2.Үкіметтің құрылуы және құрамы
Конституция көздеген тәртіппен Үкіметті Президент құарды. Жоғарғы айтылғандай ; Премьер –Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді.Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер –Министр қызметіне бекітеді. Президент құрамында премьер –Министр оның орынбасарлары,Үкімет Аппаратының басшысы,министрлер,Мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады.Үкіметтің құрлымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер –Министр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзімі ішінде Премьер –Министр енгізеді.Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттігн тоқтады.Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орыындайды.Үкіметтің өкілеттігні тоқтату және оның кез келген мүшесін қызметінен босатутуралы Президенттің өзінің жеке бастамсы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Премьер –Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Үкімет және кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе ,өзінің орныан түсетінін Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген.Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе,оған Парламентпен өзара қарым қатынасына қатысты емес әртүрлі мән жай негіз болуы мүмкін.Үкіметтің өз ішінде еңсерілмейтін әртүрлі көзқарастар,басқа да себептер боолуы мүмкін.
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Конституцияда көзделген жағдайларда :1)егер Үкімет Бағдарламасын Парламент екінші мәрте қайтарса (53 бап 6 тармағы); 2)егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса (61 бап 7 тармағы) Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы президентке мәлімдейді.Республика Президентіон күн мерзім ішінде орнынан кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды.Егер Президент орнына түсуді қабылдаса, онда ол оның орнынан түсуі туралы мәлімдеген Үкіметтің немесе оның мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.Егер Премьер –Министр орнынан түсуді мәлімдесе, онда оның орнынан түсуінңі қабылдануы бүкіл Үкімет өкілеттігінің тоқтатылғанын білдіреді.
Премьер –Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет қызметнің бағдарламасы туралы мәселені шешеді.Осы мерзімде Премьер- Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы Парламентке баяндама ұсынады.Нақ осы мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы Парламентке осының алдыңдағы Үкімет құрамының Бағдарламасын қолдау туралы және өз қызметтерінде соны басшылыққа алғысы келетіндері туралы Парламентке мәлімдей алады.
Егер Парламент Үкіметтің жаңа Бағдарламасын қабылдамай тастаса Премьер Министр екі айлық мерзім ішінде Парламентке Бағдарлама туралы екінші баяндама ұсынады. Үкімет Бағдарламасын Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен тағы қабылдамай тастауына болады.Мұндай көпшілік дауыстың болмағаны Үкімет Бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді.
Конституция Үкімет құрамында болуға қатысты шектеуді көздейді .Республика Үкіметі мүшелерінің:
өкілді органның депутаттары болуға оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметерден басқа ақылы қызметтер атқаруға кәсіпкерлікпен шұғылдануға,коммерциялық ұйымның басшы органның немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақыс жоқ.
3.Үкіметтің құзіреті
Атқарушы биліктің жоғарғы органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Президенттің «ҚР ның Үкіметі туралы» 1996жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілетіктер берілген.
-Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясаттың негізі бағыттарын оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлейді
-Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың ,мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді;
-Әкімшілік саяси басқару саласында Үкімет консультативтік кеңесші органдарды құрып , таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің , мемлекеттік комитеттердің , орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады,
-Заңдылық пен құқықтық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық реформаны жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
-Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп ,үкімет аралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды
Үкіметтің қызметін ұйымдастыру
Үкіметке Премьер –Министр басшылық етеді,оның өкілеттігі Республика Конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен бекітілді.Премьер -Министрдің өкілеттігі болады;
Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасрлары мен Үкімет мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі;
Президентпен,Парламентпен ,Конституциялық Кеңеспен,Жоғарғы Сотпен,Бас Прокуратурамен,басқа да мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;
Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келсіімдерге қол қояды;
Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы;Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқару органдарын құру,қайта құру және тарату туралы үкімет Аппаратының басшысы,министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы,
облыс, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді,
Президентке республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландыратын барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып,оларға еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады.
Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық ең маңызды ең маңызды шешімдері туралы баяндайды;
Үкімет мүшелерінің,орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдайды;
Премьер- Министр оған заң жүктеген және Үкімет қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға қатысты басқа да өкілеттіктерді орындайды.
Президенттің «ҚРның Үкіметі туралы» Жарлығымен Премьер Министр орынбасарларының өкілеттігі белгіленген.Олар лауазымы бойынша Үкіімет құрамына кіреді және мынандай өкіллеттіктерді атқарады.
Үкімет құрамына кірмейтін тиісті министрліктерден ,мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың,сондай ақ жүктелген шекте мемлекеттік басқару салаларының қызметін үйлестіреді.
Мемлекеттік басқарудың үйлестірген салаларының жай-күйіне жауап береді,оларда заңдардың ,Президент және Үкімет актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Премьер Министрдің және Үкіметтің қарауына Үкімет құрамына кірмейтін тиісті орталық атқару органдарының басшылықтарына қызметіне тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.
Премьер Минстр дің орынбасарлары Премьер Министрдің тапсырмасы басқа да қызметтер атқарды.
Министрліктер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары Үкімет мүшелері болып табылады.Олар тиісті министрліктер мен мемлекеттік комиттерге басшылық жасайды және тиісті министрлікте мен мемлекеттік комиттетердің қарауында болатын мемлекеттік басқару салаларындағы қызметтің жай күйіне жауап береді.
Республиканың Премьер Министрінің жанынан Үкіметтің тұрақты жұмыс істейтін органы ретінде Төралқа құрылады. Үкіметтің Төралқасының құрамына лауазымы бойынша Премьер- Министрдің орынбасарлары және Үкімет Аппаратының басшысы кіреді.Премьер -Министр Төалқа құрамына Үкіметтің басқа мүшелерін енгіуге құқылы, Үкімет Төралқасының отырыстарын әзірлеу және өткізу тәртібін Регламент белгілейді.
Үкімет отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі.Отырысты Премьер- Министр не Президент шақырады. Аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет қарауы кезінде оның отырыстарына Президент төрағалық етеді.Егер оған оның мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысса ол құқылы болып есептеледі.Президенттің не Премьер- Министрдің бастамасы бойынша отырыс ашық өткізіледі,үкімет отырысы жабық өткізілуі де мүмкін.
Үкімет пен Премьер- Министрдің қызметін ақпараттық талдау, құқықтық, ұйымдық және материалдық техникалық жағынан жүзеге асырылуын қамтамсыз ететін өз Аппараты құрылады.Аппарат басшысн Премьер- Министрдің ұсынысы бойынша Президент қызметке тағайындайды,босатады.Аппарат басшысы Үкімет аппаратының ПрезидентӘкімшлігімен; парламент аппаратымен, министрліктермен, мемлекеттік комитеттермен, ведомстволармен, жергілікті атқару органдарынымен өзара қарым қатынасын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз қызметінде біртұтастық принципін,мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу,заңдылық,жариялық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық пен азаматтардың құқықтарымен бостандықтары принциптерін басшылыққа алады.
Пысықтау сұрақтары
1.Премьер министрді тағайындау
2.Министрліктер құзіреті
3.Атқарушы билік ерекшеліктері
Дәріс-13.Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрлымы мен мәртебесі
Мақсаты: ҚР ның Конституициялық Кеңесі норматитвік актілерге конституцияға түснік беретін орган ретінде оның қызметі ,мемлекеттік билік жүйесіндегі алатын ролі мен маңызын,қызыметі туралы білімді қалыптастыру
1.ҚР ның Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі
2.Конституциялық іс жүргізу
1.ҚР ның 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар.Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген.Алайда, Конституциялық Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігімен КонституциялықКеңестің негізі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді
ҚР ның Президентінің «ҚР ның Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы осы органның нені көздейтінін айқын да дәл бейнелейді.онда Конституциялық Кеңестің мемлекеттік орган ретінде Республика Конституциясының ҚазақстанРеспубликасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамсыз ететіндігі айтылған.Қазақ КСР ның бірлесе бір Конституциясында,сондай ақ Қ Р ның 1993 жылғы және 1995 жылдардағы Конституцияларында мұндай ереже болған жоқ. «Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі туралы» Ереже бірінші рет Президенттік жоғарыда көрсетілген Жарлығында баянды етілді.Осы ережеде ең алдымен Қазақстанда конституциялық құрлыстың белгіленгені,құқықтық мемлекет құрғысы келетіндігі,мемлекеттің Конституцияғабағынуға тиісті идеясы көрініс тапқан.Міне осыған сүйене отырып, Конституциялық Кеңес Конституцияның үстемдігін қамтамсыз етуі тиіс.Бұл Конституциялық Кеңестің өз қызметінде:
-олардың бұлжымастығын, яғни, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау,ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру кезінде жоғарғы мемлекеттік органдардың конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етттін конституциялық нормалрды;
-мемлекеттің белгілі бір жағдайын айқындайтын,мысалы мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықтыратын, т.б конституциялық қағидалары
-конституциялық идеяларды,принциптерді,мысалы әлеуметтік мемлекет, қазақстадық патриотизм ,т.б идеяларды басшылыққа алуы тиіс.
Көрсетілген мән жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің конституциялық заңдылықтарны тексерумен ғана шектелмейді.Конституциялық Кеңес қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Президенттің «Конституциялық Кеңестің өкілеттігін ,құрамын,қалыптасу тәртібін ,мүшелеріне қойылатын талапты,Конституциялық Кеңес мүшелернің мәртебесін,конституциялық іс жүргізуді айқындайды.Өз қызметінңі аталған актілермен ретелмеген,ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды.
Констиуциялық Кеңес,оның ішінде Төраға бар,жеті адамнан тұарды.Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатыды. Конституициялық Кеңестің екі мүшесін –Президент,екі мүшесін –Сенаттың Төрағаыс,екі мүшесін –Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап,қызметтен босатады. Конституциялық Кеңестің мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңес мүшелеріне сынандай талаптар қойылады.
-ҚР ның азаматтары болуы тиіс
-жасы отыздан асқан
-жоғарғы заң білімі болуы тиіс
-заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірбиесі болуы керек.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Парламент палаталарының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Палаталаррының бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында ант береді.Ант мәтіні «Өзіме жүктелген ҚР Конституциялық Кеңстің Төарағасы (мүшесі) міндетін адал атқаруға,әділ болуға және басқа ешкімге,еш нәрсеге емес ,ҚР ның Конституциясына ған бағынуға салтанатты түрде ант етемін»
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады.Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің «Конституциялық Кеңес турал» Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілемен белгіленеді.
Конституциялық Кеңестің белгілі бір шектеушлікке байланысты мүшелігі Депутаттық мандатына орай,оның оқытушылық,ғылымми және өзге шығармашылық қызметтен басқа,кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына,басшы органдардың немесе коммерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруге жол берілмейді. Конституциялық Кеңес туралы Жарлықта жоғарыда аталған тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтауға әкеліп соқтыратыны туралы жазылған.
Конституицялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшілігі мынандай сәттерден көрінеді.
өз міндетін орындау кезінде тәуелсіз және тек Конституцияға және Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына ған бағынады.Басқа актілердің (нормативтік және нормативтік емес ол үшін айтарлықтай міндеттілік күші болмайды.
Оларыдың қызметіне қайсібір араласушылық,сондай ақ қысым көрсету немесе өзгедей бір қандай да болсын нысанда әрекет жасау заң юбойынша жауаптылыққа тартылады.
Конституция Конституциялық Кеңестің немесе оның мүшелернің қандай да бір органның алдында есеп беретіндігін көздемейді.Конституциялық Кеңестің Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай күйі туралы жыл сайынғы жолдауы оның есебі болып табылмайды.Конституциялық Кеңес Төрағасы және оның мүшелері конституциялық іс жүргізу жөніідегі қызметі үшін ешкімге есеп бермейді.Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығында олардың өкіліеттігін жүзеге асыру жөніідегі есебін талап етуге ешкімнің құқығы жоқтығы тура жазылған.
Қаралған мәселе бойынша шешім шығарылғанша Конституциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен ешкімнің ешнәрсе сұрауына құқығы жоқ. Конституиялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шешім шығарғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруге несесе ақыл кеңес беруге құқылы емес.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері иммуниететін пайдаланады.Олар өз өкілеттігі кезінде түрмеге қамалмайды, күштеп әкелінбейді, сот тәртібімен әкімшілік жазалау шаралары қолданылмайды,қылмыс немесе ауыр қылмыс үстінде ұсталғаннан өзге жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы және мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек алдын ала анықтау және тергеу жүргізуші республикалық мемлекеттік органның лауазымы жоғары адамы туралы болғандықтан Бас Прокурор істі тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады.Қылмыстың жасалғаны туралы дәлелдемелер болған жағдайда Бас Прокурор Конституциялық Кеңестің Төрағасын немесе мүшелерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы Парламентке ұсыныс енгізеді.Конституциялық Кеңестің Төрағасы және оның мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек Жоғарғы Сот жүргізеді.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Конституциялық Кеңесте мәселелер қаруа және ол бойынша шешімдер қабылдау кезінде тең құқылы жағдайда болады.Осы жалпы ереженің ,Төраға даусының шешуші дауыс болатын бір ған қатаң тәртібі бар.
Конституциялық кеңестің құзіреті
ҚР ның Конституциялық Кеңесінің билігінде екі 1) алдын ала (превентивтік) 2)келесідегі (репрессивтік) конституциялық бақылау нысаны бар.Алғашқы нысан конституциялық нормативтік құқықтық кесімді оған Президент қол қойғанға дейін тексеруді көздейді. Екіншісі ендігі әрекет ететін нормативтік кесімнің конституциялығын ,сондай ақ сайлау мен рефрендумдардың конституциялығын тексеруді білдіреді.Алдын ала конституциялық бақылау конституциялық емес заң қабылдаудың жолын кесуге мүмкіндік береді және сонысы арқылы заңнаманың тұрақтығына жәрдемдеседі деп дұрыс айтылады.Конституциялық бақылаудың осы нысаның кемістігі Парламенттің заң шығарушылық жұмысына киілігу мүмкіндігі болып мойындалады.Келесі конституциялық бақылаудың жақсы бір қасиеті Конституциялық Кеңестің Парламенттің заң шығарушылық жұмысынакилікпей ақ ,заңды соттардың және басқару органдарының қолдану практикасын есепке ала отырып,оның конституциялығын тексеруге мүмкіндігі бары болып табылады.Ал оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін маңызы зор.
Алдын ала конституциялық бақылау абстрактті ұғым болып табылады,себебі заңның конституциялығы қандай да бір нақты іске қатыссыз қарастырылады.Келесі конституциялық бақылау нақты болып табылады.Екі жағдайда да конституциялық бақылауға ынта болу құқығының субьектілері мемлекеттікоргандар ,депутаттар,мемлекеттік лауазымыды тұлғалар болып табылады.
Конституциялық бақылаудың превентивтік,сондай ақ репрессивтік нысанында да қақтығыс жағдай туындауы мүмкін.Конституциялық Кеңс азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.Конституциялық Кеңстің Республика Президентің, Парламент депутаттарын сайлауды жүргізу мен республикалық референдум жүргізудің дұрыстығы туралы даулары қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған.
2.Конституциялық іс жүргізу
Конституциялық Кеңес сот органы емес.Ол Констиуцияның үстемдігін сот әдістерімен қамтамсыз етпейтін мемлекеттік орган болып табылады.Конституциялық Кеңес өз құзіреітн конституциялық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады.Бірақ ол сот ісін жүргізу емес, Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар жүйесінде алатын орны мемлекеттік іс жүргізу.Конституциялық Кеңес мемлекеттік механизмнің бір бөлігі бола тұрып мемлекеттік биліктің біде бір тармағына жатпайды.Ол тіпті билік тармақтарының бірде біріне жуыспайды. Осының бәрі Конституциялық іс жүргізудің өзіндік қырын көрсетеді.Өтініш бойынша конституциялық іс қозғайтын субьектілер ауқымы шектеулі.Ол субьектілер конституциялық іс жүргізуге қатысушылар есептеледі.Оған Президент,Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бірі, Премьер Министр, Республика соттары,мемлекеттік органдар және актілерінің конституциялығы тексерілетін лауазымды адамдар жатады. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар іс жүргізудің тепе теңдік құқығын пайдаланады.Олар іс матеиалдарымен танысуға, дәлелдемелер беруге,олардызерттеуге қатысуға,өтініштің дұрыстығын немесе терістігін дәлелдеуге,Конституциялық Кеңеске ауызша немесе жазбаша түсініктеме беруге құқылы.
Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға міндет те жүктеледі.Олар өз құқықтарын абыройлы пайдалануы тиіс.
Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарайды және өтініш түскеннен бір айдың ішінде ол бойынша қортынды шешім қабылдайды.Конституциялық іс жүргізу қорытынды шешім қабылданғанға дейін мынадай 1) егер өтініш жасаған субьект өз өтінішінен бас тартқан2) конституциялығы дауға түскен акт кері қайтарылған немесе заңдық күшін жоғалтқан 3)егер мәлімделген өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жатқызылмаған жағдайда тоқтатылуға жатады.Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері. Оның отырысында қабылданған кез келген акт Конституциялық Кеңестің шешімі болып табылады.Конституциялық Кеңестің шешімі екі түрге бөлінеді
-конституциялық өкілеттікті жүзеге асыру негізінде қабылданатын қортынды шешім
-өзге өкілеттіктермен жүзеге асылатын шешімдер
Қортынды шешім әртүрлі нысанда болады.Бірінші нысан –нормативтік және нормативтік емес сипаттағы қаулы.Нормативтік сипаттағы қаулы Қ Р ның қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Қортынды шешімнің тағы бір нысаны-Конституциялық Кеңестің нормативттік сипаты болмайтын қортындысы. Конституциялық Кеңес конституциялық өкілетіктің барлық мәселелері.Президент ,Парламент депутаттары сайлауларының ,республикаылқ рефрендумның дұрыстығы,Конституциялық заңдылық,халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігі ,Президентті орнынан кетіру туралы шешімі бойынша қортынды қабылдайды.
Конституциялық Кеңестің қортынды шешмінің маңызды нысаны елдегі конституциялық заңдылықтың жай -күйі туралы Парламентке жолдауы болып табылады.Жолдауда талдау, сондайақ конституциялық заңдылықтың нығайту жөнінде ұсыныс болуы мүмкін.
Конституциялық Кеңес шешімді алқалы түрде шығарады.Отырысқа қатысқан мүшелерінң бірде бірінің дауыс бермеуге немесе қалыс қалуға құқығы жоқ.Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.
Конституциялық Кеңес шешімінің заңдық күші .Қортынды шешім ( нормативтік ,норматитвік емес қаулы, қортынды) қабылданған күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағына міндетті болып табылады,түпкілікті шешіледі,қайта қаруаға жатпайды.Тек Республика Президенті ғана қорытынды шешімге тұтас немесе оның жекелеген бөліктеріне наразылық білдіре алады. Президенттің наразылығы Конституциялық Кеңестің отырысында талқыланады. Наразылық Конституциялық Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екі даусымен еңсерілуі мүмкін.Егер Конституция Қ Р сы Президентінің наразылығын еңсере алмаса, онда шешім қабылданбаған болып есептеледі және конституциялық іс жүргізу тоқтатылады.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімді қабылдауының белгілі бір құқықтық салдары болуы мүмкін
Егер заңдар Конституцияға сәйкес келмейдідеп танылса,оған Президент қол қоймайды.Егер Конституциялық Кеңес заң Конституцияға сәйкес келеді деп шешсе, Президент заңға қол қояды.
Егер халықаралық шарт Конституцияға сәйкес келмейді деп тапса,онда Парламент оны бекітпейді.Конституциялық Кеңесоң бағаласа Парламент шартты бекітеді
Егер Конституциялық Кеңес заң,өзге де нормативтік актілер адамдар мен азаматтардың Конституциямен бекітілген құқытар мен бостандықтарына нұқсан келтіреді, сондықтан ол Конституцияға сәйкес келмейді деп шешсе,онда мүндай заңдар мен нормативтік актілер заңдық күшін жоғалтады және қолдануға жатпайды.Егер соттар және өзге құқық қорғау органдары осындай заңдардың негізінде шешім қабылдаса,онда ол шешімдер орындауға жатпайды.
Конституциялық Кеңестің Президент сайлауы Конституцияға сәйкес келмейді деуге құқығы бар.Мұндай кезде Орталық сайлау комиссиясы өз шешіміміен тиісті сайлау учаскелеріндегі сайлауды заңсыз деп таниды.Егер Президент тсайлауы Конституцияға сәйкес келеді деп тапса ,онда сайланған Президент тіркеледі.
Егер Сенат және Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституциялық Кеңес Конституцияға сәйкес келмейді деп тапса,онда ОСК ның шешіміміен тиісті әкімшілік аумақтық бірліктер мен сайлау округтерінлегі сайлаулар заңсыз болып табылады.Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының сайлауы Конституцияға сәйкес келсе сайланған депуттар тіркеледі.
Республикалық рефрендум нәтижелері Конституцияға сәйкес келмейді деп танылуы мүмкін.Мұндай кезде ОСК тиісті учаскелердегі сайлауды заңсыз деп шешеді.
Егер Конституциялық Кеңес Парламент Президентті қызметінен босату немесе оны қызметінен кетіру туралы мәселені қарған кезде шешім қабылдардың алдында конституциялық рәсімдерді бұзса,онда ол Президенттті мезгілінен бұрын қызметінен босату немесе қызметінен кетіру туралы мәселені қарауды тоқтауға әкеліп соқтырады.Конституциялық Кеңестің белгіліегенг конституциялық рәсімдерді сақтау туралы қортындысы мезгілнен бұрын қызметінен босату немесе қызметінен кетіру туралы мәселені қаруды жалғастыруға жол ашады.
Дәріс -14. Қазақстан Республикасының сот билігінің конституциялық негіздері
Мақсаты: ҚР ның сот және сот төрелігінің билік жүйеснідегі алатын ролі мен маңызы,атқаратын қызметі,әділетілікті қорғаушылық қызметті жүзеге асырудағы маңызы турал ыбілімді қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |