Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат



бет20/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Ресей билігі Жоңғар хандығы басқыншылығының жолын кесуге бағытталған шаралар қабылдады. Қазақтардың бір бөлігі ресей ботандығы болып табылатындығы және сыртқы шапқыншылықтан қорғалатындығы туралы Жоңғар хунтайжасы Галдан-Цэренге шекара билігі арқылы хабарланады. 1738-1741 жылдары Галдан-Цэрен әскерлері қазақ жеріне жаңадан жойқын шабуыл жасайды. Ямышев, Өскемен және Семей бекіністерінің коменданттары жоңғарлардан ресейдің бодандығын қабылдаған қазақтарға тыныштық беруді талап етті. Шекара аймағындағы жағдайдың күрделенуі, алтай зауытына төнген қауіп үкімет Сенатын, 1742 жылы 20 мамырда қазақ тұрғындарын және Ертіс желісін қорғау шаралары туралы Жарлық қабылдауға оятты.

1731 жылдың аяғында Әбілқайыр және Бөкенбай батыр өздерінің елшілерін Орта Жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер Ресей бодандығын қабылдаса орыс әскерлерінің көмегімен өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі жөнінде уәде берді. Семеке Әбілхайырдың ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына формальды түрде кірді. Алдағы оқиға көрсеткендей, Семеке Ресей империясымен келісім-шартты сақтамауға тырысты: ресей бодандығындағы башқұрттарға шабуыл жасады. Жоңғар шабуылшыларының қаупі Орта жүздің беделді феодалдарын Ресейге олады өзінің құрамына алу туралы қайта жүгінуге оятты. Анна Иоанновнаның 1734 жылғы 10 маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның сыбайластарының өтініші қанағаттандырылды. 1737 жылы И.К. Кирилловтың қайтыс болуына байланысты, Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндерінің елшілерін бағындыруға тырысқан В.Н. Татищев Орынбор өлкесінің жаңа бастығы болып тағайындалды.

1740 жылы Орынборда өткен Кіші және Орта жүздің старшиндері мен сұлтандары өкілдерінің съезді Ресей бодандығына кірудің алғашқы нәтижелерін бекітуге мүмкіндік берді. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді.

XVII ғасырдың ортасында Орта Азияда маңызды өзгерістер орын алды. Жоңғарлардың қазақтарға деген шапқыншылық әрекеттері Галдан-Цэреннің қайтыс болуынан кейін, Жоңғар хандығындағы оқиғаларға байланысты әлсіреп қалды. Жоңғарлардың әлсіреуіне байланысты, олардың қазақ жерін жаулап алу қаупі жоғалды. 1748 жылы Сұлтан Барақтың Әбілхайыр ханды өлтіруі Ресей үкіметін мазалады. Әбілхайыр кезінде негізін қалаған, саясатты жалғастыруға мүдделі Петербург алаңын ресейлік бағдарды ұстап тұрған феодалдық топтар басқарды. 1749 жылы қайтыс болған ханның ұлы – Нұралы Кіші жүздің ханы болып бекітілді9. Алайда, патшалықтың саясатына бағытталған колониалды күшейту, старшиндердің ханға әртүрлі нысанда бағынбауымен, жүздегі ішкі саяси жағдай қиындап кетті. Ол Ресей саясатын қолдаған Приураль мен Нұралы ханның ашық колонизациясы жолында тұрған Оренбург әкімшілігіне қарсы күрес болатын.

1756 жылы қазақтарға қысқы мезгілде малдарын Уралдың оң жағына айдауға тыйым салу жөнінде патшаның Жарлығы шықты10. Үкіметтің шешімі, Жайық казактарының мүддесі үшін қабылданып, үкіметке қарсы көзқарасты күшейтті. Көшпенділердің шабуылынан орыс ауылдарын қорғауға шақырған, негізінен Урал өзенін қарқынды басқарған патшаның бекіністері және басқа да әскери имараттары қазақ жерлерінің отарлану орталығына айналды. Нақты жағдайлар мен мақсаттарға байланысты патша билігі есептелмеді11.

Қазақ мемлекеттілігінің қалдықтарына қарсы күрестің келесі кезеңі Кіші жүзді Ресейдің басқаруының жаңа жүйесін енгізу талпыну болып табылды, ол хандық билікті жоюға әкеп соқтыру қажет болатын12. Алайда, алғашында Екатерина II мақұлдаған, Оренбург губернаторы барон Игельстром реформасының жобасы сәтсіздікке душар болды және жойылды. Кейіннен Ресей саясатын жүргізуді қамтамасыз етпеген және Сырым Датұлы батырдың тегеурінді көтерілісімен Нұралы хан хандық биліктен шеттетілді.

1821 жылы Арынғазыны, ал 1824 жылы Шерғазы Айшуақовты хан тағынан шеттетумен, Кіші жүзде мемлекеттілік дәстүр аяқталады. 1824 жылы қабылданған «Оренбург қырғыздары» туралы Жарғы Кіші жүзде хандық биліктің жойылуына және оның Ресейге ұқсас жүйелі әкімшілік-саяси басқарылуын өзгертуге негіз болды13.

Абылай қолдаған қос азаматтық саясаты Қазақстанның тіршілік мүддесіне себепші болды. Олардың ең алдымен Орта жүзде жүзеге асырған шексіз өзгерісі бірнеше салаларда қазақ феодал мемлекеттілігін жетілдірді, тәуелсіз саясат жүргізуді қамтамасыз етті. II Екатеринаның оны Орта жүздің ханы және мырыш алаңының, яғни екі ірі мемлекеттің ханы деп тануы Абылайдың көзқарасын айтарлықтай жетілдірді.

Орта жүзде хан билігін таратқаннан кейін патша үкіметі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыға» сүйене отырып, М.М. Сперанский пысықтаған жаңа басқару жүйесіне келді. «Жарғы» бойынша Орта және Кіші жүздің бір бөлігі көшіп-қонған қазақ даласының аумағы Сібір қырғыздарының облысы деген атақ алды және 1839 жылға дейін Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омскіде басқару орталығымен бірге Батыс-Сібір генерал-губернаторы жаңадан құрған құрамға кірді.

Өңірді отарлауды жеделдету мақсатында  біртіндеп ресейлік басқару жүйесі енгізілді, ол бірқатар көтеріліске төзген қазақ тұрғындары басым бөлігінің қарсылығына әкеп соқтырды. Оның ішінде ең ірісі Абылай кезінде қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруді өзінің мақсаты санаған Кеңесары Қасымовтың басшылық етуімен болған қозғалыс болып табылды.

Ұлы жүздің негізгі бөлігінің бағынуы өзге жағдайларға байланысты болды. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі ресейлік бодандықты өз еріктерімен қабылдады. 1819 жылы 18 қаңтарда 55462 екі жақты жыныстылар Сүйік Абылайхан сұлтанның басқаруымен Ресей тәжіне ерікті ант берді. 1824 жылы мамырда император Александр І Ұлы жүздің Қос-өзенде көшпенді халқынан тағы 14 сұлтанды бодандыққа қабылдау туралы Грамота қабылдады. Алайда, Қос-өзеннің және Оңтүстік Қазақстанның негізгі өңірлері Ресей империясының ықпалынан тыс қалды.

XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Кіші жүздің маңызды бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары ресейлік бодандықты ерікті түрде қабылдады. Орта Азия империясының стратегиялық, бұрыннан келе жатқан мақсаттарын басшылыққа алып, Қазақстан тұрғындарының басым бөлігінің мүддесін ескермей, өңірлердің бірігуін жеделдетуге тырысқан патшаның әскери күшімен Орта жүздің басым бөлігі және Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандары қосылды.  Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді.

Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.

Сонымен бірге, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.

ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. ортасындағы қазақ қоғамының саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

XVIII-XIX ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік экономикалық дамуы

ХҮІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.

Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, әр жүзде жеке хандар сайланып, бұл хандар Абылай хан ұрпағы Уәли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Әр жүздің өзіне тән тарихи-географиялық аймағы болды. ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз Батыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық пен Тобыл өзеніне дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тән территория шығыста Қытай шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік Сібір жеріне дейін қамтыды. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс және оңтүстік Қазақстан территориясын мекендеді.

Табиғи - климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық  қырынан байқалды. Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, “ертеден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тән айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды.Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. ХІХ ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік әперді.

Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мәнге ие болды. Қой саудасы орыс және Орталық Азия көпестері тарапынан жоғары бағаланды. Ірі қара малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетті.

ХІХ ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен кедейлерден басқа ауқатты  қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің және Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар – бидай, сұлы, арпа егіп, суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған.ХІХ ғасырдың 40 жылдары шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе,  олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округі және Сырдария аудандарында байқалды.Жер өңдеу құрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма және сирек кездесетін темір соқалар болды.Сырдария, Торғай  және Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақша егумен айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сәбіз, асқабақ, жүгері және т.б. көкөніс түрлерін екті.

Қазақтар ертеден балық кәсіпшілігімен, сонымен қатар аң аулаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз қажеттеріне жұмсап және орыс саудагерлеріне сатып отырды. Қазақтардың негізінен кедей бөлігі – жатақтар мен егіншілер балық шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш арқылы ұстады.

Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын алды. Тері өңдеу, оқ-дәрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден  түрлі заттар жасау дами түсті. Әсіресе, киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі әшекей бұйымдар жасап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да  жасай білген. Қазақ әйелдері текемет, киіз, сырмақ, тұмақтар, тондар, аяқ киім т.б. заттарды керемет жасаған.

Ұсталардың күмістен және теріден жасалған заттары ішкі базарларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды көрші елдермен айырбас жасады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресеймен айырбас сауда қатынасы дамыды. Сауданың негізгі тіректері Орынбор, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорьковск, Омбы, Семей және Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар көпестерінің көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар әкелу сыртқа тауар шығарудан басым болды. Сыртқа: мал және сүт өнімдері шығарылса, өздеріне қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дәрі-дәрмек және т.б. заттар алып отырды.

Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сауда жасалды.Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда несие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары заттарды қазақтарға несиеге  әкеліп беріп, көп жағдайда оларды алдап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін құрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы саудагерлер де пайда болды.

Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда болуына әкелді. Ақша табуға жұмысқа кеткен көптеген қазақтар балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай тұрғындарға жалданып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен өндірістерінде (Баянауыл таскөмір өндіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар көп жағдайда еңбек ақыларын да дұрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына түсті.

Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың әлеуметтік қарым-қатынасына әсер етпей қоймады. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамында үстемдік құрушы ру старшындары мен билер болды. Олар елге әдет-ғұрып заңдарын сақтаушы әрі түсіндіруші болып саналды. Билер хандар және сұлтандармен қатар сот істеріне араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру үрдісіне қатысып отырды.

ХІХ ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақсы қыстауымен және шабындық жерлерін пайдалану құқықтарымен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. Мұның бәрі қазақ руларының дәстүрлі қалыптасқан көшіп-қону жолдарының бұзылуына әкелді, бұл дәстүрлі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырап,  жайылымдық жерлердің құлдырап, шаруашылық құрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір” (жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған малдың 40-шы бөлігі) ханға берілетін болған. ХІХ ғасырға дейін зекет жинау құқығы тек ханда ғана болса, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында хандық билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын болды. ХІХ ғасырдың І жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып тұруы және олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына міндеткерліктер «соғым» және «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар қосылды.

ХІХ ғасырдың І жартысында бай туыстары мен казак-орыстардан, орыс шаруларынан  жұмыс іздеуге мәжбүр болған кедейленген қазақтар саны өсті. И.Завалишин: “жатақтар байларға малшы болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін жалданып жұмыс істеді”, - деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған істеріне қарай егіншілер, жатақтар және бақташыларға бөлінді.

Үстемдік етуші топқа мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді, қожалар өздерін Мұхаммедтен тараған бірінші ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды және тек сұлтандар сотына тартылатын болды.

Мұндай артықшылықтарды тархандар да иеленді. Бұл атақты ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада – хан беретін болды.  Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев және Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 әскери губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жәнібек батырға берілген болатын. «Тархан» атағы жеке және мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. ХІХ ғасырда «тархандардың» ерекше артықшылықтары болмады, олар тек салықтан босатылды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында тархандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде тұрды.

Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың әскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен және Орта Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың әлеуметтік рөлі ерекше жоғарылап  ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уәлиханов: “Батырлар - қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін атақты әрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде әрқашанда салмақты болды”, - деп көрсетеді.

ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша қатынасына байланысты жаңа әлеуметтік топ - байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа адамдарға несиеге өсіммен ақша берді. Мысалға, Ахмет Жантөрин сауда жасап қана қоймай, белгілі бір табыс үшін қандайда бір шаруамен айналысамын деген қазақтарға несиеге ақша беріп отырған. Байлар сұлтандар мен рубасылар арасынан да, «қара сүйектер» ортасынан да шықты. Байлар белгілі келісім бойынша жұмысшыларды жалдап отырды. Байлар  керуендік саудамен де айналысқан. Кейде байлардың өзі керуенбасы болып қызмет етіп, қазақ даласында сауда жасаған, бірақ көбінесе түйелерін қарапайым қазақтарға белгілі бір ақыға беріп, олардан ақыны ақшалай, кейде заттай алып отырған. ХІХ ғасырдың басында байлардың шығуы қазақ қоғамында жаңа экономикалық құбылыс болды.

Егіншілер, жатақтар мен бақташылардың болуы ішкі қазақ қоғамында әлеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында құл ретіндегі адамдар категориясы да болды, бірақ олар маңызды рөл атқармады да, жойылып кету шағында тұрды. Құлдар негізінен соғыста қолға түскен және базарлардан сатып алынып отырған. Олар көбінесе үй шаруашылығына пайдаланылды. Кейіннен олар қоғамның толық мүшесі болды немесе төлеңгіттерге айналып отырды.

ХVІІІ ғасырда төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың әскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық жұмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайының өзгеруі ХІХ ғасырда қазақ мемлекеттігінің жойылуымен байланысты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оққағары немесе жасақтары ретінде қызмет етті. Төлеңгіттер сұлтандарды және олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық сияқты т.б. қызметерді де атқарды.  ХVІІІ ғасырда төлеңгіттерді тек қана «ақ сүйектердің» тұқымдары сұлтандар ғана иелене алса, ХІХ ғасырдың І жартысында сұлтандар бұл құқықтарынан айырылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды.

Осылайша, ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамы екі қарама-қарсы топ - сұлтан, би, бай, батыр бір жағында болса, екіншісі – қарапайым шаруа, оның ішінде кедейленген егіншілер, жатақтар мен бақташылар болды.

Егер бұрын жасы келген, алдына барып ақыл сұрайтын адам – ақсақал атанса, енді ХІХ ғ. І жартысында билікке ие болған басшы-сұлтандар мен аға сұлтандар да ақсақал атанды. Әйелдердің ер адамдармен қатар тең құқылары болмады. ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуде қазақ қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы қоғамның одан әрі дамуына, бірігуіне, орталықтандырылған мемлекет құруына тежеу жасады.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уәли хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ресей әкімшілігі сұлтандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның ішінде Уәли ханға қатысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, сот және рухани өміріне  байланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы:ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін  құру;билер соты;қазақ балалары үшін мектеп ашу;шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру;қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедицияларын жіберу т.б.Ал, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады.

Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы Жантөре хан (1805-1809 жж.) сайланады.Осы кезде Орынбор губернаторы Жантөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған Жантөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. “Игельстром реформасы” жүргізілуі барысында қазақтар  Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіп-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында екінші хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі  түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.

Осылайша, ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол астында болды.

ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты  шараларды қолданды.

1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір әскери губернаторы М.Сперанский болған  «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.),  Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Жаңа әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды.Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.

1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді:

қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау);

арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер);

облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың  сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).

Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды. Қазақтарға керуендерді, почта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты және т.б. міндеткерліктер жүктелді.

Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-басқарушы сұлтандардың және  округтік приказ шенеуніктерінің мәртебесін және жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом,  тілмаштарға – 800 сом, болыс сұлтандарына – 150 сом.

Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде және оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының жеке баптары сауат ашу мәселесін қарастырды.

1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды реттеу үшін бірнеше «Ереже…» қабылданды және отаршыл әкімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді. Патша әкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, әкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы,  басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жікшілдікке ұшырауына және үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін қорғауға шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.

1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды.  Бұл бөліктердің басында  аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы төленді.1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды.

1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте – 8, Ортада – 20, Шығыста – 28 дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді.  Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатылды.

1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да,  ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті әкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды.

Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясында тұратын  Кіші және Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.Осы және одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы  тұтастай  Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

Ресейдың отарлық саясатына қарсы қазақ халықының

ұлт-азаттық қозғалыстары.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет