Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет10/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

 
54-бап
1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал 
содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар 
қабылдайды, оның ішінде: 
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; 
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін 
белгілейді; 
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және 
өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, 
Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды; 
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек 
көрсетуі туралы мәселелерді шешеді
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді; 
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін 
жояды. 
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал 
содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: 
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды; 
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары 
бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау 
мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының 
қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы 
санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса
Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса 


палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда 
қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет 
басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте 
Парламент 
Президенттің 
конституциялық 
заңдарға 
қарсылығын 
әр 
Палата 
депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді; 
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет