Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат



бет6/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Мазмұны


  • 1 Оғыз мемлекетінің құрылуы

  • 2 Шаруашылығы

  • 3 Этникалық және тайпалық құрамы

  • 4 Оғыздар Қазақстан аумағында

  • 5 Сілтемелер

  • 6 Дереккөздер

Оғыз мемлекетінің құрылуы.


Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқтар мен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді. IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті. Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды. Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.

Шаруашылығы


  • Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы

  • Егін шаруашылығы

Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.

Этникалық және тайпалық құрамы


Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін калыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады90. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.

Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді.



Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар қатарына жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады. Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық құрамы жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген.[3]

Оғыздар Қазақстан аумағында


Огыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген.

Қарлұқ қағанаты




Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар 8 – 9 ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайда(Ертіс алабын), содан соң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында 8 – 9 ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан (Құлан сайдың қасындағы мекенжай), Мирки(Меркі), Ашпара (Шалдавар а-на таяу осы аттас өзен бойындағы қираған мекенжайдың орны) қалалары көбірек белгілі болды. 8 – 10 ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан,Шаш (Ташкент),Тараз, Құлан, Суяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тәңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет