Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010


Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының



бет18/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын конституциялық

емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

2000 жылғы 2 тамыздағы N 17/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң аға референтi Т.Е. Нұғымановтың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымын қарады.

Қолдағы бар материалдарды, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттiк университетiнiң қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушiсi – сарапшы Қ.Ж. Балтабаевтың қорытындысын зерделеп, баяндамашы А. Есенжановтың хабарын тыңдап, Конституциялық Кеңес мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2000 жылғы 3 шiлдеде Ақмола облыстық сотының "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы"
1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы
келiп түстi.

Ұсынымнан мәлiм болғанындай, Ақмола облыстық сотының iс жүргiзуiнде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бiрнеше рет, үй-жайға кiрумен, қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылық үшiн жауаптылықты көздейтiн 179-бабы, 2-бөлiгi, а), б), в), г) тармақтары бойынша Д.В.Васиневке айып тағу жөнiндегi қылмыстық iс жатыр. Бұл iс Ақмола облысы Есiл ауданы прокурорының осы аудан сотының үкiмiне келтiрген наразылығы бойынша қабылданған болатын. Прокурордың наразылығында, сотталушының әрекетi, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы"


1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң, ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық үшiн жауаптылықты көздейтiн 179-бабы 3-бөлiгiнiң г) тармағы бойынша айқындалуы тиiс, деп көрсетiлген.

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында: "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабына Ескертудiң 4-тармағында бекiтiлген ереже "Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық Кодексiн бекiту туралы" 1959 жылғы


22 шiлдедегi Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР Қылмыстық Кодексiнiң 63 (бандитизм), 76 (ұрлық), 76-1 (тонау), 76-2 (шабуыл жасап тонау), 76-3 (алаяқтық), 76-4 (бөтен бiреудiң мүлкiн меншiктену немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау жолымен талан-таражға салу),
76-7 (қорқытып алу), 203-бабында (атылатын қаруды, оқ-дәрiнi немесе жарылғыш заттарды ұрлау), 205-2 (радиоактивтi материалдарды ұрлау), 213-1 (есiрткi заттарды ұрлау) баптарында көзделген қылмыстардың қайсыбiреуiн бұрын жасаған адамдарға қолданылады" делiнген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабына Ескертудiң 4-тармағына сай, "осы тараудың баптарында, сондай-ақ осы Кодекстiң басқа баптарында ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын сотталған адам деп осы Кодекстiң 175-181, 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе бiрнеше қылмыс үшiн сотталған адам танылады".

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Қылмыстық кодексiнiң жоғарыда аталған нормаларын, 1959 жылғы 22 шiлдеде қабылданған Қазақ КСР-i Қылмыстық кодексiнiң осы тақiлеттес нормаларымен салыстырмалы түрде талдай келе, өтiнiш субъектiсi, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 179-бабы 3-бөлiгiнiң г) тармағында және "Меншiкке қарсы қылмыстар" тарауының басқа баптарының осы тақiлеттес тармақтарында көзделген, бұл жағдайда ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық, айқындаушы белгiнi осы қарастырылып отырған Заңның 8-бабы арқылы қолдануға болмайды деп пайымдайды. Соған орай мынадай дәлелдер келтiрiледi.

Қазақ КСР-iнiң 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнде, екi және одан да көп рет ұрлық немесе қорқытып алушылық жасағаны немесе пайдакүнемдiк қылмыс (оның санынан тәуелсiз) жасағаны үшiн екi және одан да көп рет сотталған адамдардың iс-әрекетi "қайталап" белгiсi бойынша айқындалатын. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Қылмыстық кодексiнде болса "қайталану" айқындаушы белгiсi "бiрнеше рет" айқындаушы белгiмен ауыстырылған және, алаяқтықты алып тастағанда, жаза жеңiлдетiлген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде "бiрнеше рет" айқындаушы белгiмен қатар, жауаптылығын күшейте отырып, мынадай жаңа дербес айқындаушы белгi енгiзiлген: дәл осындай қылмысы үшiн екi және одан да көп рет сотталған адамның ұрлық немесе қорқытып алушылық жасауы. Ақмола облыстық сотының пiкiрi бойынша, бұл сотталушының жағдайын нашарлатады, себебi екi немесе одан да көп рет сотталған адамның жасаған қылмысы үшiн, өте қауiптi рецидивист жасаған қылмыспен бiрдей жауаптылықты көздейдi. Ал бұл, облыстық соттың пiкiрiнше, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында баянды етiлген заңның керi күшi туралы конституциялық принципке қайшы келедi. Ал қарастырылып отырған Заң 8-бабының өте қауiптi рецидивист деп танылған да, танылмаған да адамдардың бәрiне тарауы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында баянды етiлген, заң алдында жұрттың бәрi тең деген конституциялық принциптi бұзады. Баяндалғанның негiзiнде, Ақмола облыстық соты "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы"
1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабын конституциялық емес деп тануды сұрайды.

Осы ұсынымды қарау кезiнде Конституциялық Кеңес


мынаны ескердi.

Конституциялық Кеңес, Ақмола облыстық сотының, ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамның пайдакүнемдiк қылмыс жасауын айқындайтын белгiнi, онымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде бiрнеше реттiлiктi айқындайтын белгi болып тұрғанда қолдануға болмайды деген дәлелдерiн қарай алмайды. Қылмыстық-жазаланатын әрекеттердiң құрамын топтастыру, соның iшiнде олардың айқындалатын белгiлерiн анықтау заң шығарушының төтенше құзыры болып табылады, ал нақтылы бiр қылмыстық әрекеттердiң айқындалуы жөнiндегi даулар процессуалдық заңдарда белгiленген


тәртiппен шешiледi.

Республика Конституциясы 78-бабының ережелерiнен келiп шығып, Ақмола облыстық соты Конституцияның 77-бабы


3-тармағының 5) тармақшасына қайшы келедi деп есептейтiн, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының осы аталған 8-бабы ғана Конституциялық Кеңес қарауының нысаны бола алады.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Яғни, мұндай заңдар оларды енгiзгенге дейiн жасалған әрекеттерге қатысты қолданылмайды.

Алайда, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бұдан да қатаң санкциялары бар баптарын осы аталған кодекстi күшiне енгiзуге дейiн жасалған әрекеттерге тiкелей қолдануды көздемейдi де. Заңның қарастырылып отырған бабы, меншiкке қарсы қайталап қылмыс жасаған адамның әрекетiн айқындау кезiнде, олардың Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексi күшiнде болған мерзiмде өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығын ескеруге мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн қабылдау кезiнде, заң шығарушы оның меншiкке қарсы қылмыстар туралы баптарына "бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамның қылмыс жасауы" деген айқындау белгiсiн енгiзгендiктен, сотталуды тiркеудiң ережесiн де көзде тұту қажет болатын, олар қолданылып жүрген Қылмыстық кодекстiң 175-бабына Ескертудiң
4-тармағында, ал Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексi күшiнде болған мерзiмде орын алған қылмыстардың осы санаттары бойынша сотталуларға қатысты - "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабында баяндалған.

Облыстық соттың ұсынымында, Қылмыстық кодекстiң


179-бабы 3-бөлiгiнiң г) тармағын да ("ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" жасаған қарақшылық айқындалатын белгiнi анықтайтын), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабына Ескертудiң
4-тармағын да конституциялық емес деп тану туралы мәселе қойылмайды. Алайда, бұл нормалар "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен тығыз байланысты, онысыз олар өз мағынасын жоғалтады. Қарастырылып отырған заң нормасы рецидивтi (бұрын осы тақiлеттес қылмыс бойынша сотталған адам жасаған) деп айқындалған қылмыс үшiн жазаны белгiлеудiң тiкелей тәртiбiн анықтамайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 59-бабының 1-бөлiгiне сай, жаза әртүрлi мән-жайды, соның iшiнде, бұрын жасалған да, жаңадан жасалған да қылмыстардың сипатын және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн ескерiп белгiленуi тиiс. Бұл, егер Заңның 8-бабын қолданып жауаптылыққа тартылып отырған нақтылы бiр сотталушы, бұдан алдын ала жазасын ауырлататын жағдайларда жасалған қылмыстары үшiн емес, облыстық соттың ұсынымында айтылғандай, Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексi тиiстi баптарының "бiрiншi бөлiгi бойынша" сотталған болса, онда сот бұл сотталушыға жазалау мөлшерiн анықтау кезiнде бұл жағдайларды ескеру мүмкiндiгiне ие дегендi бiлдiредi. Демек, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын қолдану кезiнде, рецидивтi қылмыс үшiн жазалау, жауаптылықты күшейтетiн заңға (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне) керi күш беру арқылы түгелдей анықталады деп айтуға болмайды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 59-бабының 3-бөлiгi де көрсетiп тұр, оған сәйкес, егер осы аталған кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң бабы (баптың бөлiгi) қылмыс жасаған адамның сотталғандығын айқындаушы белгi ретiнде көрсетiп тұрса, қылмыстардың рецидивi, қауiптi рецидивi немесе ерекше қауiптi рецидивi кезiнде жазалау, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi, яғни қылмыс рецидивiнiң әртүрлi нысандарында мерзiм мен мөлшердiң ең төменгi шегiн белгiлейтiн ережелердi ескермей отырып белгiленедi.

Осылайша, Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы"
1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес емес деп тану үшiн негiз жоқ деп есептейдi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бұл бабы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмейдi.

Баяндалғанды ескерiп және Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38 және 41-баптарын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңес


ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының


3-тармағы негiзiнде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми басылымдарда жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының

3-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 11 қазандағы N 18/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төрағаның мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi
Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мына өкiлдердiң:

өтiнiш субъектiсiнен – Қазақстан Республикасының әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың,

Қазақстан Республикасының Парламентiнен – депутаттар Е.Ж. Жұмабаев пен Ж. Қалиұлының,

Республиканың Әдiлет министрлiгiнен – халықаралық құқық және хаттама департаментiнiң директоры В.А. Калюжныйдың,

Республиканың Сыртқы iстер министрлiгiнен – шарт жасасу-құқықтық департаментiнiң халықаралық-құқықтық мәселелер бөлiмiнiң бастығы А.Б. Қарашевтiң, осы бөлiмнiң үшiншi хатшысы А.К. Кинжебаеваның қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының


3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Ұсынылған материалдарды зерделеп, баяндамашы


Ж.Д. Бұсырмановты, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлiн және өзге де отырыс қатысушыларын тыңдап, сондай-ақ халықаралық құқық саласының тәуелсiз маманы, заң ғылымының кандидаты Ж.О. Құлжабаеваның қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституцияның Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 11 қыркүйекте Республика Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.

Бұл өтiнiште, 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағында Қазақстан бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы белгiленген деп атап көрсетiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығының 11-бабында бекiтуге жататын халықаралық шарттар белгiленген.

Осыған орай, өтiнiште атап көрсетiлгенiндей, Қазақстан Республикасы бұдан алдын жасасқан, Қазақстан заңдарында көзделгендегiден өзгеше ережелердi белгiлейтiн бiрқатар халықаралық шарттар 1995 жылғы Республика Конституциясының және жоғарыда аталған Президент Жарлығының нормаларына қарама-қайшы келген. Өтiнiш субъектiсi, "Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанға дейiн жасасып, бекiтiлмеген және олардың күшiне енуiнiң шарты ретiнде бекiту көзделмеген, халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы заңдарынан басымдығы бола ма ?" - деген сұраққа жауап берудi сұрайды.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының


3-тармағын түсiндiру кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

Конституцияның 4-бабы 3-тармағында "Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару, талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады" деп белгiленген. Бұл, Қазақстан Республикасы, өзi жасасқан халықаралық шарттардың Республика Парламентi тиiстi заң қабылдау жолымен бекiткендерiнiң ғана ұлттық заңдардан басым заңи күшi болуына келiсiм бiлдiредi деген сөз.

Конституцияның бұл келтiрiлген нормасының мағынасынан, Қазақстан бекiткен халықаралық шарттардың ғана Республика заңдарынан басым болатындығы келiп шығады. Республика заңдарынан басымдығы болатын мұндай халықаралық шарттардың тiкелей қолданылуы, олар қолданылып жүрген заң нормаларының күшiн жояды дегендi бiлдiрмейдi. Бекiтiлген халықаралық шарттардың заңдардан басымдығы және Республиканың аумағында тiкелей қолданылуы дегенде, мұндай шарттар нормаларының заң нормаларына қайшы келетiн реттерде басымдығы көзде тұтылады. Басқаша айтқанда, бекiтiлген халықаралық шарттардың күшiне тура келетiн жағдайлар туындағанда, және сол шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлмесе, мұндай басымдық болуы мүмкiн.

Бекiтiлмеген халықаралық шарттардың Республика заңдарынан мұндай басымдығы жоқ. Қазақстан 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн жасасқан, бекiтуге жатпайтын барлық халықаралық шарттар, Республика заңдарына қайшы келмейтiндей шамада орындалуға тиiс. Араларында қайшылық болған жағдайда, шарттасу тараптары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" заң күшi бар Жарлығына, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес, келiсу рәсiмi арқылы оларды шеше алады.

3. Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасасқан кейбiр халықаралық шарттардың, 1993 жылғы Конституцияда басымдығы көзделген келiсiмдер санаттарының қатарына жатқандықтан, заңдардан басымдығы болатын. Мәселен, 1993 жылғы Республика Конституциясының
3-бабында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы Қазақстан Республикасы таныған халықаралық-құқықтық актiлердiң оның заңдарынан басым болуына жол берiлетiн. Бұл актiлердiң, Қазақстан оларды танып отырғандықтан, Республиканың 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн бекiтiлген халықаралық шарттарымен тең заңи күшi бар.

Одан тыс, Республиканың жекелеген заңдарында халықаралық шарттардың бұл заң нормаларынан басымдығы көзделедi. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiмнiң) 3-бабы


8-тармағында: "Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады..." - деп белгiленген.

Дәл осындай нормалар, 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қабылданған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (1-баптың 3-тармағы), "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (6-бап) Қазақстан Республикасының Заңдарында баянды етiлген. Бұл нормалар


1993 жылғы Конституцияға қайшы келмейтiн. Олар 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн де күшiнде қала бередi, өйткенi бұл заң актiлерiнiң күшiн Қазақстан Республикасының Парламентi жойған жоқ және 1995 жылғы Конституция күшiне енгеннен кейiн де олар күшiнде қалып келедi.

1993 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттардың құқығы туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясына қосылды, оның, 4-бапта айтылғанындай, "керi күшi болмайды", яғни Конвенция "шарт жасасқан мемлекеттерге қатысты оның күшiне енуiнен соң, мемлекеттер жасасқан шарттарға ғана" қатысты қолданылады. "Расtа sunt servanda" - "қолданылып жүрген әрбiр шарт оның қатысушылары үшiн мiндеттi және адалдықпен орындалуы тиiс" (26-бап) - деген принциптi баянды ете отырып, бұл Конвенция шарттардың орындалу тәртiбiн анықтамайды. Ол мемлекеттердiң төтенше конституциялық және заң шығарушылық құзырына жатады және халықаралық құқықтың жаппай танылған принципi – мемлекеттердiң егемендiк теңдiгiнен келiп шығады.

4. Конституцияның 4-бабы 2-тармағында "Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады" деп белгiленген. Осы баптың 1-тармағына сай, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық деп, Республиканың Конституция нормаларына сәйкес келетiн халықаралық шарттары және өзге де мiндеттемелерi танылады. Жоғарыда келтiрiлген заң актiлерiнде олардың басымдығы туралы айтылған, Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасасқан, күшiне енуiнiң шарты ретiнде бекiту көзделмеген халықаралық шарттар күшiнде қалады және тиiстi түрде орындалуға тиiс. Демек, жаңа конституциялық-құқықтық өрiсте, 1995 жылғы Конституция нормаларымен бiр уақытта орын алған, Қазақстанның бұл шарттары және өзге де мiндеттемелерi елдегi қолданылатын құқық жүйесiне кiредi.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32 және 37-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiмен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының
3-тармағын, Республика Конституциясына сәйкес, заңда белгiленген тәртiппен жасалған және Республика Парламентi тиiстi заң қабылдау жолымен бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басым заңи күшi бар деп тану және қолдану лазым.

2. 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасалған, күшiне енуiнiң шарты ретiнде бекiту көзделмеген халықаралық шарттардың күшi бар болып табылады және Республиканың тиiстi құқықтық қатынастар саласын реттейтiн заңдарында осы халықаралық шарттар үшiн мұндай басымдық тiкелей көзделген болса, онда Республика заңдарынан басымдығы сақталады.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, шағымдануға жатпайды және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң

154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 1 қарашадағы N 19/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төрағаның мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, Қ. Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасының төрағасы Н.Т. Суханованың қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының (бұдан әрi – АIЖК) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi
ұсынымын қарады.

Ұсынылған материалдарды зерделеп, баяндамашы


В.Д. Шопиннiң және өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi ұсынымы келiп түстi.

Ұсынылған материалдардан көрiнiп тұрғанындай, азамат


А.С. Бусаревтiң Бас прокуратураның әрекетiн заңсыз деп тану, сондай-ақ оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорғау туралы Жоғарғы Сотқа берген талап арызы жүгiну үшiн себеп болған. Жоғарғы Сот 2000 жылғы 3 тамыздағы ұйғарымымен, аталмыш дау бұл соттың соттауына жатпайды және арызды әрекетке қабiлетсiз адам берген деген негiзбен талап арызды қайтарып жiберген.
А.С. Бусарев өзiнiң жеке шағымында, бұл ұйғарым адамның сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын шектейтiн заңға негiзделген деп дәлелдей отырып, оның күшiн жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төралқасы,


А.С. Бусаревтiң Жоғарғы Соттың ұйғарымына берген жеке шағымын қарап, арызды әрекетке қабiлетсiз адамның беруi секiлдi негiзбен талап арызды қайтарып жiберу шынында да заңда – Республика АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасында көзделгенiн, ал АIЖК-нiң 63-бабы бiрiншi тармағына сәйкес, әрекетке қабiлетсiз азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сотта олардың заңды өкiлдерi қорғайтынын атап көрсеткен. Сонымен бiрге, Жоғарғы Соттың Төралқасы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы
2-тармағының және 39-бабы 3-тармағының негiзiнде, АIЖК-нiң
154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасы әрекетке қабiлетсiз адамның сот арқылы қорғалу құқығын белгiлi бiр шамада шектейдi деген ұйғарымға келген, өйткенi талап арызбен сотқа оның өзiнiң тiкелей жүгiну мүмкiндiгiн жоққа шығарады және осы құқығын жүзеге асыруды әрекетке қабiлетсiз адамның емес, оның заңды өкiлiнiң ерiк бiлдiруiмен байланыстырады. Баяндалғанға орай, Жоғарғы Соттың Төралқасы А.С.Бусаревтiң жеке шағымы бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұрып, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағы
3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiшпен Конституциялық Кеңеске жүгiнген.

2. Жоғарғы Соттың АIЖК-нiң аталған нормасының Конституцияға сәйкестiгi жөнiндегi ұсынымын қарау кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының нормасында: "Судья талап арызды, егер: ...3) арызды әрекетке қабiлетсiз адам берсе, қайтарып жiбередi" – деп белгiленген. Жоғарғы Сот бұл норманың, әркiмге өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқық беретiн Конституцияның 13-бабы 2-тармағына қатысты конституциялылығына күмәнданған. Бұл орайда, Конституцияның 39-бабы 3-тармағына сай, осы құқық ешбiр жағдайда да шектелуге жатпайды.

Алайда Конституцияның 13-бабы 2-тармағынан, әрбiр адам, жасына, психикалық хал-жайына қатыссыз сотқа өзi жүгiнуi, өз қалауы бойынша сотта қорғалудың тәсiлi мен рәсiмiн таңдауы мүмкiн екендiгi келiп шықпайды. Конституцияның 13-бабы


2-тармағында баянды етiлген сот арқылы қорғалу құқығы заңда белгiленген негiзде және сол тәртiппен жүзеге асырылады, Конституциялық Кеңес өзiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына,
14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" N 7/2 қаулысында бұл жәйттi атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда, Республиканың iс жүргiзу заңдарының нормалары әрбiр адамның сот арқылы қорғалу құқығының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, кәмелетке толмағандар және әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдар үшiн ерекше ережелердi белгiлейдi.

3. Қаралып отырған ұсынымға қатысты қолданыста,


АIЖК-нiң 46-бабының үшiншi тармағында және 63-бабының бiрiншi тармағында әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сотта олардың заңды өкiлдерi қорғайтыны белгiленген. Осы ережеге сәйкес, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасына сай, судья талап арызды, егер оны әрекетке қабiлетсiз адам берген болса, қайтарып жiбередi. Материалдардан көрiнiп тұрғанындай, АIЖК-нiң аталған нормалары, Жоғарғы Соттың А.С. Бусаревке талап арызды қайтарып жiберуiне негiздердiң бiрi болған.

Конституциялық Кеңес АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағы


3) тармақшасының Конституцияның 13-бабы 3-тармағына сәйкестiгiне күмәндануға негiз жоқ деп есептейдi. Азаматтық және азаматтық iс жүргiзу заңдарының азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану, оған қамқорлық орнату және оның құқықтарын сақтаудың ерекше ережелерiн белгiлеу туралы нормалары мұндай адамдардың заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 26-бабы бiрiншi тармағына сай жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азамат әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылады, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. Қамқоршылық және қорғаншылық институты бұл санаттағы азаматтардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және қорғау үшiн жетпей жатқан әрекет қабiлеттiлiгiн толықтырып отырады. Әрекетке қабiлетсiз азаматтарға қатысты мемлекет, олардың заңды өкiлдерi, прокурор, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар мен жеке азаматтар арқылы олардың құқықтарын, бостандықтарын және қорғалатын мүдделерiн жүзеге асырудың механизмiн белгiлеген және заңмен бекiткен (АIЖК-нiң 46-бабы үшiншi тармағы, 55-бабының үшiншi тармағы, 56 және 63-баптары).

Конституцияның 13-бабында көзделген құқықтар мен бостандықтарды ешбiр жағдайда да шектеуге жол бермейтiн Конституцияның 39-бабы 3-тармағының нормасына келер болсақ, онда бұл жоғарыда баяндалған, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасы сот арқылы қорғалу құқығына нұқсан келтiрмейтiнiне, керiсiнше, әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың бұл конституциялық құқығын жүзеге асыруына кепiлдiктi күшейтуге септiгiн тигiзетiнiне дәлел болады.

Осылайша, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының
3) тармақшасы Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмейдi және әрекетке қабiлетсiз адамның сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын шектемейдi. Онда баянды етiлген ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет