Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010


Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы



бет5/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы

24 ақпандағы N 1/2 Қаулысына Қарсылығы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң

1997 жылғы 17 наурыздағы N 1/3 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.И. Акуев,
О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопиннiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы
4-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығы 38-бабының 2-тармағы
1) тармақшасының негiзiнде жабық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы Қазақ КСР-iнiң Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 310-бабын конституциялық емес деп тануға қатысты N 1/2 Қаулысына Қарсылығын қарап, ұйғарды:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Маңғыстау облыстық сотының өтiнiшi бойынша 1997 жылғы


24 ақпандағы N 1/2 Қаулысымен Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу Кодексiнiң 115 және 310 баптарын конституциялық емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының
3) тармақшасында тұжырымдалған адам және азамат құқығына қысым жасайды деп таныған болатын.

1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Конституциялық Кеңестiң аталған Қаулысында Қазақ КСР-iнiң Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 310-бабына қатысты оны конституциялық емес деп танығанына Қарсылығы келiп түстi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қарсылығында Қазақ КСР-iнiң АIЖК-нiң 310-бабын конституциялық емес деп танудың сенiмсiз екенiн, осыған байланысты Конституцияның 77-бабының
3-тармағы 3) тармақшасындағы келтiрiлген норма бланкеттi болып табылатынын, яғни соттылықты белгiлейтiн нақты заңға сiлтеме бары туралы пiкiр айтылған болатын.

АIЖК-нiң 310-бабында көрсетiлгендей, екiншi сатыдағы соттың төменгi соттың iстi бiрiншi сатыда қарауы үшiн өз өндiрiсiне қабылдауын қайталап бұзуы Конституцияны бұзу болып табылмайды, өйткенi заң бойынша iстiң жаңа соттылығы қарастырылып отыр. Мұндай жағдайда тараптардың келiсiмi талап етiлмейдi, яғни сотты болушылықтың өзгермейтiн қағидасын сақтау қамтамасыз етiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қарсылық бiлдiруiн қараудың нәтижесiнде АIЖК-нiң 310-бабының конституциялық емес жөнiндегi Конституциялық Кеңестiң шешiмi Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көрсетiлген Қарсылық бiлдiрудi жеңу үшiн қажеттi дауыс санын ала алмады. Яғни, Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 24 ақпандағы АIЖК-нiң
310-бабын конституциялық емес деп тану жөнiндегi N 1/2 қаулысы Конституцияның 73-бабы 4-тармағының нормасына сәйкес қабылданбады деп табылады.

Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 10 наурыздағы Қарсылық бiлдiруiн жеңе алмауға байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы "Маңғыстау облыстық сотының Қазақ КСР АIЖК-нiң 115 және 310 баптарының Конституцияға сәйкес еместiгiн тану жөнiндегi өтiнiшi (ұсынысы) туралы" N 1/2 қаулысының Қазақ КСР АIЖК-нiң 310-бабын конституциялық емес деп тану бөлiгi қабылданбады деп табылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң


1997 жылғы 24 ақпандағы N 1/2 қаулысы Қазақ КСР АIЖК-нiң
310-бабын конституциялық емес деп тануды қоспағанда оны қабылдаған күн 1997 жылғы 24 ақпанынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының

4-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінiң

1997 жылғы 18 сәуiрдегi N 7/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төрағасы Ю.А. Кимнiң, Конституциялық Кеңес мүшелерi Н.И.  Акуевтiң, О.Қ.  Ықсановтың, В.В.  Мамоновтың,
С.Н. Сәбiкеновтың., С.Ғ. Темiрболатовтың, В.Д. Шопиннiң, өтiнiш жасаушы субъектi өкiлi, Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының депутаты А.Э. Мостовичтiң қатысуымен ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағы
4-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 17-бабы 3-тармағы,
1-тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы баяндамашы, Конституциялық Кеңестiң мүшесi Мамоновтың хабарламасын, сондай-ақ субъект өкiлi Парламент Сенатының депутаты
А.Э. Мостовичтiң сөзiн тыңдап, қолдағы материалдарды зерттей келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҰЙҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
1997 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнулерi келiп түстi, өтiнуде сондай-ақ екi жылға сайланған Сенат депутаттары келесi мерзiмге қайта сайлана ала ма деген сұрақ қойылды.

Аталған нормаларды Конституциялық Кеңес мына тұрғыда түсiндiредi. Конституцияның аталған бабының 4-тармағы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының және Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сәйкес келуi талаптарын айқындайды. Олар Парламентке жүктелетiн мiндеттер сипаты тұрғысынан шарттастырылған.

Республика азаматтығында кемi бес жыл тұрған Қазақстан Республикасының азаматы Сенат депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы" заңына сәйкес азаматтық дегенiмiз адамның мемлекетпен оның өзара құқықтар мен мiндеттерi жиынтығын бiлдiретiн тұрақты саяси-құқықтың байланысы болып табылады. Сенат депутаттығына кандидат мемлекетпен осындай құқықтық өзара қарым-қатынаста Азаматтықты алу негiзiнен тыс кемi бес жыл тұруы керек. Азаматтықты дәлелдейтiн құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесiнде Қазақстан Республикасы азаматтығын алған адамдар үшiн азаматтық жағдайының мерзiмi тиiстi адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледi, ал туғандығы бойынша азаматтық жағдайы тууы туралы куәлiгi бойынша анықталады.

Сенат депутатының белгiленген 30 жасы тиiстi құжаттармен: төлқұжатпен, жеке басын анықтайтын куәлiкпен немесе тууы туралы куәлiкпен дәлелденедi.

Сенат депутатының жоғарғы бiлiмiнiң бар екендiгi Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 сәуiрдегi "Жоғары бiлiм туралы" Заңының 13-бабы талаптарына сәйкес дәлелденедi.

Сенат депутаты үшiн бес жылдық жұмыс стажын талап ету осы немесе басқа лауазымда, мамандығы бойынша немесе басқа кәсiпте жұмыс iстеп жүргенiн, еңбек стажының үзiлiссiз болған болмағанын шектемейдi.

Сенат депутаттығына кандидат үшiн Конституцияның аталған нормасы тиiстi облыс, республикалық мәнi бар қала немесе Республика астанасы аймағында кемi үш жыл тұрақты тұру шартын айғақтайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 16-бабы


1-тармағына сәйкес (жалпы бөлiмi) тұратын жерi ретiнде азаматтың тұрақты немесе басым тұратын елдi мекенi саналады. Азаматтың тұратын жерiн анықтауда оның зайыбының тұратын жерiнiң маңызы жоқ (Неке және отбасы Кодексiнiң 18-бабы 4-бөлiгi). Азаматтың тiркелген жерi басым көпшiлiгiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi Қаулысы бойынша Республика аумағында 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылатын ескi төлқұжат үлгiсiнде көрсетiлген азаматтың нақты мекен-жайының бiрден-бiр дәлелi болып табылады. Сондай-ақ мұндай дәлел азаматтың тұрақты тұратын жерi бойынша оған жеке басы куәлiгi берiле отырып тiркелген жерi болып табылады; онда берген орын, уақыты және есептен шығып, келуiне орай жеке басы жөнiнде жаңа куәлiк берiлетiн және есепке алынатын, тұрақты тұратын жерге көшкен кезде өзгеретiн осы құжатты берген орган жазылады.

Қандай да бiр азаматтың тұрақты тұратын жерiнде Сенаттың депутаты болып сайлануы тұрақты тұратын жерiн соған бола автоматты түрде өзгертуi емес. Сенат депутатының Парламенттегi өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа да сайланған, лауазымға тағайындалған адам сияқты (мәселен, консулдықтың, елшiлiктiң және т.б. қызметкерлерi) өзiнiң тұрақты тұратын жерi шегiнен тыс жердегi депутаттық өкiлеттiгi мiндеттерiн өзi уақытша тұратын жерде жүзеге асыруы болып табылады.

Ал екi жылға сайланған Сенат депутаттығына қайта дауысқа түсу мүмкiндiгiне келер болсақ, конституциялық нормада да, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы
28 қыркүйектегi Жарлығында да Сенатқа қайта сайлануға тыйым салынбаған. Мұндай жағдайда, егер Сенат депутаты өзiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде тұрақты тұратын жерiн өзгертсе, онда ол Сенатқа депутаттыққа кандидат болып қайта сайлануға құқығын жоғалтады, өйткенi ол жоғарыда көрсетiлген шартқа тиiстi облыстың аумағында, республикалық мәнi бар қала яки Республика астанасында кемiнде үш жыл тұрақты тұруы керектiгiне сәйкес келмейдi.

Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 4-тармағын ресми түсiндiруге байланысты


ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 4-тармағын азаматтық алу негiздерiне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы Сенат депутаты бола алады деп ұғыну керек. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар үшiн азаматтықта тұрған мерзiм Қазақстан Республикасы Президентiнiң тиiстi адамға азаматтық беру туралы жарлыққа қол қойған күннен есептеледi, ал тууы бойынша азаматтықта тұрғаны туралы куәлiкпен расталады.

Депутаттың көрсетiлген жасқа жеткенiн растайтын құжаттар төлқұжат, жеке басының куәлiгi, яки тууы туралы куәлiк болып табылады.

Сенат депутатының жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм туралы" 1993 жылғы 10 сәуiрдегi Заңының 13-бабындағы талаптарына сәйкес расталады.

Сенат депутатының жалпы жұмыс стажы еңбек заңы талаптарына сәйкес расталады.

Өкiлеттiк құзыры бар органдардың Сенат депутатын тұрақты тұратын орында тiркелген орны оның басым уақыт тұратын орны болып саналады, оған күнi, орны көрсетiлiп берiлген куәлiк және орган берген құжат дәлел болып табылады.

Егер екi жылға сайланған Сенат депутаттары өздерiнiң тұрақты тұратын орнын өзгертпесе, олардың Сенатқа сайлануға құқы бар, ал оны өзгерткен болса, ол бұл құқықтан айырылады, себебi бұл тиiстi облыстың аумағында, республикалық мәнi бар қала яки Республика астанасында кемiнде үш жыл тұруы көрсетiлген конституциялық талапқа сәйкес келмейдi.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республикалық барлық аумағына бiрдей жалпы мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және
3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.

Қарағанды қаласындағы Ленин аудандық сотының Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi" Мемлекеттiк қызметi туралы" Жарлығының 2-бабы конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1997 жылғы 21 сәуiрдегi N 6/2 қаулысы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю. А. Кимнiң, Конституциялық Кеңес мүшелерi Н.И. Акуевтiң, Ө.Қ. Ихсановтың, В.В. Мамоновтың, С.Н. Сәбiкеновтiң, С.Ғ. Темiрболатовтың, В.Д. Шопиннiң құрамында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi Н.С. Мәшiмбаевтың, маман, "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн" кафедра меңгерушiсi, заң ғылымының кандидаты Т.М. Абайдiлденовтiң қатысуымен 1997 жылғы 16-21 сәуiрде ашық мәжiлiсте Қарағанды қаласы Ленин аудандық сотының Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы заң күшi бар "Мемлекеттiк қызметi туралы" Жарлығының 33-бабы
2-тармағының конституциялық еместiгiн тану туралы ұсынысын қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


Н.И.  Акуевтiң хабарламасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi Н.С.  Мәшiмбаевтың, маман
Т.Т. Абайдiлденовтiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару және сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiмнiң меңгерушiсi Б.Ә. Мұхамеджановтың сөздерiн тыңдап, сондай-ақ сарапшы
В.И. Макалкиннiң қорытындысымен таныса келiп, Конституциялық кеңес

ҰЙҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қарағанды қаласы Ленин аудандық сотының оның төрағасы
Қ. Қамзабаевтың қолы қойылған Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Мемлекеттiк қызметi туралы" Жарлығының 33-бабының 2-тармағын конституциялық еместiгiн тану туралы ұсынысы келiп түстi. Өтiнуге Азамат С.К. Сартаевтың Қарағанды облысы әкiмi аппаратының оған мемлекеттi қызметшi ретiнде бiлiктiлiк сыныбы үшiн қосымша ақы, көп жылғы еңбегi үшiн үстеме қосуға байланысты заңсыз бас тартуы туралы талап арызын сотта қарау себеп болды. С.К. Сартаев Қазақстан Республикасының "Iшкi iстер органдары құрамындағы басшы және қатардағы әскери қызметшiлердi және олардың отбасын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңына сәйкес зейнеткер бола жүрiп, Қарағанды облысының әкiмшiлiгiнде әкiмнiң әскери мәселелер жөнiндегi көмекшiсi болып iстейдi. Аталған заңның 57-бабына сәйкес оған басқа кiрiс түрлерi мен еңбек ақысынан басқа зейнетақы толық төленедi.

Қарағанды қаласының Ленин аудандық соты "Мемлекеттiк қызметi туралы" Жарлықтың 33-бабының 2-тармағындағы осы Жарлық ықпалының бұрын зейнеткерлiкке шыққан сондай-ақ Жарлық күшiне енген сәтте мемлекеттiк қызметшi қатарында тұратын зейнеткерлерге таратылмайтынын Қазақстан Республикасы Конституциясында бекiтiлген азаматтар құқықтарына нұқсан келтiредi деп қараған. Бұл жерде сот көзқарасын Қазақстан Республикасы Конституциясының: 14-бабы барлығының заң мен сот алдындағы теңдiгi және 24бабы ешбiр кемiтусiз еңбегi үшiн сыйақы құқығының бары туралы нормаларына сiлтеме жасай отырып негiздейдi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы
26 желтоқсандағы заң күшi бар "Мемлекеттiк қызметi туралы" Жарлығының 33-бабының 2-тармағын талдау барысында Конституциялық Кеңес оған төмендегiдей жайлар тұрғысынан қарайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 33-бабының


4-тармағында Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге құқығы бар делiнген. Мемлекеттiк қызметкер лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық мiндеттiң сипатына қатысты және оны заң белгiлейдi. Мемлекеттiк қызметкердiң жасы алпыстан аспауға, өзгеше жағдайларда алпыс бестен аспауға тиiс.

"Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлықтың 33-бабының


2-тармағында Жарлықтың күшi бұрын зейнетке шыққан адамдарға, сондай-ақ ол күшiне енген сәтте мемлекеттiк қызметте жүрген зейнеткерлерге қолданылмайды деп көрсетiлген.

Зейнетке бұрын шыққан адамдар мемлекеттiк қызметкер болып табылмайды, себебi мұндай қызметкерлердiң санаты талдау жасалып отырған Жарлықпен заңға тұңғыш рет енгiзiлдi. Жарлық күшiне енген сәтте мемлекеттiк қызметте жүрген зейнеткерлерге келетiн болсақ, оның күшi оларға жүрмейдi, олардың қызметi Қазақстан Республикасының еңбек заңымен реттеледi.

Бұрын зейнетке шыққан адамдарға, сондай-ақ ол күшiне енген сәтте мемлекеттiк қызметте жүрген зейнеткерлерге аталған Жарлық күшiнiң қолданылмауы азаматтардың заң алдында тең және кемсiтуге (Конституцияның 14 және 24 баптары) болмайды деген принциптi бұзу деп қарамау керек, себебi көрсетiлген шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабының 4тармағы талаптарына сай белгiленген, олар ағымдағы заңдарда нақты көрсетiлетiн болады. Демек, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлықтың 33 бабының 2-тармағы Конституцияда бекiтiлген азаматтың құқығымен бостандығына нұқсан келтiрмейдi.

Айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 33,37,38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес


ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлығының 33-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Қазақстан Республикасының барлық аумағына бiрдей жалпы мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 38-бабының 2 және


3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.
Ақмола облыстық сотының 1980 жылғы 13 қарашадағы

Қазақ КСР Заңы бекiткен, "Қазақ КСР адвокатурасы туралы" Ереженiң 3-бабының 3-бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 9/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И.  Акуев,
О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин бар, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi депутат С.М. Жалыбин, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бөлiм меңгерушiсi М.М. Әмiрованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының
2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 17-бабының
4- тармағының 1 тармақшасына сәйкес өзiнiң ашық мәжiлiсiнде Қазақ КСР-iнiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекiтiлген,
1991 жылғы 28 маусымда және 1995 жылғы 5 қазанда өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген "Қазақ КСР-iнiң адвокатурасы туралы Ереженiң" 3-бабының 3-бөлiгiнiң конституциялық еместiгiн тану туралы Ақмола облыстық сотының өтiнуiн қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


С.Н. Сәбiкеновтың хабарын, Қазақстан Республикасы Парламентi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi өкiлдерiнiң сөздерiн тыңдап, мамандар – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетiнiң конституциялық және әкiмшiлiк құқық кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымының докторы, профессор В.А. Ким мен Алматы қалалық адвокатура алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы адвокаттар Одағының президентi
К.К.  Карчегеновтың қорытындыларын тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҰЙҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Ақмола облыстық сотынан оның төрағасы А.А. Қасымовтың қолымен Қазақ КСР-iнiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекiтiлген, 1991 жылғы 28 маусымда және 1995 жылғы 5 қазанда өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген "Қазақ КСР-iнiң адвокатурасы туралы Ереженiң" 3-бабының 3-бөлiгiнiң конституциялық еместiгiн тану туралы өтiнуi түскен болатын.

Өтiнуге облыстық әдiлет басқармасы Е.Б. Жалғасовтың басшылығымен азаматтардың (заңгерлердiң) бастама тобы құрған облыстық N 2 адвокаттар алқасын ұйымдық-құқықтық түрiндегi "қоғамдық бiрлестiк" деп тiркеуден бас тартуы туралы 1996 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығының заңсыздығын тану туралы


Е.Б. Жалғасовтың талап арызы бойынша азаматтық iстi Ақмола облыстық сотының қарауы себеп болды.

Ақмола облыстық соты 1996 жылғы 7 тамызда талап арызды қарап, шешiм қабылдаған болатын, ал Ақмола облыстық әдiлет басқармасы оны Ақмола облыстық N 2 адвокатурасы алқасын қоғамдық бiрлестiк түрiндегi заңды тұлға түрiнде тiркеуге


мiндеттi едi.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 106-бабына және Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңына сәйкес ортақ мақсатқа жету үшiн ерiктi негiзде құрылған азаматтар бiрлестiгi қоғамдық бiрлестiктер болып табылатынын сот шешiмiне негiз болғанын атап көрсеткен болатын.

Қолданылып жүрген, 1980 жылғы "Қазақ КСР- iнiң адвокатура туралы Ережесiнде" адвокаттық қызметпен (3-бап) айналысатын адвокаттар алқасы тұлғалардың ерiктi бiрлестiгi делiнген, мұның өзi "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Заңға қайшы келмейдi. Сондай-ақ сот адвокаттар алқасы азаматтардың қоғамдық бiрлестiктерiне жатады делiнген ғылыми сараптаманың қорытындысына сүйенген. Себебi қоғамдық бiрлестiктердi тiркеудiң тәртiбi бiрдей бекiтiлген, демек, ол сот пiкiрi бойынша, қоғамдық бiрлестiктердi құруға мемлекеттiк органдардың алдын ала келiсiм беруiн қажет етпейдi.

Соттың бұл шешiмiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасы 1996 жылғы


23 қарашадағы ұйғарумен де бұзған және iс басқа судьялар құрамында қайта қарау үшiн адвокатура туралы заңның 3-бабының 3-бөлiгiнiң конституциялық еместiгiн тану туралы сол сотқа жiберiлген болатын. Сөйте тұра, Конституциялық Кеңеске жүгiну үшiн Ақмола облыстық сотына ұсыныс жасалған.

Аталған өтiнудi және оған тiгiлген материалдарды талдай келе Конституциялық Кеңес мыналарды еске алды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқығы мен бостандықтары адамға тумысынан жазылғандығы, олар абсолюттi деп танылатындығы, олардан ешкiм айыра алмайтыны (12-бап, 2-тармақ) бекiтiлген және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектеулi мүмкiндiгi (39-бап, 1-тармақ) атап көрсетiлген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының


1 тармағында былай делiнген: "Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқы бар. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi (23-бап, 1-тармақ) және оған кепiлдiк берiледi. Оған қоса, Конституциясының 5-бабында қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуы мен қызметi қандай жағдайда шектелетiнi, азаматтардың бұл шектеулерден тыс өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгi, өздерiнiң құқықтарын пайдалануға қатысты ой-мақсаттарына қандай да бiр келiсiмдi немесе бекiтудi қажет етпейтiнi айқын белгiленген.

Конституциялық ережелер негiзiнде сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабының 2-тармағын iске асыру тәртiбi бойынша 1996 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Заңы қабылданды, сонда айтылғандай "бiрлестiктерге ерiк беру құқығы адам мен азаматтың аса маңызды конституциялық құқығын бiлдiредi, оларды жүзеге асыру қоғам мүддесiне жауап бередi және мемлекеттiң қорғауында болады".

Қоғамдық-құқықтық үлгiде "Қоғамдық бiрлестiк" ретiнде құрылатын заңды тұлға ретiндегi N 2 Ақмола облыстық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң
34-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымға жатқызылады, өйткенi ол пайда табу мақсаты мен оны құрылтайшылары арасында бөлiсу мақсатын көздемейдi әрi адвокаттық қаламақыны аудару есебiнен ұсталады.

"Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Заңның 3-бабында оның ықпалының барлық қоғамдық бiрлестiктерге тарайтыны, бiрақ саяси партияларды, кәсiподақтар және жекелеген қоғамдық ұйымдардың түрлерiн құруға және жоюға байланысты ерекшелiктер басқа заң актiлерi мен реттелуi мүмкiн. Осы бапқа сәйкес жалпы принциптер негiзiнде қоғамдық бiрлестiктердi құру мен қызметi негiздерiн айқындайтын адвокатураны ұйымдастыру мен қызметi тәртiбiн реттейтiн арнайы актiлердi шығару дұрыс.

1980 жылғы 13 қарашадағы "Қазақ КСР адвокатурасы туралы ереженi", 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулер мен толықтыруларды жекелей алғанда Ереженiң
3-бабының 3-бөлiгiн қарай отырып, сөз жалпы принциптер шеңберiнде жiберiлетiн ерекшелiктер туралы емес, ерекшелiктердi есепке алу түрiндегi жалпы принциптерден бас тарту туралы болып отырғанын атап өту керек. Жоғарыда келтiрiлген жалпы принциптер.

1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Заңда қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу үшiн бiрлестiктердi жоғары тұрған органның алдын ала келiсiмiн алу тәртiбi және қаралып отырған Ереженiң 3-бабының 3-тармағында көрсетiлген тiркеу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарда бекiту тәртiбi белгiленбеген.

Осылай алғанда, 1980 жылғы 13 қарашадағы "Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженiң", 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулерiмен және толықтырулармен белгiленген адамдардың ерiктi бiрлестiгi ретiнде, адвокат қызметiмен шұғылданатын адвокаттар алқасын құру тәртiбi Қазақстан Республикасы Конституциясында және 1996 жылғы
31 мамырдағы "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Заңында белгiленген қоғамдық бiрлестiктердiң жалпы және негiзгi принциптерiне сәйкес келмейдi.

Бұлардан тыс "Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженiң"


3-бабының 3- бөлiгiнде көрсетiлген талаптар осы мәселелерге қатысы бар заңдарда айтылмайды.

Тiркеудiң жалпы тәртiбiн белгiлейтiн 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында, 1995 жылғы 31 тамыздағы, 1995 жылғы 5 қазандағы және 1996 жылғы


26 қаңтардағы өзгертулер мен толықтыруларда қоғамдық бiрлестiктердi құруға жоғары тұрған органың келiсiмiн мiндеттi түрде алу айтылмаған.

1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Лицензиялау туралы заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына, 1995 жылғы


31 тамыздағы және 1997 жылғы 7 сәуiрдегi өзгертулерге және толықтыруларға сәйкес адвокат қызметiн көрсету лицензиялауға жатады. Жоғары тұрған органның келiсiмiн алу және жергiлiктi атқарушы органдарда бекiту тәртiбi аталған Заңмен лицензиялау үшiн қажеттi талаптарға енгiзiлмейдi.

Мемлекет адвокаттар алқасы қызметiн қаржыландырмайды. Мемлекеттiк қаржыландыру республикалық бюджет туралы қабылданатын заң негiзiнде жүзеге асырылады. 1996 жылғы


31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "1997 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңында адвокаттар алқасын мемлекеттiк қаржыландыруға байланысты нормалар жоқ. Конституцияның 13 – бабының 3-тармағына, Қазақ КСР-нiң ҚIЖК
23 және Қазақ КСР-нiң АIЖК 90-1 - баптарына сәйкес мемлекет тек адвокат еңбегiне ақы төлей отырып, заң жүзiнде тегiн мемлекеттiк және қоғамдық институттардың бiрiгуiне, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдар мiндетiн жүктеуге жол бермейдi (5-бап,
1,2 тармақтар).

Жоғарыда келтiрiлгендер "Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженiң" 3 – бабы 3-бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекiтiлген азаматтардың құқығы мен еркiне нұқсан келтiретiнiне негiз болып табылады.

Конституциялық Кеңес жоғарыда айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Жарлығының 31-33-баптарын басшылыққа алып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет