Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет3/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес, 1996 жылғы маусымның 12-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi дауысқа салмай-ақ қабылдаған және "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" және Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынылған Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасының 74-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоса есептегенде, қабылданған күннен бастап, қаулы күшiне енедi. Бұл шағымдануға жатпайды, түпкiлiктi болып табылады.



Қазақстан Республикасы Конституциясының

4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына

ресми түсiндiрме беру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң

1996 жылғы 28 қазандағы N 6/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында: Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы С.Ғ.  Темiрболатов және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi
Н.И. Акуев, О.Қ. Ихсанов, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов.,
В.Д. Шопин, Парламент Мәжiлiсi Төрағасының Өкiлi, депутат
М.Н. Голоковтың, ғалым – заң зерттеушi маман А.А. Матюхиннiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясының
72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы желтоқсанның 29-ындағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының
1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, ашық отырыста Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы
М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Конституциялық Кеңеске өтiнiш бiлдiруге Қазақстан Республикасының Парламентi Палатасының үстiмiздегi жылғы қыркүйектiң 18-iндегi отырысында Мәжiлiс депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының


1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына түсiндiрме беру жөнiнде ұсыныс ете отырып, сөйлеген сөзi себеп болды.

Баяндамашы Н.И.  Акуевтiң хабарламасын, Республика Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының өкiлi, депутат М.Н.  Голоковтың түсiнiктемесiн, маман А.А.  Матюхиннiң түсiндiрмесiн тыңдап, iсте бар жадығаттарды оқып-зерттей келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мыналарды


АНЫҚТАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы
М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабының 1-тармағына және 12-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. Аталған конституциялық нормаларға ресми түсiндiрме беру қажеттiгi туралы мәселе Мәжiлiс депутаттарының 1996 жылғы қыркүйектiң 18-iндегi пленарлық отырысында сөйлеген сөздерiне қойылған болатын.

1996 жылғы қыркүйектiң 18-iндегi Парламент Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысының стенограммасынан өтiнiшке қосып берiлген үзiндi көшiрмесiн көрiп отырғанымыздай, депутат М.Н. Головков өз сөзiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының


1-тармағына сiлтеме жасай келiп, қолданылып жүрген құқық туралы: "... бұл кешен құқық көлемiн белгiлейдi де, тек жалғыз Конституция емес..." – деп тұжырым жасайды. Бұдан соң депутат Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағына сiлтеме жасап, бұл норма"... қолда бар құқық пен бостандықты шектейтiн заң жасауға, қарауға, және қабылдауға тыйым салады" – деп қорытынды жасайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының аталған баптарын талдаған кезде Конституциялық Кеңес мына жағдайларға сүйенедi:

1. 1995 жылғы тамыздың 30-ында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетiн заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, Республикалық халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады" деп тиянақталған.

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығы бұл жерде құқықты субъектiлердiң белгiленген тәртiпте қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлерiндегi: Конституциядағы және соған сәйкес келетiн республика заңдарындағы, Президенттiң Жарлықтарындағы, Парламенттiң, оның Палаталарының және Республикасы Үкiметiнiң қаулыларындағы, басқа нормативтiк құқықтық актiлерiндегi, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардағы, Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларындағы нормалардың жүйесi ретiнде қаралады. Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғарғы заң күшiне ие.

Барлық аталған нормативтiк құқықтық актi, егер олар бұзылған болмаса, соның iшiнде - жаңа нормативтiк актiлердiң қабылдауына байланысты, қолданылып жүрген құқық құрамына енгiзiледi.

Өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлу тиiстi органның құзыры шегiнде белгiленген тәртiп сақтала отырып, жүзеге асырылуы тиiс. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi Конституцияның өз мәтiнiнде көзделген (91-бап).

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумасынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" –
деп белгiлеген.

Конституцияның 12-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасында құқық пен бостандық Конституцияға сәйкес танылады және оған кепiлдiк берiледi. Бұл адам құқығы мен бостандығының санына мемлекет Республика Конституциясының және соған сәйкес келетiн басқа да нормативтiк құқық актiлердiң нормасы белгiлеген шекте кепiлдiк бередi деген сөз.

Адамның аталған құқығы мен бостандығын абсолюттi деп тану олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұратын әр адамға, оның Республика азаматы болуы-болмауына қарамастан, қолданылады дегендi бiлдiредi.

Құқық пен бостандықтан ешкiм айыра алмайды дегенiмiз Конституция белгiлеген құқық пен бостандықтан адамды ешкiм, соның iшiнде, мемлекет те, Конституция мен соның негiзiнде қабылданған заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда, айыра алмайды. Адамның аталған құқығы мен бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағына сәйкес заңдар мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын белгiлейдi.

Сонымен қатар, адам құқығы мен бостандығын заңда белгiленген тәртiпте, Конституцияда көзделген жағдайларда
(12-баптың 5-тармағы және 39-баптың 1, 2-тармақтары) мемлекет шектей алады. Бұл жағдайда, Конституцияның 39-бабының
3-тармағына сәйкес саяси себептер бойынша азаматтардың құқығы мен бостандығын қандай түрде болмасын шектеуге жол берiлмейдi, сондай-ақ Конституцияның 10, 11, 13-15-баптарында 16-бабының
1-тармағында, 17-бабында 19-бабында, 22-бабында, 26-бабының
2-тармағында көзделген құқық пен бостандықты ешбiр жағдайда шектеуге болмайды.

Жоғарыда баяндалған жәйт негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының


4-тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағына және 12-бабының
2-тармағына түсiндiрме беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы
1-тармағының мәнi бойынша "қолданылып жүрген құқық" деп белгiлi бiр сәтте бұзылмаған Конституция нормалары мен Республиканың басқа да осы бапта келтiрiлген нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ бұзылмаған халықаралық мiндеттемелерi түсiнiлуi тиiс. Бұрынырақта қабылданған актiлерге белгiленген тәртiпте өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген, сондай-ақ жаңа актiлер қабылданған жағдайда, бұл актiлердiң нормасы қолданылып жүрген құқық құрамына енгiзiледi, ал күшi жойылды деп танылғандар – ол қатардан шығарылып тасталады. Жаңадан қабылданған нормалар өз күшiне Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5-тармақшасында бекiтiлген Заңның керi күшi туралы ережелер сақтала отырып енгiзiлуi тиiс.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында сөз етiлiп отырған адам құқығы мен бостандығы деп Конституцияға сәйкес мемлекет таныған және кепiлдiк берген адам құқығы мен бостандығын санау керек.

Құқық пен бостандықты абсолюттi деп тану – олардың Қазақстан Республикасы аумағында тұратын адамға, оның Республика азаматты болу-болмауына қарамастан, қолданылады дегендi бiлдiредi.

Адамды құқығы мен бостандығынан ешкiм айыра алмайды дегенiмiз белгiленген құқық пен бостандықтан адамды ешкiм, соның iшiнде, мемлекет те, Конституцияда және соның негiзiнде қабылданған заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда айыра алмайды.

Адам құқығы мен бостандығының заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердiң мазмұны мен қолданылуын белгiлейтiндiгi жөнiндегi 12-баптың 2-тармағының ережесiн осы құқық пен бостандықтың жүзеге асырылуының жағдайлары мен тәртiбiн белгiлеушi заң жасаған және қабылдаған кезде Конституция жарияланған адам құқығы мен бостандығы негiз болады деген мағынада түсiну керек.

Адам құқығы мен бостандығын белгiлеушi заңдарды, Конституцияның 39-бабының 3-тармағында келтiрiлгендердi қоспағанда, мемлекеттiң шынайы әлеуметтiк-экономикалық мүмкiндiктерiне қарай, белгiленген тәртiпте заң шығарушы орган өзгерте алады.

3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 1-тармағына сәйкес бұл Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға мiндеттi, үзiлдi-кесiлдi және шағымдануға жатпайтын болып табылады.

4. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 41-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес бұл Қаулы ресми республикалық басылымдарда жарияланады.



Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне

өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясының сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң

1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 8 қаулысы


Құрамында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы Ю.А.  Ким және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И.  Акуев, В.В.  Мамонов, С.Н.  Сәбiкенов,
С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопиннiң, өтiнiш субъектiсi – Қазақстан Республикасының Парламентiнiң өкiлi, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары – С.В. Тихоновтың, Парламент сенаты Аппаратының комитеттерiмен жұмыс жөнiндегi бөлiм бастығы
С.С. Еспаевтың сарапшылар: Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының мүше-корреспондентi, заң ғылымдарының докторы М.К. Сүлейменовтың, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
А.И. Худьяковтың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.  Павловтың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы А.О.  Жандосовтың және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi К.А.Колпаковтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдiнiң 1996 жылғы қарашаның 13-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi өтiнiшiн ашық отырыста қарай келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мыналарды
АНЫҚТАДЫ:
1996 жылғы қарашаның 15-iнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес 1996 жылғы қарашаның 13-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау туралы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының өтiнiшi келiп түстi.

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өтiнiшке байланысты қолда бар құжаттарды талдау, сондай-ақ өтiнiш субъектiсiнiң ресми өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары – С.В. Тихоновпен және Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының комитеттерiмен жұмыс жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi С.С. Еспаевпен жүргiзiлген сұрау жұмысы мынаны көрсеттi: шын мәнiне өтiнiшке арқау болып отырған қабылданған Заңның барлық бабы мен тармағы емес, тек Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 86-бабына қосымша жаңа 6-тармақ түрiнде енгiзiлген, мына мазмұндағы


1-тармақ қана: "Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың заңмен белгiленген тәртiпте есептелген шамадан артық мөлшерi жолыққан жағдайда, олардың акциясын ерiктен тыс сатып алудың мүмкiндiктерi мен негiздерi заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн".

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы", "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтарының ережелерiн өзгертушi және толықтырушы қаралып отырған Заңның басқа құқықтық нормалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 86-бабының 6-жаңа тармақ түрiндегi қосымшадан туындайды.

Конституцияның 6-бабының 2-тармағында: "Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi" деп жазылғандықтан, "Банктер мен банк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың заңмен белгiленген тәртiпте есептелген шамадан артық мөлшерi жолыққан жағдайда, олардың акциясын ерiктен тыс сатып алудың мүмкiндiктерi мен негiздерi заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн" – деп белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 86-бабына қосымша жаңа 6-тармақ Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.

Қабылданған Заңның банктер мен банктiк емес мекемелердiң акциясын ерiктен тыс сатып алудың жаңа нормасын енгiзуi Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының


3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына қайшы келмейдi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 115 және 118-баптарына сәйкес (Жалпы бөлiм) акция құнды қағаздың бiр түрi ретiнде мүлiк түрi болып табылады және осындай сипатта меншiк құқығының объектiсi бола алады, ал акция ұстаушы мемлекеттiк ұйым болып табылатын жағдайда, шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi немесе жедел басқару құқығының объектiсi болып табылады. (ҚР АҚ 197 және
202-баптары). Олай болса, акция Конституцияның 6 және
26-баптарында қолданылатын "меншiк" санатына жатады.

Конституцияның 6-бабының 1-тармағында "Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады", – деп белгiленген. Конституцияның


26-бабының 2-тармағында меншiкке заңмен кепiлдiк берiлетiндiгi көзделген, ал осы баптың 3-тармағы бұл кепiлдiктердi "Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн", – деп белгiлейдi.

Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.

Субъектiлер (акционерлер) меншiгiнiң объектiсi болып табылатын акцияларды ерiктен тыс сатып алу несие берушiлердiң (салымшылардың) мүддесiн қорғау мақсатында және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырылады. Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың шамадан тыс артық мөлшерi болуы айрықша жағдайларға жатады, бұл жағдайларда Конституцияның
26-бабының 3-тармағы мүлiктi ерiктен тыс алуға рұқсат етедi.
Бұл өтпелi кезең экономикасының ерекшелiктерiнен туындап отыр.

Жоғарыда баяндалғандар негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының


2-тармақшасын және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының
1-тармақшасын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 1996 жылғы қарашаның 13-iнде Қазақстан Республикасы Конституциясының
61-бабының 4-тармағына сәйкес қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы үзiлдi-кесiлдi болып табылады, шағымдануға жатпайды және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының


38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлар ескерiле отырып, ол қабылданған күннен бастап өз күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының

53-бабының 3-тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 9/2 қаулысы


Құрамында Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И. Акуев, О.Қ. Ихсанов, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiлi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Р.Қ. Тоқсейiтовтiң Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi, депутат И.К. Елекеевтiң экономика ғылымдарының докторы – маман
В.Д. Мельниковтың қатысумен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4-тармақшасын және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi ашық отырыста Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә.М.Қажыгелдиннiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түрде түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


Н.И. Акуевтiң хабарламасын, өтiнiш субъектiсi мен Парламент Мәжiлiсi өкiлдерiнiң түсiнiктемесiн, маман В.Д. Мельниковтың қорытынды пiкiрiн тыңдай келiп, қолда бар жадығаттарды оқып-зерттей келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мыналарды
АНЫҚТАДЫ:
1996 жылғы қарашаның 26-сында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә.М. Қажыгелдиннiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште республикалық бюджет және республикалық бюджеттi орындау жөнiндегi есеп бiр жылдық мерзiм дегендi бiлдiредi деп түсiнуге бола ма деген мәселе қойылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Қаржы министрi А.С. Павловтың өтiнiшке қоса берiлген баяндау хатында "Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау барысында Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының


53-бабының 2-тармақшасына қатысты мәселе қойылғандығын, онда республикалық бюджеттi Парламент бiр жылға бекiтедi деп белгiленбегенiн атап көрсетедi. Заңның аталған жобасының редакциясында республикалық бюджеттi ең қысқа кезеңге (жарты жыл, тоқсан, ай) де бекiту ұсынылған. Бұдан басқа, республикалық бюджеттiң бiр айдағы, тоқсандағы және бiр жылдағы орындалуы жайлы есеп, түсiндiрме жазбасымен, сондай-ақ оған қоса берiлетiн барлық құжаттарды Парламент белгiлеген мерзiмде Қазақстан Республикасының Парламентi мен Есеп комитетiне тапсырып отыруы жайлы мәселе қойылуда.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының


2-тармақшасын талдау кезiнде Конституциялық Кеңес мыналарды ескередi:

Конституцияның 53-бабының 2-тармақшасында: Палаталардың бiрлескен отырысында Парламент: "Республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi", – деп жазылған және бюджеттi белгiлi бiр кезеңге бекiту жөнiндегi және соған байланысты оның орындалуы туралы есеп берудiң мерзiмдiлiгi жөнiнде нақты атап көрсетiлмеген. Бұл мерзiмдердi қолданылып жүрген заңдар белгiлеген.

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы желтоқсанның
17-сiндегi "Қазақстан Республикасының бюджеттiк жүйесi туралы" Заңының 3-бабының 11-тармағында "Бюджет бiр жылға жасалады. Бюджеттiк жыл қаңтардың 1-iнен басталып, желтоқсанның 31-iнде аяқталады", – деп белгiленген. Сонымен бiрге Қазақстан Республикасының аталған заңының 12-бабы 3-тармағында Парламент Үкiметтiң баяндамасы, Парламенттiң тиiстi комитетiнiң қорытынды пiкiрi мен қосымша баяндамасы негiзiнде республикалық бюджеттiң орындалуы жөнiндегi есептi қарап, бекiтедi, – деп көрсетiлген.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен


1996 жылғы сәуiрдiң 19-ында бекiтiлген "Республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетi туралы Ереженiң
10-тармағының 2-тармақшасында өз өкiлеттiктерiн iске асыру үшiн Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерi "Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттiң орындалуы жөнiндегi жылдық есептi қабылдауға құқықты. Есеп комитетiнiң жылдық есебi өзiнiң мазмұны мен сипаты жөнiнен Үкiметтiң берген есебi бойынша қорытынды болып табылады".

Жоғарыда баяндалған жайттар негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының


4-тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасына ресми түсiндiрме беруге байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 2-тармақшасын былай деп түсiну керек: Қазақстан Республикасының бюджеттiк жүйесi туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Парламент Палаталардың бiрлескен отырысында республикалық бюджеттi бiр жылға және Үкiмет пен республикалық бюджеттiң орындалуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есебiн бекiтедi.

2. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 1-тармағына сәйкес, бұл Қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, үзiлдi-кесiлдi және шағымдануға жатпайтын болып табылады.

3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 41-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес бұл Қаулы ресми республикалық басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жатады.

Қазақ КСР-сы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және

310-баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшi (ұсынысы) туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң

1997 жылғы 24 ақпандағы N 1/2 қаулысы


Құрамында Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким және Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин қатысқан ашық отырыста "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 115 және 310-баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тану жөнiндегi Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшiн (ұсынысын) қарай келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мыналарды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет