6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiн Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актілері шеңберiнде жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең
құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы
негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi.
Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары
мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық
бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi.