басқа да заңдық актілер белгіленген құзіреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады.
«Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның қағидаларыны негіз болып табылады,яғни ,қосалқы заңдық актілер аталмыш заңның негізінде және нақтылаумен қабылданады. Жиынтығында олардың барлығы жергілікті мемлекеттік басқару туралызаңдардықұрайды.Бұл заңдар Қзақастан Республикасындағы барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қолданылады.Ұлттық заңдардың құрамында қоғамдық қатынастардың басқа саларын реттейтін және жерглікті мемлекеттік басқаруға қатысты нормалары бар нормативтік құқықтық актілер болуы мүмкін екнін атап өткен жөн. Осындай құқықтық нормалар жерглікті мемлекеттік басқару туралы заңдардың құрамдас бір бөлігі болып табылады.Бұл заңдарда арнайы нормативтік құқықтық актілер болуы мүмкін.Атап, айтқанда ,оларға Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралызаңдар жатады.Алматы қаласының аумғында «жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заң Қазақстан Республикасының оның ерекше мәртебесі туралы заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданыладыОған жеке тоқталамыз. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңда мәслихаттарға да, сондай ақ әкімшлік терге де қатысты қағидаларбар.Мәелен ,жергілікті мемлекеттік басқару органдарымәслихаттар мен әкімшіліктердің қызметінің экономикалық және қаржылық негізін :
жергілікті бюджет
коммуналдық заңды тұлғаларға берілген мүлік
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге мүлік құрайды
Әриние, мәслихаттар мен әкімшіліктердің бұл мәселелергекөзқарастарында ерекшеліктер бар,ол туралы тиісті бөлімдерде сөз болады.
« жерглікті мемлекеттік басқару туралы» Заң мәслихаттар мен әкімшіліктер үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белілейді Олар төмендегілер жатады:
мәслихаттар мен әкімшліктер жалпы емлекеттік сыртқы және ішкі, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге; әлбетте,бұл органдардың шешімдер Конституцияға,заңдарға және басқа да норматитвіктік актілерге қайшы келмеуі тиіс.
Мәслихаттар мен әкімшліктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету мүдделерін сақтауға тиіс,Ұлттық қауіпсіздіке қатысты мәселелер шеңбері арнайы заңда белгіленген.
Мәслихаттар мен әкімшіліктер өз құзіретінің шектерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақталуын қамтамсыз етуге міндетті ; бұл олардың ортақ міндеті болғанымен,заң мәслихаттар мен әкімшіліктер үшін оны орындаудың түрі әдістерін белгілеген.
Мәслихаттар мен әкімшіліктерге қазақстан Республикасының шегінде еңбек рыногін,капитал,қаржы,қаржы нарқын қалыптастыруға,тауарлар мен қызметтермен еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Мәслихаттар мен әкімшіліктер өз аумақтарын дамыту жоспарларын әзірлеу және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарын басшылыққа алуға тиіс
2.Жергілікті өкілді органдар –мәслихаттар
«Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заң жергілікті өкілді орган ,облыстың маңызы бар қаланың ,астаның ауданның халқы сайлайтын,халықтың еркін білдіретін және ҚР ның заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асыун бақылайтын сайланбалы орган болып табылады.Осы ұғымда жергілікті өкілді органдарды мемлекеттік тетіктің ерекше бір бөлігіне бөліп шығаратын белгілер қатары келтірілген.Бірінші белгі-бұл сайланбалық.Бірақ сайланбалық жергілікті өкілді органдардың айырықша белгісі болып табылмайды.Парламент Мәжілісінің депутаттары да сайланады.Конституция аудандық және одан төмен тұрған атқарушы органдардың сайланбалық мүмкіндігін көздейді.Мәслихаттардың екінші белгісі әкімшлік аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында.Мәслихаттар әкімшілк аумақтық бірліктің тиісті аумағында тұрып жатқан халықтың еркін білдіреді.Егер аталған белгі жергілікті өкілді органдарың қалыптасу процесін сипаттайтын болса,онда төртінші белгі олардың қызмет саласына жатады.Жергілікті өкілді органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға және халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңда аталған осыбелгіде «халықтың еркі» дегенді онша дұрыс түсінбеуден туындайтын Клнституция қағидасын онша дұрыстамай қайталау бар.Заңда «халықтың еркі» халық мәслихаттардың депутаттарын сайлап,оларға өз қызметінде тек сайлаушылардың еркін жүзеге асыруыды тапсыратындай түсінген.Мәслихат заңнамаға сәйкес тек халықтың еркін іске асыру үшін шаралар белгілейді деген қағидасын дәл осылай түсінуге болады. ҚР ның Конституциясыынң 86 бабында «Жергілікті өкілді органдар –мәслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделері ескере отырып,оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді олардың жүзеге асырылуын бақылайды» делінген.Конституцияның аталған қағидасы :1) мәслихаттар халықтың еркін білдіреді;2) мәслихаттар халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды жалпы мемлекеттік мүдделерді ескерумен белгілейді.3) мәслихаттар жергілікті өзін өзі басқару органдары болып табылмайды дегенді білдіреді.Қазақстан Республикасы Конституциясының 85 бабының жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтығы істің жай күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады деп жазылған.Демек, жергілікті халықтың атынан өкілдік ете отырып оларменқалыптастырылса да мәслихататр мемлекеттік тетіктің бір бөлігі болып табылады және осы себепті жалпы мемлекеттік мүдделерді ескруге тиіс. ҚР ның Конституциясының 91 бабында белгіленген мемлекеттік біртұтастығы және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды.Мәслихат жергілікті халықтың еркін білдіруді сылтау етіп осындай мәселелерді қоюға құқысыз,себебі,аталған конституциялық ережелер жалпы мемлекеттік мүдделерді білдіреді.
Мәслихаттардың құрылуы ,қызмет тәртібі және құзіреті
1)Мәслихаттардың құрылуы Қазақстан Республикасының Конституциясымен ,ҚР ның Сайлау туралы Заңымен» және «Қ Рындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның бірқатар нормаларымен реттемеленеді.Конституцияда мәслихаттаардың құрылуына арналған бірнеше нормалар бар.Оларда мәслихаттар әкімшілік аумақтық бірліктер-облыс,қала,аудан аумағында сайланады деп көрсетіледі.Мәслихаттарды халық жалпыға ортақ ,тең,тура сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру жағдайында төрт жыл мерзімге сайлаайды.
2)Мәслихат Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілеген оның депутаитары жалпы санының кем дегенде төрттен үші сайланған жағдайда құқылы деп саналады.
Мәслихат тұрақты әрекет ететін мемлекеттік басқару органы болып табылмайды.Мәслихат сессиялар бойынша жұмыс істейді,сессия мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны болып табылады.Мәслихаттың өкілеттіктері бірінші сессияның ашылу сәтінен басталады және жаңа шақырылған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.Әкімшлік –аумақтық бірліктердің қайта ұйымдастырылуы орын алуымүмкін.Бұл жағдайларла мәслихатардың депутаттары өздерінің өкілеттіктерін сақтап қалады және әкімшілік аумақтық бірліктерінің құрамына мәслихаттарды сайлаушылардың көпшілік бір бөлігі кірген қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып қалады.Егер белгілі бір әкімшлікі аумақтық бірлік таратылса,онда тиісті мәслихат та таратылады.
Мәслихат тек мемлекеттік өкілді орган болып саналады,заңды тұлға болып табылмайды, яғни,қандай бір шаруашылық әрекеттер жасамайды.Мәслихат кіммен де болмасын шаруашылық қатынастарға кірмейді.Ол мемлекеттік, құқықтық проблемаларды шешетін мемлекеттік орган болып табылады және азаматтардың әлеуметтік, экономикалық ,ұлттық және т.б. жай күйінен тәуелсіз бүкіл халықтың еркін білдіреді.
Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия,яғни, депуттар жиналысы болып табылады. Сессияда оның қаруына жатқызылған мәселелер шешіледі.Мәслихат сессиясы егер оған мәслихатқа сайланған депуттар саның кем дегенде үштен екісі қатысып отырса,мәслихат қарауындағы мәселелерді қарастырлуға құқлы,яғни ,құқығы бар.Мәслихаттың кезекті сессиясы кем дегенде жылына төрт мәрте шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы депуттар саның кем дегенде үштен бірінің немесе әкімнің ұсынысы бойынша шақырылады.Мәслихат сессиясының шақырлуы уақыты мен өткізілуі орны туралы, сондай ақ сессиясының қарастыруына енгізілген мәселелер туралы мәслихат хатшысы депуттатарға ,халыққа және әкімге сессиядан кем дегенде он күн бұрын ,ал кезектен тыс сессия шақыру жағдайында кем дегенде үш күн бұрын хабарлайды.Сессияның қарастырына енгізілетін мәселер туралы мәслихат хатшысы сессиядан кем дегенде бес күн бұрын және кезектен тыс сессиядан кем дегенде үш күн бұрын әкімге және депутаттарға қажетті материаладар табыстайды.
3) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңда мәслихат депутаттының мәртебесі белгіленеді.
Заңда мәслихат жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып,тиісті әкімшілік аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді делінген.Жоғарыда біз Конституцияға сәйкес тиісті әкімшілік аумақтық бірлік халқының еркін білдіретін депутат емес,мәслихат екнін атап өттік.Бұл нені білдіреді? Бұл заң әрбір депутаттың әлбеттте халықтың жалпы еркін білдіруші болуға міндеттемейді дегенді білдіреді. Халық әртүрлі әлеуметтік, экокномикалық топтардан тұрады.Оның еркі әркез бұртұтас,мызғымас түрде бола бермейді.Халқытың жекелеген топтарының еркі сәйкес келмеуі мүмкін.Депутат та халықтың барлығына ортақ еркімен сәйкес келмейтін халықтың бір тобының еркін білдіруі мүмкін.Дәл осы ықтимал қарама қайшылықтарға орай заң мәслихаттың шешімдер қабылдау рәсімін де мәслихататты тарату рәсімін де көздейді.
Сондықтан халықтың еркін жеке депутат білдірмейді.Ол әкімшілік аумақтық бірлік тер жайлы ғана бола алады.
Демек, тиісті әкімшілік аумақтық білікі халқының еркін жай ғана жеке бір депутат емес,жалпы мәслихат немесе еркін жай ғана жеке бір депутат емес,жалпы мәслихат немесе мәслихаттың көпшілгі білдіреді.
Мәслихат депутаты төрт жылға сайланады және оның өкілеттіктері оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаты реінде тіркеген сәттен басталады және мерзімі аяқталуына байланысты өкілеттіктері тоқтатылған сәттен бастап тоқтатылады.
Мәслихат депутатының өкілеттіктері мфынандай жағдайларда мерзіменен бұрын тоқтатыла алады.1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық міндетерді орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса 2) депуттатты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе 3) мәслихат өкілеттігі тоқталса 4)депутат қайтыс болса 5)ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса 6) соттың айыптау үкімі күшіе енсе 7) әкімшлік аумақтық бірдктің шектерінен тысқары жерге тұрақты тұруға кесе 8) депуттатық өз орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты 9) депуттатық міндеттерін жүйелі түрде орындамаса
Мәслихат депутаттының құқытарын үш топқа бөлуге болады.оларға
мәслихаттаң жұмысына байланысты құқықтар.Оларға мәслихаттың жұмысына қатысу, саяси партиялар депутаттырының депутаттық топтары түрінде бірлестіктер құру және басқа жатады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысуға байланысты құқықтар:Депутат өз құзіретінің мәселері бойынша тиісті мәслихаттың аумағында орласқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзіретіне жатқызылатын мәселер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге өз құзіретінің мәселелері бойынша тиісті мәслихатың аумағында орласқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға лауазымдарға тындау туралы ұсыныстар енгізуге жұмыстарға қатысуға құқылы
Сайлаушылармен араласау,өз округі сайлаушлырымен кездесулер және жиналыстар өткізуге құқылы
Мәслихаттың әрбір депутаты өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мәслихаттың жұмысына қатысуға,сайлаушлыармен ұдайы байланысты үзбеуге,оларды мәслихаттың жұмыс,оның тұрақты комиссияларының қызметі,мәслихаттың шешімдерінң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға,мәслихаттың шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға,сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға ,азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті
Достарыңызбен бөлісу: |