«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ»


Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы



бет6/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,02 Mb.
#5802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы

Азаматтық ұғымының өзінде азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының саяси мәні бар. Еске түсірейік, азаматтық – ол адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Тиісінше, азаматтар бірінші кезекте өзінің мемлекетімен тұрақты саяси байланыста болады. Мұндай жағдай азаматтардың бойындағы саяси құқық пен бостандықты, яғни мемлекет ісін басқарумен, демократиямен тығыз байланысты құқық пен бостандықты білдіреді. Ауылда, поселкіде, ауданда, қалада, республикада азаматтар мемлекетті басқару ісіне кеңірек араласқан сайын демократияның мүмкіндігі де кеңейе түседі. Демократиялық мемлекет құру мақсатында, Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегі құқық пен бостандық кепілдігі берілген.

Сайлауға барлық өкілетті органдардың азаматтары тең құқықта қатысады. Әр адам бір дауысқа ие жергілікті атқару органдарына және Парламентке сайлау кезінде азамат тек бір рет дауыс береді. Алайда, ол туралы айтылғандай, Қазақстан Республикасы Парламентіне сайлаудың өзіндік ерекшелігі бар.

Республика азаматының саяси құқығына бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрацилар, шерулер өткізу, тосқауылдарға тұру құқығы жатады. Бұл шаралар белгілі бір мәселелерді шешу немесе азаматтардың еркі мен тілегін білдіру мақсатында жүргізіледі. Мысалы, сайлаушылар депутаттыққа кандидатты талқылау үшін, мемлекет сияқты жеке ұйым ұжымдары өздерінің мемлекет саясатына көзқарасын білдіру, мемлекеттік органдардың заңдары мен шешімдерінің жобаларын талқылау үшін жиналуы мүмкін. Ақыр соңында, азаматтар мемлекеттік, ұлттық мейрамдар кезінде өз еріктерімен демонстрацияларға шығулары мүмкін. Мемлекеттік органдар азаматтардың мұндай заңды тілектеріне кедергі келтірмеулері тиіс.

Бостандық, алайда, анархия, бетімен кетушілік емес. Тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздейтін, заңға қайшы келетін демонстрациялар, жиналыстар өткізуге, тосқауылдарға тұруға тыйым салынады.

Мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық саяси құқықтарының бірі болып табылады. Конституцияда мемлекеттік қызмет туралы бірқатар негіз боларлық идеялар беріледі. Онда мемлекеттік қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық міндеттер сипатымен ерекшеленіп, заңмен белгіленетіні көрсетілген.

Конституциялық қағидаларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметті ұйымдастыру негзідерін мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайын анықтау, мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында Қзазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995 жылғы 26 желтоқсан) Заң күші бар Жарлық шығарды. Жарлықта мемлекеттік қызметке анықтама беріледі. Қазақстан Республикасында мемлекттік қызмет мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарындағы азаматтардың негізінде жүзеге асыратын және мемлекеттік басқаруды, мемлекеттің өзге де міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруды көздейтін кәсіби қызметі.

Мемлекеттік құқықтық институт ретінде бірінші топқа мынадай принциптер жатады: а) заңдылық, яғни, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Конституция қағидаларын, заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерін мүлтіксіз орындауға негізделуі тиіс; ә) мемлекеттік қызмет жүйесінің тұтастығы, ол мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінетіндігіне қарамастан қызметтің тұтас жүйесін ұсынатындығын білдіреді; б) мемлекеттік қызметтің үздіксіздігінің мемлекеттік қызмет кадрларының сабақтастығымен және ауыстырылуымен ұштасатындағы; ол бір мемлекеттік қызметкердің ауысып, оның орнына екіншісінің келуімен мемлекеттік қызметтің үздіксіздігін білдіреді.

Принциптердің екінші тобына мыналар жатады: а) баршаға жолдың ашықтығы, яғни, өздерінің қабілетіне және кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқылығы; баршаға жол ашықтық кез келген азамат кез келген мемлекеттік қызметке кіре алады деген сөз емес. Мемлекеттік қызмет, жоғарыда айтылғандай, азаматтардың мемлекеттік органдардағы кәсіби қызметі. Тиісінше, мемлекеттік қызметке кіргісі келген азаматтың нақты жұмысты орындауға кәсіби әзірлігі және қабілеті болуы керек; ә) азамат мемлекет қызметіне өз еркімен кіргендіктен, ол өзіне қатысты барлық талапты, барлық ережені орындауды міндетіне алады. Ол үшін олардың өкілеттігі шегінде жоғары тұрған органдардың шешімін орындау міндет; б) өз қызметін жүргізу процесінде мемлекеттік қызметкер қоғамдық пікірді ескеруі тиіс; олардың жұмысы халықтың көз алдында, жария жүргізілуі керек. Мемлекеттік құпиялар да сақталуы тиіс.

Принциптердің үшінші тобына азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне қатысты ережелер жатады. Ол азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүддесінен жоғары тұратындығы. Бұл принцип мемлекеттің әлеуметтік мемлекет болып жариялануынан және халыққа, өз азаматтарына қызмет етуі тиіс екендігінен туындайды. Мемлекеттік қызмет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін көздейтін қызметті білдіреді. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары және бостандықтарымен бірге олар өз еріктерімен орындауы тиіс міндеттері де бар. Мемлекеттік қызметкерге азаматтардан олардың заңды міндеттерін орындауларын талап ету өкілеттігі беріледі.



6.Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қаматамасыз ету және қорғау үшін құрылған мемлекеттік институттар

Қазақстан Республикасында адамдар мен азаматтардың Конституция мен заңдарда бекітілген құқытары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттік институттар құрылады және жұмыс істейді.

Адамның құқығы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі маңызды мемлекеттікинституттардың бірі Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Президенттің тиісті өкілеттігінің заңдық негізі Конституцияда, сондай-ақ Президенттің Президент туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығында бекітілген.

Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы Заң, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасының ұлғаюына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы Заң, және т.б. Сонымен бірге Президент өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық актілер сияқты, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін жеке сипаттағы актілер де шығарады.

Ол Президенттің тиісті Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызмет принциптерінен айқын көрінеді. Президенттің Жарлығы бойынша: а) мемлекет мүддесі алдында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің басымдығы; ә) жалпыға ортақтық, яғни, мемлекеттік қызметке кіруге барлық азаматтардың тең құқылығы; б) қоғамдық пікірді ескеру мен жариялылық мемлекеттік қызметтің маңызды принциптері болып табылады. Жоғарыда көрінгендей, мұнда мемлекеттік органдар қызметінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды және қорғауды көздейтіндей принциптер қарастырылған. Бұл принциптер Президенттің құқық қорғау органдарының қызметіне сәйкес мәртебесін белгілейтін жарлықтарында нақтыланады. Мысалы, Президенттің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығында, бұл органдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық және өзге әрекеттердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі қызметі жүзеге асыратындығы жазылған.

Президент, сондай-ақ адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады. Атап айтқанда, Президент республика азаматтығын, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, республиканың мемлекеттік наградаларын, құрметті және өзге де атақтар береді. Президент ауыр қылмысы үшін сотталғандарға кешіріс жасайды.

Президент тыйым салуды, сондай-ақ Парламенттің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын заңдар қабылдамауы үшін пайдаланады. Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, азаматтарының қауіпсіздігіне ерекше қавтер төнген жағдайда Президент қалыптасқан жағдайға орай шаралар қабылдауға құқықты. Атап айтқанда, Президент Қазақстанның бүкіл аумағына және оның жекеленген аймақтарына төтенше жағдай енгізіп, Қарулы Күшті қолдана алады.

Қазақстан Республикасы Президенттінің жанынан консультативті-кеңесші орган ретінде адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия құрылды.

Күзет қызметінің негізгі міндеттері:

жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылытардан қорғау:

жеке және заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.

Пысықтау сұрақтары

1.Азамат түсінігі

2.Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы. Оны алу және жою

3.Адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары жүйесі

4.ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ

5.Адам және азамат ұғымы

6.Қ Р сы конституциясы бойынша азаматтардың міндеттері
Дәріс-5 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері

Мақсаты: Қазақ жеке мемлекет ретіндегі ролі мен маңызы және қоғамдағы саяси жүйелердің ролі мен маңызы,олардың атқаратын қызметі, мемлекеттік әкімшілік аумақтық құрлыстық бөлінісінің маңызы басқару жүйесіндегі ереклектерін қалыптасыру

1.Қазақ мемлекеті конституциялық құқық ретіндегі ролі

2.Қазақстанның әкімшлік –аумақтық құрлымы негізі туралы

3.Саяси пікір алуандығы

4.Саяси партиялар дербес саяси партиялар болып табылады
1.Әлемдегі бүкіл ілім бір пікірде : мемлекет сасяси институт болып табылады. Бірақ мемлекет мәнінен сипатына берлігенде мүлдем керағар пікір айтылады.

Қазіргі қазақ мемлеукеті –ерекше тарихи оқиғалардың жемісі. 1917 жылғы Қазан социалистік революциясынан кейін Қазақстан аумағында саяси автонмия –Қазақ Автономиялық социалистік республикалық құрылды.1936 жылы Қазақ АСРы Қазақ одақтас республикасы қайта құрылды. Қазақ одақтас республикасы 1937 жылғы Конституция бойынша жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті болып есептеледі. Қазақ КСР ының 1978 жылғы Конституциясында «бүкілхалықтық социалистік мемлекет дегеніміз республикадағы барлық ұлттық жұмысшылардың,шаруашылық және интелегенциясының,еңбекшілерінің еркін білдіруші» деп жазылды.

КСРО ның ыдырауымен Қазақ КСР ы дербес,егемен мемлекетке айналды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі бес жылдың ішінде Қазақстан мемлекетіінің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процессі жүрді.Қ Рның 1995 жылғы Конституциясы дербес мемлекеттің барлық белгілерін қалыптастыру процесінің аяқталғаныны белгілейді деп толық сеніммен айтуға болады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында мемлекет ұғымы әр қырынан қаралады.Конституцияның 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық ,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мелкет ретінде орнықтырады,оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі ,құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған.Біріншіден ,Конституция бойынша мемлекет өзін қоғамды құрудың белгілібір нысаны ретінде көрсетеді..Қоғамда бұлайша құру онда тұратын халықтың белгілі бір аумағының болуымен сипатталады. Екіншіден ,Конституция орныққан мемлекетті демо\кратиялық ,яғни халық билігіне негізделген мемлекет деп сипаттайды.Үшіншіден ;конституция мемлекетті мемлекеттің жоғарғы және жергләікті органдарының жүйесі ретінде бейнелейді.Сондықтан да Конституция мемлекеттік биліктің барлық негізгі буындарына сипатттама береді.бесіншіден,Конституцияға мәжбүрлеу шарасын тек мемлекеттің ғана иеленетіндігі,биліктің мәжбүрлеушілік сипаты тек мемлекетке ғана тән екендігі туралы қағида айтылады.Қоғамның басқа ешбір саяси институты мәжбүрлеу қызметін жүргізе алмайды.Мақсаты мен әрекеті конституциялық құрылысты және басқаларын күштеп өзгертуді көздейтін ұйымдар құруға тек мемлекет қана тыйым салады.



2.Қазақстанның әкімшлік –аумақтық құрлымы негізі туралы

Шекарасы айқын белгіленген аумағы мемлекет егемендігінің елеулі белгісі болып табылады.Мемлекет аумағының қалыптасуы тарихтан мәлім...

Егемен Қазақстан Республикасы өзінің әкімшілік –аумақтық құрылуын өзі белгілейді.Осы мәселені реттеуден құқықтық негіздері Конституцияда,заңдарда басқада норматитивтік актілерде бекітілген.

Қазақстан Республикасының әкімшлік –аумақтық құрылуы жүйесін әкімшлік –аумақтық бірліктер :ауыл , кент ауылдық округ,қаладағы аудан,қала,аудан,облыс кіреді.

Республикалық және жергілікті мүдделерді басынан бастап мейлінше тиімді үйлестіре жүргізетін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруы мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы басты екі санатқа –аймақтық және елдімекендер санаттарына бөлінеді

Аймақ- республика аумиағының бірнеше елдімекендерді қамтитын бөлігі.Облыс ,аудан және ауылдық округтер аймақтар болып табылады.Олар республиканың әкімшлік –аумақтық құрылуынан негізіг буындары.

Елдімекендер -1) ол республика аумағының халық тығыз орналасқан; 2) адамдардың шаруашылық және өзге қоғамдық қызметінің нәтижесінде жинақталған; 3)тұрғындары 50 адамнан кем емес 4) белгіленген заң тәртібімен есепке алынған және тіркелген 5)жергілікті өкілдік органдар және атқару органдарымен басқарылатын бөлігі . Елді мекендер қалалық және ауылдық елді мекендерге бөлінеді.

Қалалар 1) республикалық дәрежедегі қалалаарға бөлінеді; оған тәртіп бойынша,бір миллионнан астам бар ерекше мемлекеттік дәрежеде мәні бар қалалар жатады.2) облыстық дәрежеде мәні бар қалалар; оған 50 мыңнан асатын халқы ,дамыған өндірсітік және әлеуметтік инфрақұрлымдары бар ірі экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын елді мекнендер жатқызылуы мүмкін.3) аудандық дәрежедегі қалалар,оған аумағында өнеркәсіп орындары,коммуналдық шаруашылық обьектілері,дамыған оқу ,мәдени-ағарту желілері,оқу және сауда обьектілері бар ,халқы 10 мыңнан кем болмайтын елді мекенндер жатады.Кенттерге үш мыңнан асатын халқы,өнеркәсіп орындары,құрлыстары,теміржол станциясы бар елді мекендер жатады.Кем дегенде екі мыңнан астам халық орналасқан,оның жартысын жыл сайын емделуге және демалуға келетіндер құрайтын емдеу орындары барлар кенттер қатарына теңестіреді..Кентке халқының кем дегенде 25 пайызын ауыл шаруашылығымен тұрақты айналысатын ересек бөлігі құрайтын ,қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын саяжайлық мекендерде кенттің қатарына жатқызлуына мүмкін

Ауыл-халқының саны 50 адамнан кем емес болмайтын,оның жартысынан көбін ауылшаруашылығымен айналасытын жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелері құрайтын елді менкедер.Халқының саны 50 адамға жетпейтіндері оған жақын орналасқан елді мекендердің құрамына кіреді.

Республикаылқ және жергілікті органдардың әкімшлік-аумақтық құрылулар мәселелерін шешу жөніндегі өкілеттігі нормативтік актілермен белгіленеді.

Үкіметтің ұсынуы бойынша және жергіліктіөкілетті және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып Президент облыстар мен аудандарды құрады және таратады,олардың әкімшілік орталықтарын белгілейді және көшіреді

Үкіметтің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілдетті және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Президент а) республикаылқ дәрежедегі облыстар мен қалардың шекаларын белгілейді және өзгертеді.ә) республикалық облыстық және ауданыдқ дәрежедегі елді мекендерді санатқа жатқызады,олардың бағыныштылығын белгілейді және өзгертеді б) облыстардың,аудандардың және қалалардың атауы мен қайта аталуы жөніідегі мәселелерді шешеді.

Облыстық мемлекеттік органдар Үкіметтің келісімі бойынша облыс аудандарының,облыстық дәрежедегі қалалардың шекараларын белгілейді және өзгертеді,елді мекендерді бірауданның екінші ауданға беру,тағы басқа мәселелерді шешеді.Әкімшілік –аумақтық құрылу мәселелердін шешу жөнінде аудандық, қалалық және ауылдық әкімдерге де белгілі бір өкілеттіктер берілген.



3.Саяси пікір алуандығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы идеологиялық және саяси көпқырылылықты жақтайды.Идеологиялық көпқырлылық дегеніміз әр түрлі, тіпті,бір -біріне қарама қарсыға дейінгі идеологиялық көзқарастар мен ағымдардың өмірде орын алып, әрекет етуіне жол ашылуын білдірді.Олардың заңды түрде орнығуының басты шарты мынада: идеологиялық ағымдар мемлекеттік идеологияға айналудың түпкілікті құқығын иеленуге үміттенбеуі,конституциялқы құрлысты күштеп өзгертуді көздемеуі, республиканың тұтастығын бұзуға,мемелекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, діни, топтық –тектік және нәсілдік алаусызтың отын тұтауға бағытталған идеялар мен көзқарастарды насихаттамауы тиіс. Бір идеология- маркстік идеология үстемдігін жойылуы сөз жоқ,қоғамдық санаға он әсер етті,сананы бір идеологияның «бас айналдырған» елес дүниесінен, сыңаржақ ойлаудан арылтты және қоғамның идеялық дамуына игі ықпал етті.

Саяси көп қырлылық әр түрлі саяси партиялар мен ұйымдардың,сондайақ негізгі саяси партиялар мен ұйымдардың өзара әрекеттері мен тепе-теңдігіне негізделген билік жүйелелерінің өмір сүретіндігін білдіереді.

Саяси және идеологиялық көпқырлық –бір бірімен өзара байланысты құбылыс. Саясаттың адамның, таптардың,көпшілік пен тұтас қоғамның санасынан,олардың мүдделерінен,қажеті мен дүниетанымнан бөліп алуға болмайды, сондықтан идеология мен саясат тікелей сіңісіп кетеді.Нақты саястаттты,әдетте, идеологияның қолдаушысы «тудырушысы» және дем берушісіболып табылатын саяси партиялар жүзеге асырады.

Нақты саясат әртүрлі идеялардың күресі ,қалыптасуы процесінде жүзеге ассады.Бұл, орайда, идеологиялық соқыр сенімді,саясаттың идеяландырулуын білдірмеу тиіс.Егер идеялық факторға түпікілікті мән берілсе, идеология мен саясаттың табиғи өзара әрекеті идеологияны саясатқа агрессивті ұштасуға айналдыруы мүмкін.

Саяси партиялар туралы

Қазақстан Республикасының саяси партиялары туралы Заңында саяси партиялар ұғымы беріліеді. Саяси партиялар деп-ҚР азаматтарының мемлекеттік билікіт жүзеге асыркуда олардың саяси еркін білдіріп,жариялауғаөздерінің өкілдерін қатысуы арқылыы ықпал ететін ерікті түрдегі бірігуі танылады.Саяси партиялар қоғамның саяси өміріне қатысыу,азаматтардың саяси рекін қалыптастырып ,жүзеге асыруға және көзделген тәртіппен мемлекеттік билік органдарын қалыптастырыуға қатысу үшін құрылады. Әртүрлі саяси партиялардың пайда болуы,олардың қоғамдағы ролінің өсуі,олардың қызметнің нысандары мен әдістерінің күрделіленуі олардың құқықтық институтқа айналуын алып келеді.

ҚР ында саяси партиялардың институционалдануы өзара байланысты екі бағытта; Конституцияға негізгі қағидаларын ,олардың мәртебесін енгізіу арқылы және саяси париялар туралы арнаулы заңдарды қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабы саяси партиялардың негізгі қағидаларына арналған.

1.Идеологиялық және саяси әралуандылық тану әртүрлі идеологияға негізделген әртүрлі саяси партиялардың пайда болуы үшін конституциялық негіздердің жасалғандығын білдіреді.Сөйтіп,өзерінің қызметін өз идеологиясына негіздейтін саяси партиялар конституциялық тұрғыдан заңды болып табылады.



4.Саяси партиялар дербес саяси партиялар болып табылады.

Басқаша айтқанда, саяси партиялар мемлекеттік органдардан қоылып кетпейді,олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз жұмыс істейді.Осы конституциялық қағиданың айырықша маңызды мәні бар және ол мемлекеттік парияға айналып ,сол арқылы мемлекеттің түбіне жеткен Кеңес Одағы Коммунистік партиясының тарихи теріс тәжірбиесінен алынған тағылым іспеттес



Пысықтау сұрақтары

1.Қазақ мемлекеті конституциялық құқық ретіндегі ролі

2.Қазақстанның әкімшлік –аумақтық құрлымы негізі туралы

3.Саяси пікір алуандығы

4.Саяси партиялар дербес саяси партиялар болып табылады
Дәріс -6.Сайлау құқығы және Қазақстан Республикасының сайлау жүйелелері

Мақсаты: ҚР ның сайлау жүйесі ұғымы және құрлымы,өкілеттіктері, сайлау қызметінң мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы маңызы мен ролі туралы білім қалыптастыру

1.Сайлау жүйесінің ұғымы

2.Сайлау органдары
1.Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажорлық екі жүйесі бар.Тепе –тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе –теңдік принциптеріне құрылады.Тепе –тең жүйенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет.Бірінші-үлкен аумақтық сайлау округтерін құру қажет.Екінші- тепе-тең жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін кемінде қалыптасқан екі партияның болуы қажет..Осыған орай, Қазақстанда әлі де саяси пратиялар әлсіз және азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан тыс тұруына байланысты ,тепе тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ.

Мажорлық сайлау жүйесінің:абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар.Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты,екінші турда да азаматтардың 50 проценттен астамықатысса,сайлау өткен болып есептеледі,2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 50 процентінен асса,ол сайланған болып есептеледі.

Мажорлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санына қарамастан өткен болып есептеледі,ал,егер оған сайлаушылар тізіміне енгізіліген азаматтар санының 25 проценттен астамы дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.

Президентті, Парламент депутаттарын және жергілікті өкілді органдарынды сайлаудың атаплған тәртібі конституциялық-құқықтық нормалармен белгіленеді,олар өз жиынтығында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін құрайды.Сайлау жүйесін құрайтын конституциялық –құқықтық нормалар.ҚР конституциялық құқықығының бір бөлігі болып табылады.Олар Қ Р ның Президентін, Мәжіліс депутаттары мен Сенат депутаттарының бір бөлігін, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарын реттейді.Аталған қырдағы «сайлау құқығы» ұғымы конституциялық құқықтың аса маңызды институты ретінде пайдаланылады.Сонымен қатар «сайлау құқығы» ұғымын кәмелетке жеткен ҚР азаматтарының субьективтік сайлау құқығы мағынасында қолданылады.

ҚР ның сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады,өйткені оларды пайдалана отырып ,азаматтар мемлекеттің жоғарғы өкілді органдарын қалыптастырады.

2.Сайлау органдары

Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады.Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады.Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:

-Республиканың Орталық сайлау комиссиясы

-Аумақтық сайлау комиссиясы

-Округтік сайлау комиссиялары

-Учаскелік сайлау комиссиялары кіріеді

-Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.

Орталық сайлау комиссиясы ОСК республиканың сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.ОСК Республика Президентінің ұсынысымен Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын төрағадан,төраға орынбасарларыныан,хатышыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.ОСК төрағасының және хатшысының жоғарғы заң білімі болуы қажет.Өзінің аппараты болады. ОСК на мынандай өкілеттіктер берілген;

Республика аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;осы заңның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді.

Президент пен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға әзірлік пен оның өткізілуін ұйымдастырады.сайлау жөнінде округтер құрады,т.б

Президенттікке кандидаттарды ,оның сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркейді,бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жариялайды.Сайлау қортындысын шығарады.,қайта сайлауды өткізеді.

Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері 9-15 мүшеге дейін құрамда белгіленген сайлау күнінен жеті күннен кешіктірілмей құрылады.

Аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттігін шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

ОСК ның өкілеттігін қамтамасық етумен байланысты топ.Оған, атап айтқанда , әкімшілік бірлік аумағында сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру,Президент,Парлмаент және мәслихат депутаттары,жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамсыз ету жатады.

Аумақтық сайлау комиссиялары қызметі ерекшелігімен сипатталатын ету,Сенат депутаттығына кандидаттарды,олардың сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркеу,пунктерді дауыс беруге әзірлеу,Сенат депутаттары сайлауындағы берілген дауыстың нәтижесін шығару және оны ОСК на беру; мәслихат депутаттары сайлауы бойынша сайлуау округтерін құру,сайлау комиссияларын хабарландыру, мәслихат депутаттары сайлауының қортындысын шығару,Сенат пен мәслихаттың шығып қалған депутаттарыынң орнына қайтара дауыс беру мен қайтара сайлау өткізуді ұйымдастыру жатады.Аумақтық сайлау комиссияларының ерекше өкілеттігіне ,сондай ақ жергілікті өзін өзі басқару органдары сайлау да жатады.Олар тиісті әкімшлік бірліктер аумағында орналасқан жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніідегі округтік сайлау комиссияының қызметін орындайды.

Тиісті әкімдердің шешімдерімен құрамында 9-15 мүшесі бар округтер сайлау комиссиялары құрылады.Олар сайлау округтерінде Парламент Мәжіліс мен мәслихаттарының депутатары сайлауын ұйымдастырып ,өткізуді қамтамсыз етеді.округтік сайлау комиссияларына олардың жүктелген міндеттерді орындауын қамтамсыз ететінндей өкілеттіктер берілген.Олар Парламент Мәжілісі мен мәслихаььарының депутатары сайлауын өткізуді ұйымдастырады, учаскелік сайлау комиссияларының қызметін үйлестіреді,олардың шешімдеін кері қйтарадыы және тоқта тұрады.учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды,Парламент Мәжіліс депутаттығына ұысынылған кандидаттарды ,олардың сенімді өкілдерін,бастамашыл топтарын тіркейді .

Учаскелік сайлау комиссиялары құрамында 9-15 адамнан тиісті әкімдердің шешімдерінен құрылады. Олар тиісті сайлау учаскелерінде Президент,Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының ,жергілікті өзін өзі басқару органдары мүшелеріне сайлауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді.1) әр сайлау учаскесінде сайлаушылардың саны үш мыңнан көп болмауы тиіс.2) әкімшлік аумақтық бірліктерде әкімшлік аумақтық құрылыс шекарасы сақталуы тиіс3) сайлау округтері шекарасы мен сайлау учаскелері шекараларынң қиылысып кетуіне жол берілмейді.

3. Сайлау алдыңдағы үгіт

Сайлау алдындағы үгіт үшін жағдай жасау сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің демократиялық кепілі болып табылады.Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеумен басталады және сайлау алдыңдағы күні жергілікті уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады.Қазақстан Республикасының бесенді сайлау құқығыбар азамматтары, қоғамдық бірлестіктері сайлау алдыңдағы үгітті жүргізуге құққылы.Мемлекет қай кандидаттың болсын кедергісіз үгіт жасауына кепілдік береді.Сайлау алдындағы үгіт әртүрлі жолдармен жүргізіледі.Бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланады, сайлау алдыңдағы жаария шаралар

(жиналыстар, сайлаушылармен кездесулер, айлау алдыңдағы айтыстар мен тартыстар,митингілер,шерулер,демонстарциялар) өткізіледі.Баспа дыбыс жазу және басқа үгітшілік матеиалдар шығарылады және таратылады.Мемлекеттік органдардың,жергілікті өзін өзі басқару органдрының лаузымды адамдардың өздерінңі қызметтік міндеттерін орындау кезінде сайлау алдыңдағы үгіт жүргізуге құқыығы жоқ.Мұндай тыйым бағдарламасын қолдайтын кандидатураның сайлануы үшін сайлаушылардың өз еріктін білдірулерне ықпал ету мүмкіндігін болдырмау қажетттігінен туындап отыр.Сондай ақ әскери бөлімдерге,әскери мекемелерге және ұйымдарға,сайлау комиссияларының мүшелеріне де сайлау алдыңдағы үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Сайлау алдыңдағы үгіттің обьективтік болуы үшін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің тіркелген кандидаттармен не олардың сенімді өкілддерімен бірге сайлаудың бұқаралық арқылы жариялануына қатысуына болмайды.Заң сайлаушыларға тегін немесе жеңілдетілген тауар беруге не сатуға қызмет көрсетуге , ақшалай қаражат төлеуге не төлемеймін деп уәде беруге тыйым салады.Алайда, баспа матеиалдарын,омыра у белгілерді,жалаушаларды және тағы басқлаарын тегін таратуға тыйым салмайды.Сайлау комиссияларында тіркелген сәтінен бастап кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің сайлау алдыңдағы бағдарламасын үгіттеуге және насихаттауға құқық берілген.Кандидаттардың өздерніің бағдарламараымен тиісті облыстық,қалалық және аудандық мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына кепілдік бередіМұндай кепілдік әр кандидаттың мемлекеттік теледидар арқылы бір рет он бес минут сөйлеуіне, мемлекеттік баспасөз органдарында екі рет мақала жариялануына құқық берілгенінен көрінеді.Заң кандидаттардың сөзін үзуге,оған түсініктеме беруге тыйым салады.

Сайлау алдыңдағы жария шаралар жүргізу үшін сайлау комиссиялары кандидаттарға тең мөлшерде ақшалай қаражат бөледі.Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін өзі басқару органдары кандидаттардыың сайлау алдыңдағы шараларын ұйымдастыруына және өткізуіне ықпал етуге міндетті.Плакаттар,листовкалвр және басқа үгітітк материалдар шығару үшін сайлау комиссиялары кандидаттарға тең мөлшерде ақшалай қаражат бөледі.

Президентікке,парламент, мәслихаттар депутаттығына ,жерегілікті өзін -өзі басқару органдары мүшелеріне кандидаттадың сайлау алдындағы бағдарламларына белгілі бір талаптар қойылады. Кандидат бағдарламасы конституциялық құрлысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу ,мемлекеттің күштеп өзгерту , республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру,соғыс,әлеуметтік,нәсілдік,ұлттық,діни топтық –тектік және рулық басымдықтар ,жеке басқа табыну және күштеу идеяларын жоғары қоймауы тиіс.Аталған талаптарды бұзу тіркеу туралы шешімді өзгертуге әкеліп соқтырды.



Пысықтау сұрақтары

1.Сайлау жүйесінің ұғымы

2.Сайлау органдары оны құру сайлау орталық комиссиясының төрағасы оның өкілеттілік қызметі

Дәріс -7. Республикалық референдум

1. Референдумның конституциялық негіздері ,өткізу тәртібі және қызметі

2.Референдумның конституциялық негіздері

1. Референдум тікелей демократия,яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешеуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады.Референдумға мемлекеттік сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады.

Конституциялық құқықта референдумның мынандай:

Императивтік, консультативтік, конституциялық, заң шығарушуылық, міндеттеушілік, факультативтік, мемлекеттік , жергілікті түрлерін ажыратып көрсетеді

Императивтік рефрендум халықтың тура еркін білдіру жолымен рефрендум кезінде қабылдаған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді

Консультативтік рефрендум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім (заң ,басқа да нормативтік құқытық актілер) қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалады.Конституциялық рефрендум кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкілхалықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады.

Заң шығарушы рефрендум халықтың дауыс беруміен заң шығаруға байланысты өткізіледі.Міндетті рефрендум конституцияда қайсібір мәселені шешу үшін көзделген.Конституция,конституциямен белгіленген шарттарға орай құзіреіттті органға рефрендум өткізіуді міндеттекйді.

Факультативтік рефрендум құзіретті органның заңда көзделген мәселелер бойынша өз қалауынен рефренду тағайдай алатындығын білдіреді.Референдум мемлекеттіің бүкіл көлемінде немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін

1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық рефрендум туралы» конституциялық заң күші бар Жарлыығ қабылданды.Аталған Жарлықтың құқықтық негізі Қазақстан Республикасыынң 1993 жылғы Конституциясы болды.

Осы Жарлықтың негіізнде 1995 жылғы 29 сәуірде Президенттің республикаылқ рефрендум өткізу туралы Жарлыығ шықты,онда :1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының бүкілхалық сайлаған Президенті Н.Ә Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін созуға келісесіз бе ?» деген сұрақенгізілді.

Республикалық рефрендум мемлекеттік маңызы бар саяси шара.Оған тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен қоғамдық бірлестіктері ғана қатыса алады.Халықаралық ұйымдадардың ,халақыаралық қоғамдық бірлестіктердің ,шет елдің мемлекеттік органдарының,заңды тұлғалары мен азаматтарының , азаматтығы жоқ адамдардың рефрендумға қатысты қаржыландыру және өзгеше қолдау шараларына қандай да өте немесе жанама түрде болсын қатысуна рұқсат етілмейді.

. Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тiкелей не жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады.


2. Азаматтар референдумға тең негiздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиiсiнше бiр дауысқа не тең дауыс санына ие болады.
3. Азаматтар референдумға тiкелей қатысады. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу кезiндегi жариялылық

1. Референдумды ұйымдастыру мен өткiзу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады.


2. Референдумды өткiзу туралы шешiм мен оған қойылатын мәселе (мәселелер) азаматтардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi.
3. Референдум комиссиялары референдум өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады.
4. Референдум өткiзу кезiнде Республика қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады, олардың өкiлеттiгi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен куәландырылады. Өкiлдер мен байқаушылардың референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға әзiрлiк пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың референдум комиссиялары жанында тiркелген өкiлдерiнiң республикалық референдум өткiзуге байланысты шараларға баруына кепiлдiк берiледi. Республикалық референдум қарсаңындағы үгiт 1. Республика азаматтарының, қоғамдық бiрлестiктерiнiң референдумға қойылған мәселе (мәселелер) бойынша жиналыстарда, митингiлерде, азаматтар жиынында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пiкiрiн бiлдiру құқығына кепiлдiк берiледi. 2. Барлық баспа үгiт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс. Бұқпантай үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады. 3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге жол берiлмейдi. 4. Референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады. Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн. Республикалық референдумды қамтамасыз ету
1. Референдум әзiрлеу мен өткiзуге байланысты шығыстар тек қана республикалық бюджет есебiнен жұмсалады.
2. Мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан ұйымдар референдум комиссияларының қарамағына референдум әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажет үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын бередi.
3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктердiң, шетел мемлекеттiк органдарының, заңды тұлғалары мен азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың референдумға қатысты шараларды қаржыландыруға және өзгедей қамтамасыз етуге тiкелей немесе жанама түрде қандай да болсын қатысуына тыйым салынады.
Республикалық референдум туралы заңдар
Референдум туралы заңдарға мыналар жатады:

1)Қазақстан Республикасының Конституциясы;2) Осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы ; 3) осы Конституциялық заң:


4) Орталық референдум комиссиясының нормативтiк сипаты бар актiлерi.

еферендум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентiнде болады. Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi бастамашылық


1.Референдум тағайындау бастамашылығы: 1)Қазақстан Республикасының Президентiнде;
2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселенi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы жүзеге асырады және Парламент Палаталарының тиiстi қаулыларымен ресiмдейдi;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Үкiмет өзiнiң мәжiлiсiнде мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырады және тиiстi қаулымен ресiмдейдi;
4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады, олар республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентiне тiлек бiлдiредi.
2. Бiр ғана мәселе (бiр ғана мәселелер) бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстар қайтара енгiзiлуi мүмкiн және оларды Республика Президентi аталған мәселе (аталған мәселелер) жөнiнде алдыңғы шешiм қабылданғаннан кейiн кемiнде екi жыл өткеннен соң ғана қайтадан қарайды. Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi мәселе бойынша бастамашыл топтың құрылуы

1. Егер референдум өткiзу туралы бастамашылықты азаматтар көтерген жағдайда құрамына Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде үш-үштен өкiл кiретiн референдумның бастамашыл тобы құрылады.


2. Референдумның бастамашыл тобы референдумға қатысу құқығы бар азаматтар, бiрақ Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде отыз-отыздан өкiлдер қатысқан жиналыста құрылады.
3. Жиналыс өткiзуден кемiнде он күн бұрын оның бастамашылары аумағында жиналыс өткiзiлетiн жергiлiктi атқарушы органға жиналыстың уақыты, орны және мақсаты туралы жазбаша хабарлауға тиiс.
4. Жиналыстың алдында жиналысқа қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi, олардың мiндеттi түрде тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi және Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi көрсетiлген тiзiм жасалады.
5. Референдумның бастамашылар тобының мүшелерi жиналысқа қатысушылардың көпшiлiк даусымен сайланады. Бастамашыл топтың тiзiмiнде топтың әр мүшесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және тұрғылықты жерi көрсетiледi. Референдумға қойылатын сауалды оған тиянақты жауап қайтарылуы үшiн бастамашыл топ айқын тұжырымдауға тиiс.Референдумның бастамашыл тобы мен ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу 1. Референдумның бастамашыл тобы Орталық сайлау комиссиясына топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеудi сұрап өтiнiш бередi.2. Тiркеу мынадай құжаттар болғанда жүргiзiледi: 1) топты тiркеу және ол референдумға ұсынатын мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы өтiнiш; 2) бастамашыл топ құрылған жиналыстың хаттамасы; 3) бастамашыл топ мүшелерiнiң тiзiмi. 3. Бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) Орталық сайлау комиссиясы тiркеуге өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмде тiркейдi. Бұл жайындағы хабарды Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
4. Референдумның бастамашыл тобына тiркелген күннен бастап бес күн мерзiмде топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiк берiледi. Тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
5. Осы Конституциялық заңның талаптары бұзылған жағдайларда тiркеуден бас тартылуы мүмкiн. Орталық сайлау комиссиясының бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеуден бас тартуына он күн мерзiмде Республика Жоғарғы Сотына шағым жасалуы мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiмде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
Қол жинаудың тәртiбi мен мерзiмi 1. Референдумның бастамашыл тобы топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiктi алған күннен бастап азаматтардың қолын жинауды ұйымдастырады әрi мұны республикалық референдумға қатысу құқығы бар топ мүшелерi жүзеге асырады.
2. Референдумның бастамашыл тобына қол қою парақтарын берудi Орталық сайлау комиссиясы топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiктi тапсыра отырып бiр мезгiлде жүзеге асырады.
3. Қол қою парағына бастамашыл топ референдумға ұсынған мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымдамасы енгiзiледi.
4. Қол жинайтын адам бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетедi. Әрбiр азамат қол қою парағына тек бiр рет қана қолын қоюға хақылы. Бұл ретте азамат жеке басын куәландыратын құжатын көрсетедi. Азаматтың қолы оның тегiн, атын, әкесiнiң атын, тұрғылықты жерiн, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн және параққа қол қойылған күндi көрсетумен толықтырылады.
5. Толтырылған әрбiр қол қою парағына қол жинаған адам қолын қоюға тиiс.
6. Белгiленбеген үлгiдегi қол қою парақтары, сондай-ақ осы Конституциялық заңның өзге де талаптары бұзылып толтырылған қол қою парақтары жарамсыз болып табылады.
7. Қол жинау аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде толтырылған қол қою парақтарын қол жинаған адамдар аумақтық сайлау комиссиясына тапсырады, ол паспорт қызметiнiң қызметшiлерiн қатыстыра отырып он күн мерзiмде қол қою парақтарындағы азаматтардың қолының дұрыстығын тексередi, тиiстi хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жiбередi.Қол жинау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Расталмаған қолдар, қол жинау және қол қою парақтарын ресiмдеу тәртiбiнiң бұзылғаны анықталған жағдайда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Орталық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс енгiзедi.
2. Орталық сайлау комиссиясы ұсыныс енгiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде жөнсiздiкке жол берген бастамашыл топ мүшелерiнiң қызметiн тоқтату туралы, осы Конституциялық заң талаптарының бұзылғаны анықталған қол қою парақтарын жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдай алады.
3. Қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған бастамашыл топ мүшелерiн осы референдумды әзiрлеу және өткiзу кезеңiнде қайта сайлауға жол берiлмейдi.
4. Бастамашыл топ қол жинау және қол қою парақтарын ресiмдеу тәртiбiн қайталап бұзған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы референдумның бастамашыл тобының қызметiн тоқтату және оны тiркеу туралы куәлiктi қайтарып алу туралы шешiм қабылдай алады.Қол жинаудың нәтижелерi бойынша қол қою парақтары мен қорытынды хаттаманы жiберу1. Қол жинауды жүзеге асырған адамдар толтырылған және тиiстi аумақтық сайлау комиссиясында тексеруден өткен қол қою парақтарын референдумның бастамашыл тобына жiбередi. Бастамашыл топ қол жинаудың нәтижелерi туралы жиынтық деректердi түзедi және қол жинау аяқталған күннен бастап он күннен кешiктiрмей толтырылған қол қою парақтары мен жиынтық деректердi Орталық сайлау комиссиясына жiбередi. 2. Орталық сайлау комиссиясы табыс етiлген қол қою парақтары осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келген ретте қол жинаудың нәтижелерiн қорытынды хаттамаға енгiзедi. Референдум өткiзу туралы ұсыныс қол жинаудың нәтижелерi жайындағы қорытынды хаттамамен бiрге референдумның бастамашыл тобынан құжаттарды алған күннен бастап бiр айдың iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне жiберiледi. 3. Қол қою парақтары мен қол жинаудың нәтижелерi жөнiндегi қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртiбi мен мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi .
Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық жөнiнде шешiм қабылдау
Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай:1) референдум тағайындау туралы;2) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы; 3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
1-1. Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң, көпшiлiк даусымен Парламент Конституцияға осы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi сол заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады. Президенті сол заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.
Республикалық референдум тағайындау туралы шешiм
1. Референдум тағайындау туралы шешiмдi Республика Президентi тиiстi Жарлық шығару жолымен қабылдайды, онда:1)референдумды өткiзу мезгiлi;2) оған қойылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымдамасы белгiленедi; 3) референдумды өткiзуге байланысты өзге де мәселелер шешiледi. 2. Республика Президентi референдум бастамашыларының келiсуiмен оны өткiзгенге дейiн оның бастамашыларының еркiн неғұрлым дәл бiлдiру үшiн референдумға қойылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымдамасын нақтылай түсуге хақылы.
3. Референдум тағайындау туралы Республика Президентiнiң Жарлығы, Конституция, конституциялық заң, заң жобаларының мәтiндерi, оларға енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Республикалық референдум өткiзу мерзiмi Референдум оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте емес және үш айдан кеш емес мерзiмде өткiзiледi. Ерекше жағдайларда Республика Президентi референдум өткiзудiң басқа мерзiмiн белгiлеуi мүмкiн.

Пысықтау сұрақтары:

1.Референдум түсінігі және ұғымы



2: Референдум өткізу тәртібі
Дәріс-8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі

Мақсаты: Мемлкеттік органдардың жүйесі оның атқаратын роіл мен орны

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымы

1.Мемлекеттің қызметін атқараты механизмі (аппараты). Мемлекет механизмі белгілі түрде ұйымның, ішкі тұтастығымн өзара байланыстарымен сипаттайтын мемелекеттік органжүйесі. әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеметтік, ұлттық, эканомикалық, географиялық тағы басқа ерекше басты құрайды. Мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет