Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет33/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
197-бап.
Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi 
Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады. 
198-бап.
Шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу және тоқтату 
1. Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттік кәсiпорынға бекіту туралы меншiк иесi 
шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе 
меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның 
дербес балансына бекiткен кезде пайда болады.
2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-
ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығын алуға 
арналған заңдарда белгiленетiн тәртiп бойынша кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне 
келiп түседi.
3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған 
заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен 
кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады. 
199-бап.
Меншiк иесiнiң шаруашылық жүргiзудегi мүлiкке қатысты құқығы 
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес кәсiпорын 
құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату 
мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен 
сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуіндегі мүлiктi 
пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы. 
200-бап.
Мемлекеттік кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру ережелерi 
1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік 
кәсiпорынның, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк 
берген мемлекеттік органның жазбаша келісімiнсiз:
1) өзiне тиесiлi үйлердi, құрылыстарды, жабдықты және кәсiпорынның басқа да негiзгi 
құралдарын иеліктен айыруға немесе өзгеше әдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген 
жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегiн 
пайдалануға беруге;
2) филиалдар, өкілдіктер құруға, жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен 
бiрлескен өндiрiстер құруға, олардың өзiнiң өндiрiстiк және ақша капиталын сатуға;
2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ 
дебиторлық берешекке билiк етуге;
3) заемдар беруге;
4) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдеме немесе кепiлдiк беру.


2. Мемлекеттік кәсiпорын, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде 
өзгеше көзделмесе, негiзгi құралдарға жатпайтын, өзiне шаруашылық жүргiзу құқығымен 
бекітілiп берiлген мүлiкке дербес билiк етедi.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік 
кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесілi 
акцияларды сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ. 
201-бап.
Мемлекеттік кәсiпорындар қатысатын қатынастарға меншiк құқығы туралы 
ережелердiң қолданылуы 
Мемлекеттік кәсiпорындар қатысатын мүлiктiк қатынастарға егер осы Кодекстен және 
өзге заң құжаттарынан өзгеше туындамаса, осы Кодекстiң меншiк құқығы туралы 
ережелерi қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет