«Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ»



бет5/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,02 Mb.
#5802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖҮЙЕСІ

Жеке адамның Қзақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтрдың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959 ж.), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж.) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995 ж.) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялады: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 3-тармақ).

Алайда «азаматтың құқығы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаларының құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «әркім», «ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол тура көрсетіледі. 13-бапта: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» делінген. 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (10-баптың 2-тармағы). Конституцияда республика азаматының әскери қызметті өтеудегі міндеті айрықша атап көрсетілді (36 бап) және т.б. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституциясының 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгілеген құқықтар мен бостандықтары пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқының негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық принциптерді жинақтайды. Мұндай принциптердің қатарына мыналар жатады:

Адам құқы мен бостандығының айнымастығы. Табиғи танылған құқық мемлекеттің сыйы емес. Ол оны тек таниды, атайды және олардың жүзеге асырылуына, сақталуына кепілдік жасайды. Не мемлекеттің, не оның органдарының, не лауазымды адамдарының, заңмен көзделгеннен өзге жағдайда, одан айыруына, шектеуіне құқы жоқ.

Конституция құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тыйым салады. Адамның және азаматтың бірінің құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы екіншісінің құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылысқа және қоғамдық ізгілікке нұқсан келтірмеуі тиіс екендігі Конституцияда анық жазылған. Әр адам мен азаматтың құқы мен бостандығының теңдігі бұған олардың бәрінің де иелігін білдірді. Әрине, адам құқы мен бостандығын екінші біреу (біреулер) бұзған жағдайда заңды қорғау, басқа адамдардың құқын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөніндегі міндеттеме бұзылғандықтан, заң кепілдігі күшіне енеді.

Конституциялық құқық пен бостандықтың заңсыз шектелуіне тыйым салынады. Сонымен бірге Конституция шектеудің шегі мен негізін де көрсетеді. Біріншіден, адам мен азаматтың құқы мен бостандығын тек заң ғана шектеуі мүмкін. Бұл заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер арқылы (Президенттің нормативтік жарлықтарымен, Үкіметтің қаулысымен, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, жергілікті өкілетті және атқару органдарының нормативтік актілермен) адам мен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайтындығын білдіреді. Екіншіден, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адам құқы мен бостандығын, халықтардың денсаулығы мен ізеттілігін қорғау үшін қажеттілік деңгейінде шектеулі мімкін. Бұл арада әңгіме, шын мәнінде адам мен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуден гөрі, мемлекет пен адамның мүддесін жекеленген адамдар тарапынан болуы мүмкін қол сұғушылықтан қорғау туралы болып отыр. Үшіншіден, азамат саяси құқықтар мен бостандықтарды шексіз пайдалана алады. Конституция саяси себептер бойынша адамдардың құқы мен бостандығын қандай да шектеуге жол бермейтіндігін анық көрсеткен. Конституция қағидасының тағы бір құндылығы осында. Демек, саяси тұрғыдағы себеппен азаматтың құқы мен бостандығын шектеуге болмайды. Әңгіме, бұл арада, адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік, экономикалық жеке құқықтары мен бостандықтары туралы болып отыр. Конституцияда қайсысы екендігі нақты көрсетілді. Ол азаматтың тең бостандығынан азаматтылықтың қандай негізде алынғанына қарамастан, азаматтығын айыруға болмайтын азаматтыққа қатысты (10-бап). Мемлекет өз шегінде өз азаматтарын қорғауға және қорғаушылыққа кепілдік береді және оны мұндай қорғаушылықтан ешкім айыра алмайды. Мұндай шектеусіз құқыққа құқықтық, субъектілік, сот арқылы қорғалу құқығы, заң және сот алдында теңдік, өмір сүру құқығы (13,14,15-баптар), адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық (17-бап), ана тілін пайдалану құқығы (19-бап), ар-ождан бостандығы құқығы (22-бап), меншікке кепілдік құқығы (26-бап, 2-тармақ) жатады.

Адам мен азаматтың құқы мен бостандығының тікелей қолданылуы принцип ретінде онымен өзінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігі мен ақиқаттығын білдіреді. Мемлекеттік патернализм тұрғындардың қорғалуы төмен қабатымен қамқорлықты шектеген жағдайда қабілетті адамның өзі заңда көзделген ережелер мен кепілдікке сүйене отырып, өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруға өзі қамқоршы болуы тиіс. Конституцияда әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі жазылған. Заңда көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.

Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі болып табылады. Конституцияда осы принцип адам мен азаматтың қызмет өмірінің барлық салаларына орай орнықтырылды. Айталық, заң мен сот алдында бәрі де тең. Бұл заң талабының баршаға бірдей міндеттілік екенін, заң ережелерін бұзғаны үшін бәрінің де бір деңгейде жауапты екенгдігін білдіреді. Сот алдында бәрі де тең. Ол адам мен азаматтың жағдайының қандайлығына (лауазымына, мүліктік жағдайына, ұлтына, жынысына, тағы басқаларына) қарамастан, сот бәріне де бір деңгейде қызмет етеді. Сонымен бірге сот істі қараған кезде адамдардың жағдайларын, ерекшеліктерін емес, тек Конституцияны және заңды ғана басшылыққа алуы тиіс. Адам мен азаматтың тендігі конституциялық құқық пен бостандықтың ешқандай кемсітушілікке жол берместен, барлығына бір деңгейде қолданылуы тиістігін танудан да көрінеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдылық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (14-баптың 2-тармағы).

Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің адамның коснституциялық құқықтары мен бостандықтарының мазмұны мен қолданылуын қамтамасыз ету принципі. Бұл Конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығы осы құқық пен бостандықты жүзеге асыру жағдайы мен тәртібін белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ең басты негізге алынатындығын білдіреді.

Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі болып табылады. Әркім де Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауы тиіс. Әр адам мен азамат адамдардың қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймайды, сондай-ақ бір-біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.

4.Азамат пен адамның құқығының, бостандығының және міндетінің конституциялық негіздері

Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиеті туралы

Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айрықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір-қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде-бір мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.

Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы - өмір сүру құқығы.

«1. Әркімнің өмір сүру құқы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі» (Конституцияның 15-бабы).

Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуіне құқылы. Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған ба, бұрын оған кешірім жасалған ба, жасы, отбасылық жағдайы және басқа мән-жайлары ескеріледі.

Қорлау – жеке басын, ұлттық қадір-қасиетін қорлау және басқа әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін. Айыпталушыға, күдік келтірілушіге, куәгерге, сарапшыға қатысты мұндай әдістерді қолданған милиция, прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Заң адамның бостандығын басқа жеке адамдардың да зорлық-зомбылығынан қорғайды. Егер кімде-кім адамды өз бетімен бостандығынан айыруға әрекет етсе ол адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Мұндай іс-әрекет күш қолдану (жеке бөлмеге қамау, психикалық ауруханаға жатқызу және басқалары) не күш қолданамын деп қорқыту жолымен жүргізілуі мүмкін. Егер адам қылмыскерді ұстау және оны құқық қорғау органдарына тапсыру мақсатында күш қолданса, әрине, ол жауаптылыққа тартылмайды. Өйткені ол өзінің азаматтық міндетін орындайды. Егер де лауазымды адам (милиционер, тергеуші) өзінің қызмет бабын пайдаланып, адамды бостандығынан заңсыз айырса, онда ол билігін теріс және асыра пайдаланғаны үшін жауаптылыққа тартылады. Оның үстіне айыпталушыдан, куәгерден күштеу жолымен алынған жауаптың заңдық күші болмайды.

Куәгер – тергеушілік және сот ісі жүргізілуінде маңызды тұлға. Заң бойынша ол тергеу (алдын ала анықтама алу), сот процесінде куәлік беруден бас тарта алады. Ол кім кімге де түсінікті болуы тиіс. Егер адам жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтірілген мән-жайға куәгерлік күйде болса, онда шындықты ашу үшін тергеу және сот органдарына көмектесу оның адами және азаматтық міндеті. Қылмыстылықтың өрісі кең жағдайында ақиқат жауап бергені үшін қылмыскерлер тарапынан болуы мүмкін кек алу әрекетінен сақтануды сот және тергеу органдары естерінен шығармауы тиіс. Куәгердің өзінің азаматтық міндетін орындауы үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Сондай-ақ ар-намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатысын өзі белгілеуге құқылы. Конституция бірде-бір діннің артықшылығын көздемейді.

Заң ар-намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматтық міндетін орындауынан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап азаматтың заңды, атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқы жоқ.

Діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу ар-намыс бостандығының басты кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдары діни бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды, қайсыбір дінге немесе дінге сенбеушілерге жеңілдіктер бермеуі тиіс. Сонымен бірге Конституция діннің қоғамдағы орнын белгілейді.

«Республикада саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол берілмейді» (5-бап).

Бұл ереже әр түрлі бағыттағы дінге сенушілердің арасында бейбіт қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, көптеген діндер және діни бағыттар бар қоғамда қайсыбір дін идеологиясының мемлекеттік идеологияға айналып кетпеуіне кепілдік жасайды. Адамдардың өткен және бүгінгі ұрпағы «мәңгілік» және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен, жеке басқа табынушылығымен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған. Коммунистік партия идеологиясының қатыгез үстемдігін басынан кешірді. Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да, адам да ұтқан жоқ. Айналып келгенде мұндай жағдай Коммунистік партияның өзінің басын жұтып тынды. Айта кету керек, тек діни идеология ғана емес, сондай-ақ қандай да болсын саяси партияның, басқа да кез келген қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология ретінде белгілене алмайды. Бұл арада ешқандай демократияны шектеушілік жоқ. Керісінше, Қазақстанның мемлекет өмірін идеяландыру құрсауынан босату алуан пікірлі демократияның дамуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті – ар-намыс пен қадір қасиетті жоғары қояды. Ар-намыс барлық халықта да жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. «Басыңды арың сақтайды», «Ардан ақыл туады, ақылсыздық ең соңғыңды қуады», «Дүреленсең де арыңды сақта» дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздың да «Арым үшін жан пида», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қанатты сөздері ықылым заманнан бүгінгі күндерге жетті. Ізгілікке негізделген қоғамда ар-намыс пен ар-ождан заңмен қорғалады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деп жазылған.

Заң адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін қылық ретінде қорлауға тыйым салады. Қорлау – жағымсыз, жалпы адамзаттық мораль принциптері тұрғысынан бұған жол берілмейтіндей нысанда көрінген іс-әрекет және сөз.

Заң ар-намыс, қадір-қасиетпен бірге жеке өмірге кім-кімнің тарапынан болсын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Мысалы, азаматқа қатысты ақпаратты оның келісімінсіз жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға болмайды. Ол үшін тек азаматтың ғана келісімі емес, сондай-ақ мұндай ақпараттың заңда қарастырылған сақтау, пайдалану тәртібі де сақталуы тиіс. Егер ол заңдық жауаптылыққа тартылған болса, ақпаратты құқық қорғау органдары (милиция, прокуратура, сот) азаматтың келісімінсіз жинай алады. Егер адам жауаптылыққа тартылмаған болса, аталған органдардың ол туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқы жоқ.

Жеке өмірге араласпау тұрғын жайға қол сұқпаушылықты белгілеуді де білдіреді. Үй иесінің келісімінсіз ешкімнің де басқа адамның үйіне, басқа адамның пәтеріне басып кіруге: үй иесінің еркінен тыс ашық немесе үй иесіжоқ кезде жасырын басып кіру жатады. Бұл үшін заң тіпті қылмыстық жауаптылық та белгілейді. Мұндай жауаптылық билікті теріс пайдалану жолымен басып кірген жағдайда, басқа адамның үйіне екі немесе одан да көп адам басып кірген жағдайда қозғалады. Тұрғын үйге милиция қызметкері қылмыскердің ізіне түсу жіне қылмыкердің тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдадйда кіреді.

Адамды тұрғын үйден айыруға тыйым салынады. Егер адам тұрғын үйге меншік құқына ие болса, онда ол оны иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.



4.Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік

құқықтары мен бостандықтары

Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.

Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан рыноктік экономика деп аталатынға өту процесін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары:

жеке және мемлекеттік меншікке негізделген экономиканы құрудан;

кәсіпкерлікке, әсіресе материалдық игіліктер өндірісі, құрылыс, көлік, жеке сауда саласындағы қоғам үшін пайдалы кез келген нысандағы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден көрінеді.

Рыноктық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм-ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі, айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншік те адамдарды қанаудан арашалай алмады. Мұндай меншіктің пайдасын, негізінен, партияның және мемлекеттің басындағылар көрді.

Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншіктің дамуын бетімен жіберуге болмайды. Ол мемлекет арқылы реттелуі тиіс. Мемлекет меншіктің жинақталуына, бірақ кәсіпкерлік қызмет қоғам экономикасының қалыптасуы мен дамуына ықпал етуіне бағытталған жеке бастамаға қолдау көрсетуі тиіс. Оның үстіне Қазақстан мемлекеті адамдардың игілігіне, демократия мен әлеуметтік – саяси тұрақтылықтың негізі ретінде «орташа» таптың қалыптасуына игі ықпал етеді деген үмітпен жеке меншік иелерін мүмкіндігінше көбірек қалыптастыруға қолдау көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстанда мемлекеттік меншіктің елеулі бөлігін жекешелендіру (жеке адамдарға беру) жүргізілуде.

Жекешелендіру мынадай мәселелерді шешеді:

жекешелендірудің мақсаты - әр адамға оның мемлекеттік мүліктегі үлесін бөлу;

жекешелендіруге қатысатын әр азамат мемлекеттік мүліктегі үлеске құқығын куәландыратын құжат алады.

Сөйтіп, әрбір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншікке ие болады. Яғни, жалпыға бірдей мәрелік бастау қамтамасыз етіледі. Ал одан арғысы әркімнің жеке қабілетіне, басқа да мән-жайларға байланысты болады. Кеңестік Конституция тек азаматтың ғана өзіндік меншігін нығайтты. Ол жалақының есебінен құрылды және адамның қажетін қанағаттандыруға қызмет етті. Жеке меншіктің өзі баюдың қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жеке меншікке құқық адамның өзіндік меншігі құқығынан елеулі түрде ерекшеленеді.

Меншік иесі өз меншігіне заңға сәйкес билік етуге құқылы. Бұл өз мүлкін жекеленген адамға, қоғамға зиянды түрде, яғни, басқа адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттің заңды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдалануға болмайды деген сөз.

Жеке меншік әр түрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, сыйлық алу, бағалы қағаздарды өткізу және т.б. нәтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлкет арқылы қорғалады.

Мемлекет өз азаматтарының меншікке құқын ел ішінде де, сондай-ақ сырт жерлерде де қорғайды. Мемлекет жеке меншікті, біріншіден, қылмысты қол сұғушылықтан (ұрлықтан, талан-таражға салынудан, бұзылудан), екіншіден, оған нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекеттен қорғайды. Жеке меншікке қол сұққаны үшін кінәлі қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады. Заң жеке меншікті мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтан мүлікті алу туралы шешім шығарса, онда ол келтірілген залалдың орнын толтыруды немесе мүлікті қайтаруды талап етіп сотқа жүгінуге құқылы. Жекешелендіру процесінде жеке меншіктің құрылуының қайнар көзі болып табылатын жеке кәсіпкерлікке айрықша назар аударылады.

Жеке кәсіпкерлік – адамзаттың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Рыноктік қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке бостандықты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға талпынған адамдардың талаптары басылып тасталды. Мұндай қызмет заңсыз баюдың негізі, ізгіліктің жойылуына апарып соқтыратын тоғышарлық идеологияның көрінісі деп есептелді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлік толық дерлік таратылды. Осының кесірінен адамдар жүздеген жылдар бойғы сақталған ұлттық кәсіпшілік дәстүрін жалғастыру және жетілдіру мүмкіндігінен айрылды (қолмен кілем тоқу, зергелік іс т.б.). Бұл адамдардың шаруашылық өміріне елеулі зиян келтірді, кәсіпкерлік құлшынысты басып тастады, еңбек дағдыларының жойылуына әкеліп соқтырды. Осындай саясаттан мемлекет те, қоғам да, халық та, әр адам да ұтылды. Енді кәсіпкерлік қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгерді.

«Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар» (26-бап).

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда шағын кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі нысандары мен әдістері қарастырылды. Мемлекет, оның органдарының шағын кәсіпкерліктің қызметіне тікелей араласуына құқы жоқ. Шағын кәсіпкерлікке іс-әрекет еркіндігі толық берілген. Әрине, бұл орайда олар заңды бұзбауы тиіс. Шағын кәсіпкерлікке іс-әрекет еркіндігі толық берілген. Әрине, бұл орайда олар заңды бұзбауы тиіс. Шағын кәсіпкерліктің құқын бұзған лауазымды адамдар жауаптылыққа тартылады.

Кәсіпкерлікпен жеке адамдар немесе адамдар тобы айналыса алады. Мемлекет кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер белгіледі: мемлекеттің қорынан несие бөледі, қажетті жабдықтармен және басқаларымен қамтамасыз етеді. Мұндай көмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кәсіпкерлерге жасалады. Ол түсінікті, мұндай кәсіпкерлер экономиканы дамытуға, адамдардың осындай тауарларға сұранысын қанағаттандыруға ықпал етеді. Өндіріспен айналысатындарға (фермерлерге, тұтыну тауарларын өндірушілерге және басқаларына) қолдау көрсететін кәсіпкерлік пен бәсекені қолдай қоры құрылды.

Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асыруға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.

«Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» (24-бап).

Сонымен, еңбек ету бостандығы құқығы біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, әрбір еңбек етуге қабілетті адамның өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынға, мекемелер мен ұйымдарға жұмысқа орналсуға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден, бұл құқық адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.

Бұл арада атап өткен жөн, жаңа Конституция бұрын болғандай, еңбек ету міндеттілігін көздемейді. Заң мұндай адамдарды «арамтамақтар» деп атаған еді. Бір кездерде олар үшін арнаулы еңбекпен тәрбиелеу лагерлері де құрылды. Алайда, күштеу, барлық уақыттағы сияқты, игі нәтиже берген жоқ. Қандай себеппен болсын жұмыс істегісі келмегендер (нашақорлар, маскүнемдер, ар-намыстан айрылып, азған адамдар) жұмыс істемеудің жолын тапты.

Конституция, заңдар адамның жұмысқа өзінің орналасуына құқық береді. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шарты жасалады. Еңбек шартының мынадай белгілері бар:

еңбек етуші белгілі бір ұжымының құрамына кіреді немесе нақты бір адамға жұмыс істеу үшін жалданады;

ол еңбек шартында көзделген жұмысты орындайды;

ол еңбек тәртібіне, еңбек режиміне бағынады;

ол еңбекақыны шартта көзделгендей сан мен сапа бойынша алады; және еңбекақы заңмен белгіленген мөлшер деңгейінен төмен болмауы тиіс;

ұжым әкімшілігі, жеке жалдаушы жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.

Жалдаушы адам еңбек шартына қатысушылардың бірі болып табылады. Ол еңбек шартына өз атынан қол қояды, өзіне қабылданған еңбек ету (қызмет ету) міндетін өзінің жеке еңбегімен орындайды. Жұмысқа жалдану үшін, адам жұмыс істеуге қабілетті болуы керек, яғни жұмысты қабілетіне қарай өзі саналы түрде таңдауы және жүктелген міндетке жауап беруі тиіс.

Әкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік ұйымдар, жеке кәсіпкер) еңбек шартының екінші тарабы болып табылады.

Конституция мынадай қағида бар:

«Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» (24-бап).

Төтенше немесе әскери жағдай жарияланған кезде заң азаматтардың белгілі бір жұмыстарды міндетті түрде орындау жағдайын қарастыра алады. Мұндай «мәжбүрлеу» азаматтардың, қоғамның заңды мүдделеріне қастандықты болдырмау және қорғау қажеттігінен туындайды.

Еріксіз еңбектің уақытша сипатта болатынын айтқан жөн және адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, ар-намыс бостандығын шектемеуі, азап пен қатыгездік қатынас көрсетуге ұласпауы тиіс.

Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары еңбек ету бостандығын жариялай отырып, еңбек шартының еркіндігіне де кепілдік береді. Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда, рыноктік қатынас жағдайында, жеке кәсіпорын пайда болған кезде мемлекет онда жұмыс істегісі келетіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді.

Азаматтардың ереуілге шығу құқығы. Кеңестік өкімет жылдарында «ереуіл» ұғымы жоғалтылды. Кеңес мемлекеті халықтық мемлекет деп танылғандықтан, ол халықтың мүддесін көздеуі, оны қорғауы, оның сұранысын қанағаттандыруы тиіс болды. Сондықтан халықтың да, адамдардың жекелеген тобының да толқу, ереуіл ұйымдастыруға құқығы болмады. Алайда, мемлекеттік кәсіпорындар адам еңбегін қанады, еңбегі үшін ақыны толық төлемеді, барлық жерде бірдей еңбек етуге қолайлы жағдай жасалған жоқ. Кеңес азаматтары шырайлы болашаққа үмітпен қарады. Егер өкіметке өзінің еңбек жағдайын жақсартуды талап еткендер шыға қалса, оларды қылмыскер ретінде жауапқа тартты. 60 жылдары Қарағанды облысында жұмысшылардың қарсылығын осындай қаталдықпен басты. Демек, өздерінің экономикалық құқығын қорғау мақсатында оны ұйымдасқан түрде білдіруге еңбек ету құқығын қорғай алады, сондай-ақ азаматтар ереуілге шығуға да құқылы.

Ереуіл – жұмысшылар мен қызметкерлердің заңды талабын кәсіпорынның, мекемелердің әкімшіліктері қанағаттандырмаған кезде қолданылатын ең амалсыз шара. Оның үстіне мемлекеттік сияқты, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері де ереуілді жариялай алады. Ереуіл Қазақстан Республикасы заңдары шеңберінде өткізілуі тиіс. Ереуілшілер басқа азаматтардың заңды мүдделерін бұзбауы, оларға материалдық және басқалай зиян келтірмеуі, қоғамдық тәртіпті бұзбауы, басқа да заңсыз әрекеттер жасамауы тиіс. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактте де ереуілшілерге осындай талаптар қойылған: «… мемлекет әр елдің заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда ереуілге шығу құқын қамтамасыз етуге міндеттенеді».

Азаматтардың демалыс құқығы. Қазақстан Республикасының Заңы қызметкерлердің демалыс құқығын жан-жақты реттейді, оның үстіне демалыс туралы заң мемлекеттік сияқты ұжымдық және жеке кәсіпорындарды да қамтиды. Демалыс уақыты – қызметкердің өзінің еңбек ету міндеттемесін орындаудан босаған кездегі уақыттарын оны өзінің қалауы бойынша пайдаланатын уақыты.

Жылдық демалыс уақыты – кем дегенде 18 жұмыс күндік демалыс. Әр түрлі салаларда тағы да қосымша демалыс беріледі. Мысалы, мұғалімдерге берілетін демалыстың ұзақтығы 48 жұмыс күні.

Мектептерде, арнаулы оқу орындарында (техникумдарда, университеттерде) оқитындарға қосымша демалыс ақысы төленеді. Бұл оқитындардың ойдағыдай білім алуына мүмкіндік береді. Жұмыс орны әкімшілігінің қандай да бір себептермен болсын заңда көзделген демалысты беруден бас тартуға құқығы жоқ. Мемлекеттік сияқты, жеке кәсіпорындардың да әкімшіліктері заң ережелерін орындауға міндетті.

Азаматтардың тұрғын үйге құқығы. Гуманды болғысы келетін мемлекет әр азаматына қолайлы жағдай жасауға, олардың әрқайсысының тұрғын үйі болуға ұмтылуы тиіс. Міне осыдан келіп, Қазақстан мемлекеті азаматтардың тұрғын үйге құқына мынадай кепілдік береді.

Азаматтар тұрғын үй салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіппен мемлекеттік, кооперативтік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы.

Азаматтар тұрғын үй немесе пәтер сатып алуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тегін немесе жалға алуға құқылы

Мемлекет азаматтарының жеке немесе кооперативтік үй тұрғызуына, оның ішінде қарыз алу жолымен тұрғызуына көмек көрсетеді.

Тұрғын үйден қуып шығуға кім-кімге болсын тыйым салынады. Қуып шығу заңда көзделген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Азаматтар тұрғын үйді пайдалану мүмкіндігінен айрылған немесе ол мүмкіндік шектелген жағдайда заңсыздықтың тоқтатылуы туралы сотқа жүгінуге құқылы. Егер азаматтың үйі орналасқан участок мемлекет мүддесіне алынатын болса, мемлекет оның құнын қайтаруы немесе пәтер беруі тиіс.

Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілген тегін медециналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Бұрын барлық медециналық көмекті мемлекет көрсетті, яғни барлық денсаулық ісі мемлекіеттің қолында болды. Енді мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен ( ауруханалар, емханалар, дәріханалар, т.б.) бірге жеке медетциналық мекемелер құрылуда. Әрине, емханаларды, дәріханаларды және басқаларын дүмшелер емес, арнаулы медициналық білімі барлар құруы және заңда белгіленген тәртіппен құрылуы тиіс. Әрине, жеке медициналық көмекке белгілі бір мөлшерде ақы төленеді.

Барлық саладағы дағдарыс жағдаиында денсаулық саласының жаңа жүйеге көшуі медециналық қызметті бірден жақсарта алмайды. Мұны медициналық көмекке мұқтаж әр адам қатты сезінеді. Алайда, біздің мемлекетіміз, оның жергілікті жерлердегі органдары халықтың денсаулығы туралы тұрақты қамқорлық жасауы тиіс.

Денсаулық сақтау құқы, сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдарды (бұқаралық ақпарат құралдары, өтініш, хат және т.б.) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізі – қоршаған табиғи орта. Оның жағдайы қандай болса, адамдардың денсаулығы да сондай.

«Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 31-бап).

Соңғы 40 – 50 жылда Қазақстанның табиғатына орасан зор, орны толмас нұқсан келтірілді. Ол – Кеңес мемлекетінің тар өрісті саясатының көрнісі. Тың жерді игерудің нәтижесінде оның құнды қабаты эрозияға ұшырады. Қара боран миллиондаған жылдар бойы қордаланған жер шұрайын сорып әкетті. Шаруашылықтар жайылымдық жерден айрылды. Су көздерін тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Арал теңізі құрыды. Тіпті Азияның ертедегі құл иеленуші мемлекеттерінің өзі суды үнемдеу үшін ирригациялық құрылыстар жүргізген еді. Ондаған жылдар бойы атом қаруын сынаудың нәтижесінде Шығыс Қазақстанның жері, су көздері уланды. Мұның бәрі адамдардың денсаулығына кері әсер етті. Бүгінгі ұрпақ аталған апаттардың зардабын шегіп отыр, ол келер ұрпаққа да жалғаспақ. Азаматтардың қоршаған ортаның өмір мен денсаулыққа қолайлы құқы жөнінде Конституцияда жарияланғандардың бәрін жүзеге асыруда, біріншіден, егемен Қазақстан мемлкеті бұрынғы социалистік режимнің ізгілікке жат саясатынан зардап шеккендерге жеңілдіктер беруі керектігін білдіреді. Екіншіден, Қазақстан мемлекет алда қоршаған табиғи ортаны ластауға жол бермейтіндей саясат жүргізуі тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;

әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі;

білім берудің зайырлық сипаты;

жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;

білім беруұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;

білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттігін кеңейту;

білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;

білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

оқушыларды кәсіптік бағдарлау;

білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылыдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Адамға керегі білім туралы куәлік не диплом емес. Мемлекет – оқу орындарының құрылысына, құрал жабдықтарына, оларды қалыпты ұстауына, жөндеуіне, оқытушылардың жалақысына, стипендияға және тағы басқаларына, әр түрлі: педагогтік, инженерлік, дәрігерлік, заңгерлік және тағы басқа салаларда жоғары білікті мамандар әзірлеу үшін қыруар ақша жұмсайды. Оқушылар мен студенттердің міндеті – беріліпоқу, терең білім алуға ұмтылу, алған білімді практикада қолдана білу, оқу орнының ішкі тәртібінің ережелерін сақтау. Сонымен бірге олардың абыройлы борышы – ізгі мұраттарға тәрбиеленген мәдениетті адам болып шығу. Оқу орнына мынадай басты міндеттер жүктеледі:

рухани қуаты мен талантының жарқырап көрінуіне, ізгі дәстүр негіздерін қалыптастыруға, әр адамның дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;

азаматтылыққа, оқушылардың отбасы, қоғам мен мемлекет алдындағы өзінің борышын, қоғамның мәдени, саяси өміріне қатысу қажеттігін түсінуіне тәрбиелеу;

оқушылардың қазіргі заманғы деңгейде жалпы және арнаулы білім алуына жағдай жасау;

өзінің ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті зерттеп, халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді меңгеруіне жағдай жасау.

Азаматтардың көркем, ғылыми және техникалық шығармашылық құқығы туралы да айта кеткен жөн. Мемлекет азаматтарының рухани шығармашылыққа ұмтылысын қолдайды. Ұлттық Ғылым Академиясында, университеттерде, ғылыми орталқытарда мемлекеттің қолдауына сүйенген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Екінші жағынан, мемлекет азаматтардың өнертапқыштыққа, жаңалық ашуға, ғылыми еңбектер мен көркем шығармаларға авторлық құқығын қорғайды. Қазақстан Республикасының заңында бұрын белгісіз жаңа ұғым – интеллектуалдық (зияткерлік) меншік ұғымы пайда болды. Ол да азаматтардың мүліктік меншігі сияқты қорғалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет