Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. ОРАЛЫМДЫ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет34/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
10-ТАРАУ. ОРАЛЫМДЫ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ
202-бап.
Оралымды басқару құқығы ұғымы мен оның мазмұны 
1. Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын 
мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң 
тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк 
ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып 
табылады. 
2. Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді оралымды басқару құқығын 
жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы 
заңнамалық актісінде айқындалады. 
203-бап.
Оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату 
Оралымды басқару құқығына ие болу мен тоқтату, егер Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 13 және 14-тарауларында 
көзделген ережелер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 
204-бап.
Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi меншiктенушiнiң құқығы 
1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілеріне сәйкес мекеме, қазыналық кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi 
мен мақсаттарын белгiлеу мәселелерiн шешедi, мекеме, қазыналық кәсiпорынның заң 
жүзіндегі тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.
2. Меншiк иесi мекеменің, қазыналық кәсiпорынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi 
пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
3. Мекемені бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар 
мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе 
сол сияқты келісіммен белгiленедi. 
205-бап.
Меншiк иесiнiң оралымды басқаруға берiлген мүлiктi қайтарып алу және 
қайта бөлу құқығы 
Мекемеге немесе қазыналық кәсiпорынға бекітілiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, 
егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi 
қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта 
бөлуге құқылы. 
206-бап. 
Мекеменің мүлкіне билік ету 


Мекеме өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат 
есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен өз бетінше шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен 
билiк етуге құқылы емес. 
Мемлекеттік мекемелердің табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері 
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді. 
207-бап.
Қазыналық кәсiпорынның және мекеменің борыштары бойынша 
құрылтайшының жауаптылығы 
1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгіндегі ақшамен жауап 
бередi.
Қазыналық кәсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның 
мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс 
тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
2. Мекеменің жауапкершiлiгi осы Кодекстiң 44-бабының 1-тармағында көзделген 
тәртiппен туындайды. 
208-бап.
Мекеменi меншiктену құқығының ауысуы 
Мекеменi меншiктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзiне тиесiлi 
мүлiкке оралымды билiк жүргiзу құқығын сақтап қалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет