8-бап. Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары) Белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген қоғамдық бiрлестiктер, түрiне
қарамастан, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттары мен жарғылары
негiзiнде жаңа заңды тұлға жасай отырып, қоғамдық бiрлестiктер одақтарын
(қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтарға (қауымдастықтарға)
қатысушы болуға құқылы.
Қоғамдық бiрлестiктер, соның iшiнде халықаралық бiрлестiктер одақтарының
(қауымдастықтарының)
қызметi
мен
мемлекеттік
тiркелу
тәртібі
Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес белгiленедi.